2012 ж.

  2012 жылдың 14 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институтының студенттеріне «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар: қызмет әдісі мен ерекшелігі» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щёлокова тыңдаушыларды дәстүрлі емес діни ұйымдармен және олардың ағымдарымен таныстырды.
      Дәріс барысында қатысушыларға фото- және киноқұжаттар көрсетілді.


          2012 жылдың 20 қарашасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Қазақ элитасы» тақырыбында дәріс өткізілді.

     Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щёлокова XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы ресейлік армия қатарында қызмет атқарған қазақ әскери элитасының өкілдері туралы баяндап берді.


      2012 жылдың 19 қазанында «Қаржы академиясы» АҚ студенттеріне «Алаш қозғалысы және XX ғасыр басындағы ұлттық идея» тақырыбында дәріс өткізілді.

       Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов ұлттық өзіндік таным идеяларының пайда болуы мен олардың қазақ интеллигенциясы өкілдерінің еңбектерінде одан әрі дамыту мәселелеріне тоқталды.


      2012 жылдың 3, 26 қазанында «Тұран – Астана» және «Қаржы академиясы» АҚ университеті студенттеріне «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар: қызмет әдісі мен ерекшелігі» тақырыбында дәріс өткізілді.

     Дәріскер, Музейдің бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щелокова дәстүрлі емес діни ұйымдардың ағымдары, олардың қызмет әдіснамасы мен ерекшелігі туралы мәселелерді толыққанды баяндап берді.
      Дәріс барысында фото және киноқұжаттар көрсетілді.


       2012 жылдың 28 қыркүйегінде «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» оқушыларына «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар: қызмет әдісі мен ерекшелігі» тақырыбында көшпелі дәріс өткізілді.

      Дәріскер, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі Ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щёлокова қоғам өміріндегі діннің рөлін айта келе, дәстүрлі емес діни бағыттар мен ұйымдардың пайда болуы мен дамуын әңгімелеп берді, олардың қызметінің әдісі мен ерекшелігіне тоқталды.
      Дәріс барысында фото және киноқұжаттар көрсетілді.


     2012 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Қауіпсіздік Кеңесі залында Ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері М.Ә. Шүлембаев № 17 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қорындағы қару-жарақтар коллекциясы» тақырыбында экскурсия-сабағын өткізді.

       Музей қорында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа сыйға тартылған қару-жарақтар коллекциясы сақталған. Бұл сыйлықтар Мемлекет басшысының лидер ретінде мойындау және Президент тұлғасына зор құрмет білдіру ретіндегі сыйластық белгісі болып табылады.
      Тыңдаушылар мұражай экспонаттарын жақыннан ұстап көру мүмкіндігіне ие болды. Музей құндылықтарымен танысудың тактильді әдісі музей маманының ақпаратын толықтырып, қылыштан жасалатын қару-жарақтар коллекциясына жаңаша қарауға мүмкіндік берді.


        2012 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Астана қ. қоғамдық пәндер мұғалімдеріне «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: жетістіктері мен даму болашағы» тақырыбында шеберлік-сыныбы өткізілді.

     Шеберлік-сынып барысында «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асу қорытындысы туралы ақпараттар, тарихи мұраны қалпына келтіруге арналған әдістемелік ұсыныстар берілді.


      2012 жылдың 21 қыркүйегінде «Тұран – Астана» университетінің студенттеріне «Қазақстандағы ислам» тақырыбында дәріс өткізілді.

       Дәріскер, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі Ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, с.ғ.к. Е.А. Щёлокова Қазақстандағы исламның тарихи-саяси жағдайларында таралуын айта келе, қазіргі таңдағы мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастың негізгі аспектілерін баяндап берді.


   2012 жылдың 19 қыркүйегінде № 7 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Нақыл сөздер және олардың тұлғаны қалыптастырудағы маңызы» тақырыбында дәріс өткізілді.

