2009 ж.
Тәуелсіздік күнінің қарсаңында 2009 жылдың 11 желтоқсанында 10-16 жас аралығындағы балалар арасында «Туған жерім – 2009» VI астаналық балалар сурет конкурсының қорытындысы бойынша дәстүрге айналып үлгерген жеңімпаздарды марапаттау салтанаты мен көрменің ашылу рәсімі өтті. Конкурсты ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім беру департаменті, «Құлыным» қоғамдық қоры және Балалар көркемөнер мектебі – ЮНЕСКО мектебі Конкурсқа республиканың 9 өңірінен, Астана және Алматы қалаларынан жергілікті жерлерде іріктеуден өткен жас суретшілердің 450-ден астам суреттері ұсынылды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің көрме галереясына әділ қазылар алқасының қатал сынынан өткен 70 жұмыс қойылды. Өнер әлеміне енді ғана қанат қаққан жас суретшілерді Музей директоры Алма Сағынғали, Астана қаласы ББ қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің жетекшісі Құралай Мұқышева құттықтады. Қонақтарды конкурс қорытындыларымен ҚР ТПМ директорының орынбасары Қайыпова Ботагөз, «Байта» шығармашылық бастаулар мен Қазақстан мәдени мұрасына қолдау көрсету қайырымдылық қорының Президенті Светлана Махат, РФ Новосібір қаласы Суретшілер одағының мүшесі Аманжол Мүсәлімов, ЮНЕСКО клубы Қазақстандық қауымдастығының вице-президенті Ханзада Есенова, Балалар көркемөнер мектебі – ЮНЕСКО мектебінің директоры Гүлзия Исенова таныстырды.
|
|
|
|
Жас таланттардың шығармашылық тұрғыдан қалыптасуына жыл сайын өткізілетін «Туған жерім» балалар сурет конкурсының тигізген әсеріне шынайы ризашылығын білдіріп қатысушылар атынан Астана қаласы Балалар көркемөнер мектебі – ЮНЕСКО мектебінің талантты тәрбиеленушісі, қылқаламның жас шеберлері арасындағы жарыстарға бірнеше мәрте қатысушы Щенявская Елена мен Астана қаласы №4 гимназияның 11-сынып оқушысы, мектеп оқушылары арасындағы республикалық ғылыми жобалардың жеңімпазы Қадірсізова Ақбота сөз сөйледі.
|
|
|
Ұйымдастырушылар Астана қаласы №2 балалар музыкалық мектебінің оқушыларының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама әзірледі. Қатысушылардың бірде-бірі назардан тыс қалған жоқ. Олардың әрқайсысы ықылас сертификатына, сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаздар қатарында еліміздің барлық қалаларынан қатысушылардың болуы «Туған жерім-2009» конкурсының ерекшелігі болып табылды. 10-12 жас аралығындағы балалар ішінен Гран-приді Павлодар қаласынан (№2 БКМ) келген Жанель Құсайынова, жоғарғы топта әділ қазылардың бірауыздан алынған шешімімен Виктория Туева (15 жаста, Көркемсурет лицейі – ЮНЕСКО клубы. Петропавловск қаласы) иеленді.
|
|
|
|
|
|
«Бала және мәдениет» жобасы мектепке дейінгі жастағы балалармен, жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен жұмыс жасайды. Бұл жоба Музей жанындағы бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер балалар студиясының тәрбиеленушілеріне арналған дәріс және тәжірибелік сабақтар арқылы педагогтік қызмет атқаратын басқа ұйымдармен бірігіп жасаған жоспарлы жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.
Жобаның бағыты:
– сәулет өнері, кескіндеме, мүсін өнері, сәндік-қолданбалы өнер;
– халықтық көркемдеу кәсібі;
– әлемнің көрнекті суретшілері;
– әлемдік көркем әдебиет;
– Қазақстан Республикасы мәдениетінің көрнекті қайраткерлері.
Дәрістер мен музейдің жоспарлы жұмыстарының тақырыптары
(Музей жанындағы бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер балалар студиясының тәрбиеленушілеріне арналған)
1.1. Ежелгі Қазақстан өнері.
