2013 ж.

       2013 жылдың 3 шілдесінде Астананың 15 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде елорданың ең кішкентай бүлдіршіндері үшін «Астана – арман қала» атты балалар мерекесі өткізілді.

        Мектепке дейінгі мекемелермен ынтымақтастықта жұмыс жасау дәстүрі Музей мен Астана қ. Білім басқармасы арасындағы қалыптасқан жігерлі әріптестігінің нәтижесі. Елорданы 15 жылдық мерейтойымен № 11 «Гауһар» бөбектер бақшасының тәрбиеленушілері театрландырылған көрініс арқылы құттықтады.
      Аталмыш іс-шаралардың негізгі идеясы – өзінің туған жері мен қаласының тарихына құрметпен қарауға, патриоттық сезімді тәрбиелеу болып табылады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Білім беру бағдарламасы балаларды көпмәдениеттілік контекстінде дамыту, мектепке дейінгі балаларды Қазақстан халқы салт-дәстүрлерінің сан алуандығымен таныстыру, олардың бойына түрлі мәдениетке құрметпен қарауды қалыптастыру мен төзімділікті тәрбиелеуге бағытталған.

         Іс-шараның қонақтары – Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, елордалық мектепке дейінгі мекемелердің жетекшілері, ата-аналар Астананың тарих беттері бойынша таңғажайып саяхат негізінде құрылған балалардың көріністерін ыстық ықыласпен тамашалады. Педагогтар балалардың театрландырылған көріністері арқылы ұрпақтар сабақтастығын көрсетуге тырысты. Балабақша тәрбиеленушілерінің орындаған хореографиялық композициялары қайталанбас әсер қалдырды. Балалар «Көпұлтты Қазақстан» тамаша би отшашуы арқылы өздерінің шеберліктерін паш етті. Қонақтар үшін халық аспаптар ансамблі тосынсый болды. Балалар көрермендерге ғажайып балалар әлемін, туған жердің сұлулығын, Қазақстан елордасы – Астана туралы жазылған өлеңдер арқылы жеткізді.

      Мереке балаларға сыйлық табыс етумен және Астана аспанына әуе шарларын ұшырумен аяқталды.


  2013 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде дамуында ерекшелігі бар балалар үшін арт-терапиялық сессиясы өткізілді.
      Ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы, «Астана қ. мүгедек балалар қоғамы» ҚБ, «Балам-ай» балаларды дамыту орталығы.

     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде аталмыш шараларды өткізу тәжірибесінің тамыры тереңде жатыр. Мақсаты «ерекше балалардың» психо-эмоционалдық тұрғыда сауығуына, ой-өрісінің кеңеюіне жәрдемдесу, мәдени құндылықтар әлеміне қатыстыру, дамуына көмектесу болып табылады. «Ерекше балалардың» Музейге келуіне барлық жағдай жасалған, пандус орналастырылған.
      Дәстүрге айналған іс-шара терапиялық және эстетикалық бағытта өткізілді. Музей қабырғасында серіктестік негізде өткізілген емдеу сессиясы ұйымдастырушылардың ойластыруы бойынша ерекше балаларды сауықтыру бойынша альтернативтік бағдарламаларын енгізуді жәрдемдесуге бағытталған. Қозғалту қызметін қуатты іске асыру балалардың өзін-өзі көрсету қажеттілігінен туындайды. Мұны жүзеге асыру үшін балалар шығармашылықты кеңінен қолданады.
      Ұйымдастырушылар танымдық-сауықтыру бағдарламасын дайындады. Қонақтар жас жеткіншектердің шығармашылығымен танысып, ұмытылмас қуанышқа бөленді. Балалар үшін мерекелік концерт дайындалды. № 1 балалар музыка мектебінің би тобы, скрипкашылар ансамблі, № 56 мектеп-лицейінің оқушысы Әлібекова Бекзат балаларға музыкалық сыйлықтарын ұсынды.

       Педагог-арттерапевтер шығармашылық көңіл-күй қалыптастыру үшін қолды жаттықтыратын ойындар мен психологиялық тренинг өткізді. Келесі кезеңде 7-ден 13 дейін және 15-тен 25-ке дейінгі жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп жұмыс жасалды. Арттерапевтер мен әлеуметтік педагогтардың басшылығымен балалар «Сиқырлы орман» (кіші топ) және «Менің ішкі жан дүнием» (үлкен топ) сюжетін өз қолдарымен салу үшін бояулармен, фломастерлермен, түрлі-түсті күрішпен жұмыс жасауға кірісті. Аяқталысымен әрбір топ өздерінің жұмыстарымен таныстырды. Қатысушылар арт-терапиялық сессия туралы пікірлерімен және сезімдерімен бөлісе отырып, өздерінің алған әсерлері жайында толыққанды әңгімелеп берді.

    Арт-терапиялық сессияның қатысушыларына «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Кішкентай әртістерге де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің тарапынан сыйлықтар дайындалды.


   2013 жылдың 26 наурызында Астана қ. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы педагогтары мен оқушыларының қатысуымен Ашық есік күндері өткізілді.

       Іс-шараның ашылуы баспасөз залында өткізілді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова аталмыш іс-шараның жыл сайын арнайы бағдарламаның аясында Музейде өткізілетіндігін атап өтті. Ашық есік күндерінің мақсаты отбасыны біртұтас оқу-тәрбиелеу кеңістігіне тарту болып табылады.
      Музей педагогикасы орталығының жетекшісі Р.Ұ. Қазбекова дәрістің кіріспе бөлімінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы туралы айтып берді. Дәріскер бағдарламаның іске асырылу кезеңдері, бағдарламаның табысқа жеткен жетістіктері мен даму болашағы туралы жан-жақты баяндап берді.
      Оқушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жоғары наградалары ұсынылған – музей коллекциясының мақтанышы болып саналатын Музейдің Күміс залындағы наградалармен танысты. «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» экскурсия-сабағының барысында Ақпараттық орталығының бас сарапшысы Г.К. Қасенова балаларды шет мемлекеттердің наградалық жүйесі, тарихы, сипаттамасы, статутымен таныстырды.
      «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі суық қарулар коллекциясы» тақырыптық экскурсиясының барысында Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау орталығының аға сарапшысы С.Қ. Сағымбаев құбашы қару-жарақтары туралы айта келе, олардың металдан жасалу ерекшелігіне тоқталып өтті. Құбашы қарулары жай ғана қару емес, бағалы металдар мен тастарды қолдана отырып жоғары көркем деңгейде дайындалған өнердің эксклюзивті және беделді заты болып табылады. Балалар жәдігерлерді қолмен ұстап көру мүмкіндігіне ие болды: бұл ежелгі римдік семсер-гладиус, офицерлік теңіз кездігі, кавалерлік қылыш.

      Ашық есік күндерінің қорытынды кезеңі «ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің коллекциясындағы әлемдік діндердің ғибадат заттары» атты тақырыптық экскурсиясымен аяқталды. Экспозицияларды және экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру орталығының жетекші сарапшысы А.С. Қарманова балаларды шет мемлекет басшылары, министрліктердің жетекшілері, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің қатысушыларынан Н. Ә. Назарбаевқа сыйға тартылған діни ғибадат заттарымен таныстырды.
      Ашық есік күндерінің барлық қатысушылары естелік сыйлықтарға ие болды. Ең белсенді қатысушыларға «Балалар энциклопедиясы» сериясынан кітаптар тарту етілді.