        Дәріскер, Музей педагогикасы орталығының ғылыми қызметкері Б.Б. Будикова нақыл сөздердің адамның бойындағы тұлғалық қасиеттерінің дамуы мен құндылықтарының қалыптасуына ықпал ететін рөлін айтып берді. Музей педагогы Елбасының «Туған жерім – тұғырым», «Ой бөлістім халқыммен», «Өзекжарды ойлар» атты еңбектеріндегі қанатты сөздерге тоқталды.
      Дәріс барысында ойын технологиясын қолдана отырып, дәріскер мақал-мәтелдер мен аңыздарды білетін оқушылар арасында ойлан-тап ойынын өткізді.


    2012 жылдың 10 сәуірінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Діндегі әйел бейнесі» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріскер, Ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щелокова әлемдік діндердегі әйел бейнесін қарастырды.

      Дәріскер қоғамдық өндіріс саласында әйелдер санының артқандығынан олардың әлеуметтік статусын қайта қарау қажеттілігінің айқын екендігі туралы айтып берді. Қазіргі заманғы әйел және діни дүниетаным мәселесін талдай келе, аталмыш заңды үрдістерді қарқынды әрі ауыртпашылықсыз жүзеге асыру қоғамның материалдық дамуынан ғана емес, идеологиялық тәртіптің факторларына да байланысты екендігін айтты.
      Сонымен қатар, дәріскер мемлекеттегі демократия дамуының негізгі жетістіктері әйелдердің әлеуметтік, мәдени және саяси салалардың қарым-қатынастарына жан-жақты тартылуы әрі қатысуы болып табылатындығын баяндады. Қазақстандағы жүргізіліп отырған гендерлік саясат осыған мүмкіндік береді.


      2012 жылдың 19 наурызында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар: қызмет әдісі мен ерекшелігі» тақырыбында дәріс өткізілді.

    Тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстанда дәстүрлі емес бағыттағы жаңа діни ұйымдардың пайда болуы мен даму үдерісі байқалуда, ал жастардың шетелден келген жаңа діни ағымдар мен қозғалыстарға қызығушылығы артып келеді. Жастарда тұрақты құндылық жүйесі бекітілмегендіктен, деструктивтік, тоталитарлық секталардың ықпалына жиі түседі.
      Музейдің бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щелокова дәріс барысында дәстүрлі емес діни ұйымдар туралы айтып келе, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және ата-аналардың назарынан тыс философиялық қоғам мен коммерциялық ұйым ретінде өздерін танытатын бірқатар секталар қызметі туралы әңгімелеп берді.
      Дәріскер тыңдаушыларға мемлекет жастарының діни бағдарлары мен кейбір теріс діни ұйымдар туралы ақпарат берді.
      Дәріс барысында фото- және киноматериалдар көрсетілді.


    2012 жылдың 15 наурызында Музейдің Ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері М.Ә. Шүлембаев Қауіпсіздік Кеңесі залында № 53 мектеп-лицейі мен № 55 орта мектеп оқушыларына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі қорындағы қару-жарақтар коллекциясы» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізді.

  Адамзат тарихындағы суық қару – қару түрлерінің көне түрі болып табылған. Семсер, қылыш немесе қанжар адамның мәртебесін және қоғамдағы орнын көрсеткен. Қаруы бар адам еркін адам болып саналған. Адамның ауқаттылығына қарай, оның мәртебесі де жоғары болып, қаруы да құнды саналған. Қару асыл тастармен, алтын және күміспен бедерленетін.
      Қару беру дипломатиялық этикет болғандықтан, бұл қазіргі күнге дейін сақталған дәстүр.
      Қаруды сыйға тарту алушының қайраттылығын және лидерлік қасиеттерін көрсетеді. Сондықтан да қару-жарақ әрдайым мемлекеттің бірінші басшыларына беріледі.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорында Президентке сыйға тартылған қару-жарақтардың ірі коллекциясы жинақталған. Бұл сыйлықтар Мемлекет басшысының қазақстан халқының лидері және Президент тұлғасына зор құрмет білдіру ретіндегі сыйластық белгісі болып табылады.
      Тыңдаушылар музей экспонаттарын жақыннан қарауға мүмкіндік алып, бұл балаларға зор қуаныш сыйлады. Музей құндылықтарымен танысудың тактильді әдісі, музей маманының ақпаратын толықтырып, қылыштан жасалатын қару-жарақтар коллекциясына жаңаша қарауға мүмкіндік берді.