1.2. Қазақстан өнерінің пайда болу бастауында.
1.3. Тарихи мәліметтер.
1.4. Халық өнерін меңгерудің тәсілдері.
1.5. Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері.
2.1. Әшекей (этнограф-суретші Ғ. Иляев шығармашылығының мысалында).
2.2. Қазақтың ұлттық киімі.
2.3. Ежелгі үй. Киіз үй – көшпелілердің тамаша үйі.
3.1. Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштер және культтік құрылыс.
3.2. Тарихи-археологиялық мәліметтер Тамғалы петроглифтері. Есік қорғаны.
3.3. Кесенелер мен мазарлар.
3.4. Құрылыс материалдарының жаңа түрлері.
3.5. Өткен жүзжылдықтағы ең жақсы техникалық және сәулет жетістіктері.
4.1. Орта ғасыр.
4.2. Андронов мәдениеті.
4.3. Көрші мемлекеттер. Мәдениет пен өнердің өзара әсері.
4.4. Қазақстан аумағында ортағасырлық кезеңде өнердің дамуы. .
4.5. Отырар.
|
|
|
II. Қазіргі заманғы Қазақстанның өнері. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның өнері.
5.1. Тарихи көш.
5.2. Көрші мемлекеттер.
5.3. Республиканың көркем өмірінің негізгі бағыттары.
5.4. Қазақстан суретшілері одағының ұйымдастыру комитетінің құрылуы. 6.1. Алғашқы қауымдық өнердің пластикалық бейнелері және көлемді бейнелер жасауға көшу.
6.2. Кеуде портреті. А. Пономарев, Б. Урманче шығармашылығы.
6.3. Жанрлық және монументтік-сәндік мүсін өнері.
6.4. Х. Наурызбаев шығармашылығы.
7.1. Кескіндеме. Тұрмыстық және тарихи жанрлар.
7.2. Әбілхан Қастеев.
7.3. Жанрлық кескіндеме. Ағайынды Х. және К. Қожықовтардың шығармашылығы, А. Исмаилов, К. Телжанов, М. Кенбаев, А. Ғалымбаева, М. Лизогуб, С.Айтбаев, Н. Хлудов, А. Сыдыханов шығармашылығы.
7.4. Тарихи кескіндеме. А. Леонтьев, А. Черкасский, К. Шаяхметов, Н. Нұрмұхамедов шығармашылығы.
8.1. Қазақстан кескіндемесінің портреттік жанры
8.2. Портреттік жанрдың дамуы. А. Ташбаев, С. Мамбеев, С. Айтбаев, Г. Исмаилова және т.б. шығармашылығы.
9.1. Қазақстан суретшілері шығармашылығының натюрморт жанры.
9.2. Натюрморттардың ұлттық колориті. А. Ғалымбаеваның шығармашылығы.
9.3. Суретшімен бірге мастер-класс (тәжірибелік сабақ – факультатив).
10.1. Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындағы пейзаж жанры.
10.2. Акварель кескіндемесінің шебері Ү.Әжиев.
10.3. Қазақстандық суретші-пейзажшылардың шығармашылығы (Ж.Шарденов, О.Таңсықбаев).
11.1. Графика өнері.
11.2. Қазақстанда кітап және станок баспасының дамуы.
11.3. Қазақстандық суретші-ою-бедерлеу шеберлері Антощенко-Оленев, Е.Сидоркин және А.Дячкиннің қосқан үлесі.
11.4. ХХІ ғасырдың бейнелеу өнері.
11.5. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі коллекциясындағы әлемдік діндердің ғибадат етуге арналған бұйымдары.
11.6. Қазақстан Републикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қарулар коллекциясындағы Құбашы қылыштары.
2009 жылдың 24 мен 27 ақпан аралығында Тұңғыш Президенті Музейінде орталық жүйке жүйесінің сал ауруымен ауыратын балаларға арналған «Қасиетті тастар» арт-терапиялық семинар өтті.
