2011 ж.
2011 жылдың 22 қарашасында «Тарих және мәдениет» жобасы аясында № 36, № 55 орта мектептерінің оқушыларына арналған «Қазақстандағы ислам: тарихы және қазіргі кезеңі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріскер, Ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Қ.Ө. Майгелдинов қазақстандық қоғамда төзімділік, келісім, жасампаздық атмосферасы тарихи тұрғыда ұзақ уақыт қалыптасқанын және бірегей мәдени ортамен байланысты екендігін баяндап берді.
|
|
|
Қазақстандағы жетекші ислам ағымы – ханафиттік мазхабтың суннизмі үшін басқа діни ағымдарға және дәстүрлі көшпелі құқықтың қағидаларына төзімділікпен қарау тән. Мұндай қарым-қатынас қандай да бір догматизмді қажет етпейді.
Оқушылар сабақ барысында исламның негізгі бағыттары, ағымдары мен мектептері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар Қазақстанға ислам дінінің таралуы жайында мәліметтермен танысты.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың негізі либералдық заңнама, дінге еріктілік және плюрализм болып табылатын діни қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатының жүргізіліп жатқаны сөзсіз.
Дәріс барысында тыңдаушыларға Музей қорынан алынған фотоматериалдар және экспонаттар көрсетілді.
2011 жылдың 10 қарашасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне арнап «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» тақырыбында дәріс өткізілді.
Қазіргі таңдағы қоғамда діннің маңызы зор. Рухани даму мен өнегелік мәселелерін тікелей дінмен байланыстырады. Қазақстанда дінді тұту бостандығы заңды түрде бекітілгендіктен, бұл міндетті түрде сақталады. Бұл мәселенің екінші жағы күдікті діни ұйымдардың жастарға өз қызметтерін белсенді түрде насихаттауында.
|
|
|
Қазақстанда XX ғасырда қалыптасқан дәстүрлі емес діндер – жаңа діни ғибадат етушілік белең алған. Бұл діндер Шығыс пен Батыстың атақты әлемдік діндерінің дәстүрін танып-білуге талпынады және өздерін «өте шыншыл» дүниежүзілік діндер ретінде ұсынады.
Қазақстандық сарапшылар мен теологтарды республика бойынша жаңа буындағы діни-мистикалық және жұмбақ діни оқулары қызметінің көбейіп бара жатқандығы алаңдатады. Діни және мәдени ағарту саласын бүркемелеген секталар мемлекеттің зайырлы және мемлекеттік мекемелеріне, білім және мәдениет жүйелеріне белсенді түрде ене бастады.
Дәріскер, Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, саясаттану ғылымдарының кандидаты Е.А. Щелокова тыңдаушыларға дәстүрлі емес діни ағымдардың қызметінің әдістері мен ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді. Қазақстан жастарының арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың мәліметтерін айта келе, олардың дінге деген қарым-қатынастары туралы әңгімелеп берді.
Біздің мемлекетіміздің өмірінің діни саласында жат құбылыстардың пайда болуына байланысты және жаңа діни ағымдардың өрістеуіне орай аудитория тарапынан сабақ тақырыбына деген қызығушылық артты.
Дәріс барысында фото- және киноқұжаттар көрсетілді.
2011 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Астана қ. қоғамдық пәндер мұғалімдеріне арнап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы дамуы мен жетістіктері» тақырыбында шеберлік-сыныбы өткізілді.
|
|
|
|
Мәдениет ескерткіштері маңызды әлеуметтік қызмет атқарады, ғылымның, білімнің, мәдениеттің дамуына және патриоттық сезімнің, идеялық-өнегелік, эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына ықпал етеді. Қазақстан тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде халықтың отандық тарих пен мәдениет мұраларына көзқарасы айқын көрінеді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, Елбасының бастамасымен құрылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мәдени құндылықтардың маңызды мәселелері төңірегінде шоғырлануға ықпал етті, тарихты зерттеу арқылы мемлекетіміз әлемдік өркениетті асыл қазыналарымыздың жетістіктерімен таныстырды.
|
|
|
|
Шеберлік-сынып барысында Музей педагогикасы орталығының жетекшісі Р.Ұ. Қазбекова қатысушыларды еліміз егемендігін алғаннан кейін қалпына келтіру, пайдалану, насихаттау және тарихи-мәдени құндылықтарды қорғауға байланысты қабылданған заңнамалық актілермен егжей-тегжей таныстырды. Дәріскер «Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі мақсат-міндеті туралы айта келе, оның жүзеге асу кезеңдеріне толыққанды тоқталып өтті. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қол жеткізген табыстары мен даму болашағы туралы әңгімелеп берді.
