"Қазақстанның тарихы мен мәдениеті" жобасы
2017 жылы 3 мамырда № 28 орта мектеп оқушыларына Қауіпсіздік Кеңесі залында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы бойынша «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебесі және қару-жарағы» тақырыбында музейлік экскурсия сабағы өткізілді.
Резиденция кезінде бұл залда Жоғарғы Бас Қолбасшының төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары өткізілген. Қазіргі уақытта бұл жерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа мемлекет, үкімет басшылары мен қоғам өкілдері тарту еткен бірегей қарулар коллекциясы орналасқан.
Сабақ барысында ғылыми қызметкер С.Қ. Жақыпова оқушыларға суық және ату қаруының үлгілерін көрсетті, ер балаларды әскери өнерге баулу дәстүрі туралы баяндап, қазақ халқының дәстүрлі қару-жарағының этнографиясымен таныстырды. «Сандықтағы құпия: батырдың әскери қару-жарағы» ойыны балалардың ерекше қызығушылығын туғызды. Дәріскердің көмегімен оқушылар батырдың сауыт-сайманын киіп көріп, суық қарудың күші мен мәнін сезінуге мүмкіндік алды.
Тыңдаушылар назарына сабақ барысында музейлік экспонаттар, фото- және киноқұжаттар ұсынылды.
2017 жылғы 1 наурызда «Күншуақ» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін «Музей және балалар» (кішкентайларға арналған жолсілтеу әліппесі) ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Моя родословная – частица родословной нашей страны. Буква «Р» көшпелі музей сабағы болып өтті.
Сабақ балабақшада болды. Балалар «Р» әрпімен танысты және «родословная» (шежіре) ұғымы туралы білді. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың генеалогиялық шежіресі мысалында Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері С.Қ. Жақыпова балаларға Президентіміздің жеті атасы, шежіресі және Қарасай батырдың ерлігі туралы айтып берді.
Музей сабағының барысында ойын элементтері, топтық жұмыс әдістері қолданылды. Балалар «Р» әрпімен таныса келе, олар үшін «отбасы» ұғымының мағынасы қандай екенімен бөлісті.
«Моя родословная – частица родословной нашей страны» музей сабағынан естелік ретінде әр балаға «Біздің Президент» кітабы сыйға тартылды.



