2016 ж.

2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығынан Музей қорына заттарды тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары: ҚР қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының орынбасары  Г.К. Амрин, Қазахстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің саясат бөлімінің басшысы Нингчуан Джу, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Р.Е. Қайдаров және т.б.

Бұл шара тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Кинологиялық орталықтың 15 жылдығы қарсаңында өткізілді.

Бастама Кинологиялық орталықтың тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жетістіктерін айшықтау мақсатымен жасалып отыр.

Нашақорлықпен күресу әрқашан Елбасы мен ҚР Үкіметінің назарында. ҚР Президентінің жарлығымен 2000 жылы «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Аталған Жарлықты орындау мақсатында Үкіметтің 2001 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен ҚР Қаржы министрлігі Кедендік комитетінің «Кинологиялық орталық» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Кинологиялық орталықтың негізгі міндеті – республиканың кедендік және өзге де құқық қорғау органдары үшін есірткі заттарын, жарылғыш заттар, қару, валюта және дериваттарды іздестіру үшін кинологтарды және қызметтік иттерді дайындау болып табылады.

2013–2015 жж. қазақстандық кеден қызметінің кинолог қызметкерлері  ТМД елдері арасындағы жарыстарда үздік деп танылды. 

 

 


2016 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған жалпы білім беретін мекемелердің қоғамдық пәндер мұғалімдерінің арасындағы «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат» атты қалалық байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы.

    
 

 

2016 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған жалпы білім беретін мекемелердің қоғамдық пәндер мұғалімдерінің арасындағы «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат» атты қалалық байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы.

    
 

Республиканский научно-практический центр «Дарын» Министерства образования и науки РК 7-8 декабря 2016 г. в г. Алматы на базе санатория «Алатау» провел республиканский конкурс «Фестиваль инновационных педагогических идей».

По результатам региональных отборочных туров, где было представлено более 700 творческих работ, на фестиваль были приглашены 300 участников со всех регионов республики. Фестиваль ориентирован на активных и творческих педагогов, стремящихся обменяться успешным педагогическим опытом внутри профессионального сообщества и продемонстрировать результаты своего интеллектуального труда широкой общественности.

Казбекова Рауза Улановна, руководитель  Центра музейной педагогики Музея Первого Президента Республики Казахстан на секции «Система менеджмента в образовании» (директора, заместители директоров организаций образования, методисты региональных центров по работе с одаренными детьми, специалисты управлений образования) представила партнерский «Проект межшкольный межмузейный регаты» авторов: Каипова Б.М., заместитель директора МПП РК, кандидат исторических наук, Казбекова Р.У., руководитель Центра музейной педагогики МПП РК, Маканова Т.В. и Литвинова Л.Э., учителя истории «Комплекса «Детский сад-школа-гимназия».

Фестиваль был нацелен на развитие коммуникативной и иных видов компетенций, раскрытие творческих возможностей руководителей и педагогов для эффективной работы в мобильной образовательной среде, на совершенствование методик и технологий преподавания, обмен опытом, повышение статуса учительской профессии, поддержку кадрового потенциала современной школы, сохранение и укрепление единства культурно-образовательного пространства Казахстана. Дискуссии велись в основном вокруг темы о формах и методах повышения уровня образования, рейтинговой системы в Назарбаев интеллектуальных школах. Музейная тема была представлена на этом форуме впервые, но несмотря на это, вызвала живой интерес как у членов жюри (профессора университета им. С. Демиреля, Казахского государственного  женского педагогического университета, Казахский национальный педагогический университет им. Абая), так и конкурсантов и была признана инновационной.

 
 

2016 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Астана қ. Білім басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге орай «Қазақстан халқының бірлігі – еліміздің кілті «Мәңгілік елге» айналу» атты тарихи кешін өткізді. 

    
 

2016 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан – халықаралық аренада» атты педагогтардың шығармашылық шеберлігінің үздік музейлік сабаққа қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бұл Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағының бірлескен жобасы.

    
 

2016 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде суретшілер арасында өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланды. Байқау Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына арналады.

Байқау 7 ай бойы жалғасып, еліміздің кәсіби суретшілерінің 20 астам жұмыстарын жинады. Байқаудың шарты бойынша кескіндемеде Олимпизмнің идеологиясын айқындауға және қазақстандық спорттың 25 жылда жеткен жетістіктерін көрсету қажет болды.