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі мұндай іс-шараларды өткізу тәжірибесі мейірбан дәстүрге айналды. Қазақстан Респубикасы Президентінің Әкімшілігі «Ақордаға» көшкеннен кейін, Музейде қозғалыс-тіреу жүйесі ауруына шалдыққан балаларға арналған арнайы пандустар орнатылды. «Ерекше балаларды» бейнелеу өнеріне, белсенді көркем шығармашылыққа тарту, Музей кеңістігінің ерекшеліктері мен арт-терапевтік тәсілдерді пайдалану әдістемелері балалардың бойындағы тұйықтық пен шектеулікті жеңуге, өзін-өзі бағалау мен әлеуметтік бейімделу қасиеттерінің жоғарлауына мүмкіндік туғызады.
|
|
|
|
|
|
|
|
Арт-тренинг «Астана қаласы-мүгедек балаларының бірлестігі» қоғамдық бірлестікпен бірге ұйымдастырылып өткізілді. Қатысушылар (4 пен 22 жас аралығында) 4 күн ішінде дарынды педагог, арт-терапевт, Қырғызстанның суретшілер Кеңесінің мүшесі, «АРТ-ИНТУИТ» жаңа әдістемесінің авторы Марина Громованың басшылығымен, қоршаған әлем бояуларының эстетикалық күшін таныды. Сабақ оларға өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде тануға және өздерінің қоғамда дені сау адамдармен тең екендіктерін сезінуге көмектесті. Балалар судың сиқырлы қасиетін сезіне отырып, түрлі сурет салу техникасын меңгерді. Суреттер арқылы балалардың таңғажайып әлемі, ішкі жан дүниесінен туындаған әр алуан сезімдері мен толғаныстары көрініс тапты. Бұл жұмыстар бір ай бойы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің көрме галерея залында көрсетіледі.
|
|
|
|
Семинардың тұсаукесер қорытындысына, ҚР аккредиттелген елшілердің жұбайлары құрған қайырымдылық қоры, МСҰ, Психологиялық-дәрігерлік-педагогтік кеңестерінің өкілдері және ата-аналар қатысты.
|
|
|
|
|
|
2009 жылдың 26 наурызында Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің аға сарапшысы С.К. Сағымбаев Астана қ. Балалар көркемөнер мектебінің, ҚР ТПМ жанындағы Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер студиясының оқушылары мен олардың ата-аналарына арнап «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қарулар коллекциясындағы Құбашы қылыштары» тақырыбында дәріс өткізді.
|
|
|
Өзінің дәрісінде ол ежелгі сыйлық алмасу дәстүрі туралы әңгімеледі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің экспозициясына қойылған Мемлекет басшысына тарту етілген сыйлықтар мемлекетаралық деңгейде сыйлық алмасу дәстүрін сипаттайды. Сыйлықтар географиясының ауқымы кең, ол халықтардың жақындасуына, қазіргі орнатылған сыртқы саяси байланыстарды дамыту мен нығайтуға септігін тигізетін мәдени үнқатысуды білдіреді. Белгілі қару-жарақ орталықтарының бірі - Солтүстік Кавказдағы Дағыстан тауларында орналасқан Кұбашы ауылы. Құбашы қару-жарақ шеберлеріне тоқтала отырып, С.Қ. Сағымбаев олардың металдан бұйымдар жасау шеберліктеріне басым мән берді. Музей сыйлықтары жинақтарында «Құбашы қылыштары» қарулар коллекциясы лайықты орынға ие. Олар тек әдеттегі, қарапайым қару-жарақ емес, сондай-ақ қымбат бағалы металдар мен тастарды пайдалана отырып жоғары көркемдік деңгейде орындалған эксклюзивті өнер бұйымы болып табылады. Мемлекет басшысына тарту етілген сыйлықтар Қазақстанның әлемнің көптеген елдерімен арадағы мемлекетаралық қатынастарды дамыту мен нығайту ісіндегі Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық еңбегінің танылуы мен оған берілген баға секілді. Дәріс барысында Музейдің мұрағат қорынан алынған экспонаттар мен фотоматериалдар кеңінен таныстырылды.
