Шеберлік-сыныптың екінші бөлімі қатысушылардың «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында алған жаңа және жүйеленген білімдерін ғылыми-педагогикалық, оқу-тәрбиелік процесте қолдану үшін технологиялар мен тәсілдерді таңдауға тәжірибелік тұрғыда көмек көрсету болды. Топ өкілдері фасилитаторлардың жетекшілігімен келесі тақырыптардың аясында әртүрлі жанр мен педагогикалық технологиялар бойынша жұмыс түрін дайындады:
1. «Күлтегіннің қайтып оралуы» (Л.Э. Литвинова, «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия кешені»);
2. «әл-Фараби жолымен» (Г.Ш. Әлиева, С. Мәуленов атындағы № 37 орта мектебі);
3. «Қазақстанның 7 кереметі» альбомы (Т.В. Маканова, Т. Айбергенов атындағы № 16 орта мектебі);
4. Қазақстанның мәдениет тарихы бойынша ҰБТ-ға дайындауда оқыту технологиялары мен тәсілдері (И.А. Тен, № 1 мектеп-лицейі).
Жұмыс аяқталған соң ұсыныстар қабылданды. Қатысушылар «Мәдени мұра» бағдарламасының ғылым мен жалпыұлттық сана-сезімге тиімділігінің айқын екендігін айтты. Егер алғашқы кезең іздену болса, соңғы кезең мұраны жинақтау болды. Қатысушылар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы тақырыбындағы шеберлік-сыныбында алған интеллектуалдық және материалдық әлеуеттерін оқу және оқудан тыс қызметтерде білімнің барлық деңгейлерінде жан-жақты әрі толыққанды қолданады және тәрбиеленушілерінің игілігі үшін барлығын жасайды деген ойдамыз.
2011 жылдың 12 қазанында № 56 мектеп-лицейінің 6-7 сынып оқушыларына арнап «Нақыл сөздер және олардың тұлғаны қалыптастырудағы маңызы» тақырыбында дәріс өткізілді
|
|
|
|
Логикалық қисынға құрылған терең ойды білдіретін нақыл сөздер өмір тәжірибесінің негізінде қалыптасқан. Мағынасы терең әрі қысқа қайырылған сөздер жақсылық пен жауыздық, адамдық пен арамдық, еңбеккерлік пен еріншектік, жомарттық пен сараңдық, саналылық пен надандық секілді қасиеттерді мадақтайды әрі келемеждейді.
Дәріс барысында Музей педагогикасы орталығының ғылыми қызметкері Б.Б. Будикова ұғымның теориялық негізін жан-жақты баяндап берді. Дәріскер диалог бөлімінде ойын технологиясын қолдана отырып, оқушылардың қаншалықты аңыздар мен мақал-мәтелдерді білетіндіктерін анықтау мақсатымен кішігірім байқау өткізді.
Сабақтың негізгі бөлімінде Мемлекет басшысының «Туған жерім – тұғырым», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар» және басқа да төл туындыларына толыққанды талдау жасалды.
Дәріскер сабақты қорытындылай келе, нақыл сөздердің адамның бойындағы тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуында атқаратын рөлі мен тәуелсіз Қазақстан патриоттарының қалыптасуында алатын орны туралы ерекше атап өтті.
2011 жылдың 4 қазанында Астаналық гуманитарлық құрылыс колледжі студенттері және «АСУ» гуманитарлық-техникалық колледжі студенттеріне арнап «Қазақ элитасы» тақырыбында дәріс өткізілді.
|
|
|
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щёлокованың дәрісі XIX ғ. және XX ғ. басында ресей армиясының қатарында қызмет атқарған қазақ әскери элитасының өкілдері туралы өрбіді.
Қазақ көшпелі халқының Ресеймен арадағы қарым-қатынасының тарихы тереңде жатыр. Жаңа жерлердің Ресей империясының құрамына енуіне қарай дала билігі арнайы императорлық жарлықтармен декларацияланған құқыққа ие бола отырып, көпұлтты мемлекеттің ақсүйектік басқару құрамына енді.