Сарапшылар комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің  Бас хатшысы Данияр Абылғазин, Көркемдік сыншы Ардақ Юсупова, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі Сейсенхан Махамбетов және Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев кірген болатын.

 
 

 

2016 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Туған жерім» атты XII республикалық балалар шығармашылығы байқауының «Графика. Линогравюра» номинациясы бойынша қорытынды көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

Балалар шығармашылығына арналған «Туған жерім» республикалық байқауы жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар жобасының шеңберінде Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп өткізіліп келеді.


 

Алғаш рет «Туған жерім» республикалық балалар шығармашылығы байқауы 2004 жылы өткізілді. Қазіргі уақытта жоба бұрынғыдан кеңейіп, одан әрі маңызды бола түскен. Байқауға 10-16 жас аралығындағы көркемсурет мектептерінде және өнер мектебінің көркемсурет бөлімінде оқитын, ҚР Оқушылар Сарайының шығармашылық үйірмелерінде және бейнелеу өнері студияларында тәлім алатын балалар қатысады.

Жыл сайын байқаудың шарты бойынша орындалу техникасы ұйымдастыру комитетімен жеке келісіледі. Ағымдағы жылы байқаудың шартына сәйкес, «Графика и линогравюра» техникасында орындалған балалардың көркем шығармашылығы бағаланады. Графикалық жұмыстар өзінің ықшамдылығымен және айрықша сұлулығымен ерекшеленеді. Графикалық жұмыстар орындалуы жағынан алуан түрлі, себебі туындылар көмірмен, тушьпен, сангинамен, қарындашпен және т.б. жасалған. Суретшілерге көптеген бейнелеу мүмкіндіктерін беретін, линолеумеге ойып бедерленген баспа-таңба - линогравюра ерекше қызығушылық танытады.

Дәстүр бойынша әр аймақтардан келген байқау жеңімпаздарына арналған шеберлік-сыныптары ұйымдастырылады. «Туған жерім» XII республикалық балалар шығармашылығы байқауына Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ден аса жұмыстар келіп түсті.


 

2016 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік пен жасампаздық жылдары» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, Астана қ. оқу орындарының қоғамдық пәндер оқытушылары қатысты.

 

30 ноября 2016 года в Музее Первого Президента Республики Казахстан состоялся музейный урок «Тәуелсіздік түндігі – Астана», посвященный Дню Первого Президента Республики Казахстан.

       


2016 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Атамекен» экспозициясының жанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» музейлік сабағы өткізілді.  

    
 

25 қарашада М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты ІІ Жалпықалалық шығармашылық конкурсының қорытындысы өткізілді. Финалға 31 қатысушы өтті: конкурсқа алғаш рет елорданың колледж оқушылары мен музыка пәні мұғалімдері қатысты.

   
    
 

2016 жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының жалғасы болып табылатын «Тарихи таңдау. Стратегиялар» тақырыптық қор көрмесінің ашылуы өтті. Аталмыш көрме маңыздылығы жағынан мерейтойлық күндерді атап өтуге арналған Музейдің ең басты іс-шаралар топтамасы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралардың Республикалық жоспар-кестесіне енгізілген.

 Көрменің негізгі мақсаты – мұрағаттық және музейлік материалдар негізінде Тәуелсіздік идеясын және оның мемлекеттік егемендік жағдайындағы жүзеге асуын жүйелі түрде ашып көрсету.

 Экспозиция Қазақстанның жаңа астанасын жариялаған орын ретінде Астана тарихына енген Күмбезді залда орналасқан. Көрме келесідей негізгі бөлімдерден тұрады: «Тәуелсіздік жаршылары», «Тарихи таңдау», «Табыс стратегиясы» және «Болашақ энергиясы».

 Әр бөлім Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің негізгі кезеңдерін, оның қалыптасуы мен нығаюын, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктерін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің, ҚР Президенті Мұрағатының, Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының, Қызылорда тарихи-өлкетану музейінің, Солтүстік Қазақстан облыстық музейлер бірлестігінің кітапхана және мұрағат қорларынан алынған тарихи құжаттар, мұрағаттық фото- және бейнематериалдар, газеттік жарияланымдар мен жәдігерлер арқылы кезең-кезеңімен ашып көрсетеді. Осының барлығы соңғы өткен оқиғалар мен қазіргі Қазақстан туралы объективті пікірді қалыптастыруға, сондай-ақ тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құрудағы Н. Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

 «Тарихи таңдау. Стратегиялар» көрмесі Н. Ә. Назарбаевтың мазмұны жағынан әлемдік қауымдастықтар тарапынан мойындалған және бүкіл әлем үшін бүгінгі күні елеулі нәтижелер көрсеткен алғашқы саяси бастамаларымен танысуға мүмкіндік береді. 


 

2016 жылы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде бұған дейін келушілер үшін жабық болған залдары, сондай-ақ Музейдің тұрақты экспозициясының жаңартылған залдары бойынша баспасөз туры өтті. Бұл Музейдің  экспозиция залдарының тақырыптарын жаңарту және Астанадағы Музей орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш Резиденциясы ғимаратын музейлендіру бойынша жүргізілген үлкен жұмыстың бірінші кезеңінің нәтижесі  болып табылады.

Барлық келушілерге жабдықтары және интерьері  бастапқы түрінде толығымен қайтадан жаңғыртылған Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Шағын жұмыс кабинеті және 2-қабылдау бөлмесі алғаш рет ұсынылды.

Шағын жұмыс кабинетінде Президент бейнеконференция байланыс жүйесінің көмегімен селекторлық кеңестер өткізген, ол екі немесе бірнеше тараппен дыбыстық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін. Қабылдау бөлмесіне Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері қойылған және бұл жерде естелікке суретке түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Музей қызметкерлері Мәжіліс залы мен Күмбезді зал фойесіне жасалған реэкспозиция нәтижелерімен таныстырды. Бұл жұмысты күрделілігі мен көлемі жағынан сүбелі ғылыми зерттеу және көркем жобалау жұмыстарымен қатар салыстыруға болады.

Қазақстан Президенті 1997-2004 жж. аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерімен жұмыс кеңестерін өткізген Мәжіліс залында тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік даму стратегиясының негіздері әзірленді.  Залда орналасқан «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» экспозициясы қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын материалдарды жаңаша ұсынды.

Түрлі жастағы келушілер үшін барынша қолжетімді болған мұрағат және музей материалдарын креативті түрде ұсынумен қатар бірегей экспозиция фрагменттері де бар. «Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау» атты қайта жасалған экспозиция бөлігінде  келушілер үшін материалға «мейлінше терең бойлау» арқылы тарих қойнауына ену мүмкіндігі қарастырылған.

Әр жылдардағы ұлықтау рәсімдерінде тапсырылған түпнұсқа заттар халық сайлаған мемлекет басшысының қызметіне ресми кіріскен кездегі салтанатты сәттерді қайтадан көз алдыңа келтіреді. Бұл аймақ интерактивті мұрағат және музей  материалдарымен  ғана толып тұрған жоқ, сонымен қатар «селфи» жасауға немесе шынайы тарихи жағдайда ұжым болып суретке түсуге мүмкіндік береді.

Интерактивтік аймақта қағаз тасымалдағыштардағы мол құжаттар топтамасы және зал тақырыбы бойынша бейнемұрағат қойылған. Келушілер қолайлы ахуалда мемлекет Басшысының еліміздің мемлекеттік даму стратегиясы бойынша белгі соққан қолжазбаларымен және құжаттармен таныса отырып,  сондай-ақ Тәуелсіздік кинохроникасынан алынған бірегей кадрларды тамашалай алды.

Дәстүр бойынша Мемлекет басшысына тартылған сыйлықтар қойылатын Күмбезді зал фойесіндегі экспозиция түбегейлі жаңартылды.  Бай музей жиынтығы мен оны толықтырушы экспонаттар оны ғылыми-қор тұрғысынан зерттеу нәтижесінде орындалу техникасы мен материалы бойынша жүйеленген экспонаттарды ұсынуға мүмкіндік берді. Ағашқа, теріге, шыныға, хрустальға жаңашакөзқарас;  алтын және күмісті айрықша жалтырату;  сүйекке, нефритке оймышталған және жібек жіппен шебер кестеленген өрнектер - «Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары» экспозициясын тамашалауға келушілерді ерекше сезім мен түрлі әсерлерге бөлейтініне сенімдіміз.