Дәріскер XIX ғ. және XX ғ. басында қазақ офицерлері мен генералдарының азаматтық және әскери қызметте жүріп, ведомство қарамағындағы территорияларды (округ, бөлім, дистанция, болыс) басқарғаны және әскери іс-қимыл жағдайында тұрақты әскерлермен бірге Ресейдің еуропалық соғыстарына белсенді қатысқаны туралы әңгімелеп берді. Патша билігі Ресей империясына адал қызмет етуге дайын жергілікті салт-дәстүрін білетін адамдарды әскери-бюрократиялық пирамиданың түрлі орындарында орналастырды. Мұндай саясат ұлттық әскери элитаның қалыптасуына ықпал етті. Қазақстан территориясында нығаюға бет алған патша билігі жергілікті халықтың шенеуніктерге сенімін арттыру үшін қазақтардың қатарынан шенеуніктер аппаратын қалыптастыруға қызығушылығын білдірді. Жергілікті шенеуніктің ана тілін, салтын, дәстүрін білуі биліктің оңтайлы саяси стратегиясын жүргізуге мүмкіндігі туды.
Қазақ қоғамының әлеуметтік стратификациясындағы өзгерістер жаңа әлеуметтік топтың – зиялы қауымның бірігуіне ықпал етті. Олар XIX ғ. Ұлы даладағы Ағарту идеясының жолсерігі ғана емес, XX ғ. басында мерзімдік басылымдардың, саяси партиялардың қалыптасуының бастамашысы болды.
Е.А. Щелокова Ресейдің қарулы күштеріндегі алғашқы қазақ офицерлері мен генералитетінің өкілдері болған Кіші жүз ханы Әбілхайыр ұрпақтары туралы баяндап берді. Дәріс барысында тыңдаушылар олардың өмірбаянына қатысты қызықты деректермен танысуға мүмкіндік алды.
2011 жылдың 13 қыркүйегінде «Тарих және мәдениет» жобасы аясында № 6 мектеп-гимназия мен № 14 мектеп-гимназия оқушыларына арнап «Қазақстандағы ислам: тарихы және кезеңдері» тақырыбында дәріс өткізілді.
|
|
|
Ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Қ. Ө. Майгелдинов исламның қалыптасу тарихы мен негізгі ұғымдары туралы айта келе, исламның Қазақстанға енуі мен таралу факторларына тоқталды. Сонымен қатар қазіргі Қазақстандағы мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастың негізгі аспектілері туралы да баяндап берді.
Мемлекетімізде әртүрлі мәдениет пен өркениеттің бай, тарихи құнды бейбіт өмір сүру тәжірибесі қалыптасқан. Мұның өзі еліміздегі халықтың бір-біріне оң көзқарас қалыптастыруына, этникааралық және конфессияаралық келісім мен өзарақұрметтіліктің негізінде төзімділіктің қалыптасуына ықпал етеді.
Сабақ диалог түрінде өтті. Аталмыш тақырыпқа оқушылар өз қызығушылықтарын білдірді.
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында (26.01.11,15.02.11, 31.03.11, 06.04.11) Тұран-Астана Университеті, ЕАГИ және ҚазГЗУ студенттері және №4 мектеп-гимназиясы мен №38 мектеп-лицейінің оқушылары үшін Музейдің лекторий кестесіне сәйкес «Алаш қозғалысы және ХХ ғасыр басындағы ұлттық идея» атты дәріс өткізілді.
|
|
|
Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғыфлымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов қазақ халқының ғасырлар бойы еркіндік аңсаған рухы ХХ ғасыр тарихындағы түбірлі өзгерістердің қалтарысында қалып қоймағандығын көрсетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында «Біріншіден, жиырмасыншы ғасырдың бас кезіне дейін небер қыспақ пен құбылтуларға қарамастан, дәстүрлі өмір салттың «тұмшаланған» халде болуы аса тегеурінді әтномәдени сананың сақталуына себепші болды. Бейнелеп айтқанда, біз өзіміздің тарихи түпкі біртектестігімізді былайғы жұрттар сияқты шашып-төккеніміз жоқ» деп жазады.
|
|
|
Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пайда болуымен тұңғыш ұлттық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды. Демкратиялы, федеративті Ресей мемлекетінің аясындағы автономия түріндегі қазақ халқы үшін өзін-өзі анықтау идеясы Алаш ұстанымының шынайылығын және қазақ қоғамын модернизациялауға ұмтылуын бейнеледі. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды көрнекті талант иелері және халыққа қызмет етудің жарқын өкілдері ашаршылық пен соғыстан ұлттың өзін-өзі сақтап қалуына көмектесті. ХХ ғасырдың басында ұсынылған ұлттық-мемлекеттік өзін-өзі анықтау идеясы тәуелсіз, құқықтық Қазақстан Республикасы мемлекетін құрумен іске асты.
Дәріскер бұл идеяның өзектілігін бүгінгі күнгі егемен қазақ мемлекеті кезеңінде де жоймағандығын ашып берді. Мысалы, Алаш идеясының сабқатастығын халықтың мәдени-рухани мұрасын жаңғыртуда, қазақ идеясы, миссиясы туралы пікірталас барысында ұлттық интеллигенция жүзеге асырған қызметтен көруге болады. Қазақстанның жалпы ұлттық идеясының жаңа мазмұнын ел Президенті елдің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігі идеясы ретінде айтты. Бұл идеяны елдің барлық азаматтары үшін ортақ кіріктірілген идея ретінде еуразиялық контексте қарау қисынды. Қазіргі заманғы ірі еуразияшылдардың ішіндегісі – мемлекет Басшысы Н. Назарбаев. Бүгінгі күні Еуразия идеясына Қазақстанның өмір сүру идеясының негізін құраушы және жалпы өркениеттік бағытты әрі қарай дамтушы рөлі беріледі.
Қорыта келгенде, профессор қазақ этносына мемлекет негізін құраушы ретінде қазіргі заманғы Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен жауапкершілік артылатын атап өтті.
2011 жылдың 20 сәуірінде Еуразиялық гуманитарлық студенттеріне арнап «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» тақырыбында дәріс өткізілді.
Музейдің бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щелокова террористік және экстремистік мәселелер дүниежүзі бойынша өзекті болып табылатындығын айтты. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан аумағындағы діни экстремизм қауіпіне болжалдық мәнде қарауға болмайтындығын айта келе, бұл қатердің негізі экстремистік қауіп элементтері кең етек алған Еуразияға көршілес аймақтардан өрбитінін баса айтқан болатын.
|
|
|
Дәріскер білім бағдарламасы тыңдаушыларын Қазақстан территориясында теріс діни бағытта жұмыс жасап жүрген жұмбақ дін қолдаушылары жайлы баяндап берді. Сарапшылардың мәліметтері бойынша олардың ықпалына түскен адамдардың саны 40 мыңға жуық. Арнайы діни ұйымдарда өздерінің санасына бақылау жасау технологиясы туралы материалдар студенттердің қызығушылықтарын тудырды.
Дәріс тақырыбының өзектілігін тыңдаушылар тарапынан қойылған көптеген сауалдардан байқауға болады.
Дәріс барысында фото- және киноқұжаттар көрсетілді.
2011 жылдың 15 сәуірінде № 48 ОМ пен № 3 МГ 5 сынып оқушыларына арнап «Нақыл сөздер және олардың тұлғаны қалыптастырудағы маңызы» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскер, Р.С. Қабдоллаева нақыл сөздердің және олардың тұлға бойындағы құндылықтардың қалыптасуы мен дамуындағы алатын орны жайында егжей-тегжей баяндап берді. Мағынасы терең әрі қысқа сөз тұлға бойындағы бірегей қасиеттердің бірі екендігі сөзсіз. Дәріскер оқушыларға Мемлекет басшысының «Өзекжарды ойлар», «Ой бөлістім халкыммен», «Қазақстан жолы» еңбектеріндегі қанатты сөздер туралы әңгімелеп берді.
|
|
|
«Афоризм» сөзінің ежелгі тарихы бар, грек тілінен аударғанда «нақыл сөзбен жеткізу» деген мағынаны білдіреді. Ерте заманнан бастап, адамзат баласы қысқаша фразаларды қолдана отырып, ойын қысқа әрі сауатты түрде жеткізуге тырысқан. Ежелгі тарихы бар қанатты сөздер әлем халықтарының ауызша сөз сөйлеуі мен әдебиетте де қолданылатын аясы кең тіркестердің қатарына жатады. Афоризмдер танымдық және тәрбиелік мәні зор: мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, тұрақты тіркестер болып әр түрде қолданылады.