Айтулы мерекелер: ҚР Тұңғыш Президентінің Күні және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіне келушілер Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының үлесі бар осынау өзгерістер ауқымын тағы бір қайтара бағалай алды.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қызметкерлері үстіміздегі жылдың 10-11 қазаны аралығында Алматы облысы Қарасай ауданына ғылыми-ағартушылық мақсатындағы іссапар барысында Қаскелең қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында ауқымды шаралар өткізді.

Іс-шараға Қаскелең қаласы Абай орта мектебінің 10-сынып оқушылары қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова екі мекеменің арасындағы серіктестік жоспарға сәйкес өтіп отырған шараның маңыздылығына тоқталды.

Одан әрі Музейдің Ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Л.Ә. Омарова «Елбасытану» курсының аясында ғылыми-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жинақталған фото және –бейнеқұжаттармен таныстырды.

Шараның практикалық бөлігінде Музей педагогикасы орталығының  жетекші ғылыми қызметкері Ә.Ә. Оспанова «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту» элективті курсының тақырыптық жоспарына сәйкес, оқушылардың бойында лидерлік қасиетті дамытуға бағытталған жаттығулар өткізді.

Курстардың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертифаттар табысталды.

Сонымен қатар Үшқоңыр  ауылындағы Үшқоңыр орта мектебінде болып,  «Президент әлемі» мұражайының жұмыс тәжірибесі жөнінде пікір алмасты.

Іссапар аясында Елбасының сыныптастары – Байбосынов Кеңесбай Бекдайырұлы, Серазитдинова Рая Ғарифқызы, Әмірова Күләш Сыбанқұлқызы, «Шапағат» мұражайының меңгерушісі Байқонысова Рымкеш Шайкенқызы, «Анаға құрмет» мұражайының меңгерушісі Естемесова Бақыт Әбдінасырқызы, Үшқоңыр орта мектебіндегі «Президент әлемі» мұражайының меңгерушісі Көсемова Ақлима Рахымбердіқызының қатысуымен «Елін жетістікке жетелейтін Елбасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың балалық шағы, достары, сыныптастарымен арақатынасы туралы ойларын ортаға салып, келелі сұхбат жүргізді.

Шара соңында Қаскелең қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі Қожанова Мария Мұсатайқызы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейімен  арадағы бірлескен шаралар туралы айта отырып, болашақта да екі мекеме арасында сенімді серіктестікке негізделген жобалардың жүзеге асырылатынына сенім білдірді.

 

2016 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде рухани тәжірибенің ерекше түрі - Икебана өнерінен Со-Катоку Икэнобо профессоры Мидори Ямада ханым шеберлік-сыныбын өткізді. Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстандағы Жапония Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған іс шара барысында, қатысушылар өздігінен гүлшоқтарын құрастырумен қатар, Мидори Ямада ханымның авторлық жұмыстарымен де танысуға мүмкіндік алды.

Мидори Ямада ханым Омотэ Сэнкэ мектебінің шай құю рәсімінің және жапондық Суми-э кескіндемесінің шебері, «Шығып келе жатқан Күн – Алтын және Күміс Сәуле» Орденінің Иегері, Ресейдегі Икэнобо филиалының алғашқы президенті және оның негізін салушы  болып табылады. Ямада ханым 25 жылдан бері Ресей, Түркіменстан, Татарстан, Украина, Молдова, Армения және Қазақстанның көптеген қалаларында шеберлік-сыныптармен курстар жүргізіп келеді.

Икебана -  жапонның өмір салтынан туған. Негізі ұлтпен қаланған өнердің бұл түрі, әдеміліктің сарқылмас қазынасы ретінде ғасырлар бойы өз-өзін табиғатты сезінуді үйренуге тәрбиелеген. Икебана өнерінің бұл түрі бүкіл әлем бойынша көптеген адамдардың жүрек түкіпіріне ерекше әсер бере отырып, оның бірегейлігі мен қайталанбастығы, нәзіктігі мен әсемдігі, өзгелердің алуан пішіні мен стильдерін ұғынуға мүмкіндік береді.

   

2016 жылдың 29 тамызында Білім күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде № 64 мектеп-лицейдің бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Ата Заңы Күніне және Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» мерекелік сабағы өтті.