2011 жылдың 30 наурызында «Діндегі әйел бейнесі» дәрісі Астана қаласының Экономика және қаржы колледжі мен Көлік және коммуникация колледжінің оқушыларына өтті.
Дәріскер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің бас ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Е. Щёлокова діни догматиканың негізгі жорамалдарынан және қоғамдық дамудан қоғамдағы әйелдердің орны мен тарихи рөлін қарастырды.
|
|
|
Тарих бойына әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттерде әйелдер ерекше орын алған. Ертеден бастап әйел бейнесі үй ошағын сақтаушыдан барлық әлеуметтік қатынастар жүйесін өзгертетін озық қайраткерге дейін өзгерді.
Дәріскер демократияның дамуының басты жетістіктері біздің елде әйелдер әлеуметтік, қатынастардың мәдени-саяси саласына тартылған және қатыса алатынын баса айтты. Бүгінде әйел қоғамдық өмірде ерекше рөл атқарады, бұған Қазақстанда жүргізіліп отырған гендерлік саясат мүмкіндік туғызуда. Бұған дәлел консультативті-кеңесті орган ретіндегі «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы және гендерлік саясат ісі бойынша ұлттық комиссия» құрылуы туралы Жарлық пен «Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдардағы гендерлік теңдік стратегиясының» әзірленуі болып табылады.
2011 жылдың 10 наурызында № 31 мектеп-гимназия және № 53 мектеп-лицей оқушыларына «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» дәрісі өткізілді.
|
|
|
Ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щелокова өз дәрісінде қоғамдық өмірдегі діннің рөлі туралы баяндады, дәстүрлі емес діни бағыттардың тууы мен дамуына және бірігуіне тоқталып, олардың қызметтерінің ерекшеліктері мен әдістерін ашты.
Діннің мемлекетпен әрекеттесуі сұрақтары және әртүрлі тектегі діни секталарға жастардың елігуі мемлекеттік маңызды мәселелер болып табылады. Аудитория оқушыларына дәріс тақырыбы жайдан-жай үлкен қызығушылық тудырған жоқ. Білім беру бағдарламасына қатысушылар аталған мәселені белсенді талдады. Дәріскер көрсеткен Қазақстан жастарының дінге қатынасы туралы әлеуметтік сауалдардың нәтижесі тыңдаушылардың ерекше назарын аудартты, онда респонденттердің көпшілігі ислам және христиандық сияқты дәстүрлі діндерді жақтайтындықтарын айтқан.
Дәріс барысында фото- және киноқұжаттар көрсетілді.
2011 жылдың 17 ақпанында Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінде мұғалімдер үшін «Дінтану негіздері» жетекші курсының «Н.Ә.Назарбаев – ұлтаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық моделінің негізін қалаушы» шеберлік-сыныбы өтті.
|
|
|
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатының басым бағыттарының бірі, қоғамдағы тұрақтылықпен қамтамасыз ету, ұлтаралық және конфессияаралық келісім оның талассыз маңызды бөлшегі болып табылады.
Шеберлік-сыныбында бүгінгі күні Қазақстанның жедел жаңғырту үдерісінің және барынша бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруінің тірегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің әсерлілік, тиімділік және бірегейлігі екендігі баса айтылды. Республикадағы ұлттар мен конфессияаралық көптүрлілікке қарамастан Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған таразылы саясаттың арқасында азаматтық бейбітшілік пен тыныштық сақталуда.
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері дәстүрлі емес бағыттағы топтар мен жаңа діни ұйымдардың пайда болуы және даму үдерісі байқалады.
Музейдің бас ғылыми қызметкері, п. ғ. к. Е. Щелокова қазіргі Қазақстандағы қоғам мен діндердің өзара әрекеті мәселелерін ашады, әсіресе өскелең ұрпаққа, әлеуметтік, азаматтық, жастардың діни-адамгершілік дамуына діни жағдайлардың әсерін талдауға ерекше назар аударады.
Аудиторияның қызығушылығы, қатысқан мұғалім-практиктердің шеберлік-сыныптың ақпараттық, әдістемелік аспектілер ретінде көрсетілген фильмді белсенді талдауы тақырыптың өзектілігін көрсетті. Педагогтар шеберлік-сыныбында көрсетілген материалдарды ұйымдастырушыларға ерекше алғыстарын білдірді.


