     2012 жылдың 13 наурызында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Қазақстандағы ислам: өткені, бүгіні және келешегі» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріскер – Музейдің бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щелокова республикадағы исламның тарихи-саяси жағдайларында таралуы мен қазіргі Қазақстандағы исламның дамуы туралы айтып берді.

    Дәріскер Қазақстанға исламның енуі мен таралуының бірқатар тарихи жағдайлары мен қарама-қайшы беталыстың бар екендігін айта келе, исламның тұрақтылығы мен өміршеңдігіне және саяси рөл атқармағандығына тоқталды.
      Қазақстандағы дәстүрлі ислам – интеракционизм нәтижесінде қалыптасқан ислам құндылықтары мен түркі халқының этномәдени, этноконфессионалдық ерекшеліктерін және діннің жергілікті этномәдени салт-дәстүрге бейімделуін көрсететін мұсылман дінінің аймақтық түрі.
      Бүгінде Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституцияға сәйкес еркін дінге сенушілік заңды түрде белгіленген, діни бірлестіктер мемлекеттен бөлек зайырлы мемлекет болып табылады. Мемлекеттің басты ұстанымдары конфессияаралық қарым-қатынастар саласында, барлық конфессияларға тең құқықты қамтамасыз ететін заңнама, қандай да бір конфессияға мемлекет тарапынан протекционизмнің болмауы секілді бірізді саясат болып табылады.
      Мұндай маңызы зор факторлар Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен бейбітшілікке мүмкіндік береді.


      2012 жылдың 21 ақпанында Астана қ. жалпы білім беретін мекемелеріндегі дінтану курсын жүргізетін мұғалімдерге «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» тақырыбында шеберлік-сыныбы өткізілді.
      Дін қоғамдық өмірдің маңызды факторы болып табылады. Қазіргі әлемде болып жатқан оқиғаларда діни себеп жиі кездеседі. Қоғамға едәуір қауіпті секталар тигізеді.
      Қазақстан Республикасы – этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастарында төзімділік деңгейінің жоғары дәрежесімен сипатталатын мемлекеттер қатарына жатады. Мемлекетімізде қоғамды біріктіруге бағытталған бұл сала бойынша едәуір жұмыс атқарылды. Этникалық, конфессионалдық көзқарастарды ескеретін мемлекеттің қоғамды қалыптастыру курсы олардың тілектеріне әрдайым назар аударуды талап етеді. Біздің мемлекетімізді мекендейтін халықтардың салт-дәстүрінің маңызды бөлігі этностардың діни түсініктерімен тығыз ұштасып жатады.

    Дәріскер – Музейдің бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты Е.А. Щелокова тыңдаушыларға Қазақстан территориясында деструктивтік қызмет түрін жүргізетін теріс-жұмбақ ағымдарды жақтаушылар туралы және жеке діни ұйымдарда сана адептін бақылау техникасы туралы ақпарат берді.
      Е.А. Щелокова қоғам өміріндегі діннің рөлін айта келе, дәстүрлі емес діни бағыттар мен ұйымдардың пайда болуы мен дамуына және олардың қызметінің әдісі мен ерекшелігіне тоқталды.
      Оқытушылар дәстүрлі емес діндер, діни доктриналардың тарихы, діни иерархия туралы құнды ақпарат ала отырып, сектанттардың ықпалынан адепттерді құтқарудағы шетелдік тәжірибе жұмысы туралы баяндайтын «Саентология. KZ» фильмінен үзіндіні көрді.
      Шеберлік-сыныптың тыңдаушылары Музей басшылығына табыс етілген сертификаттарға алғыс білдіре отырып, аталмыш іс-шараларды жиі ұйымдастыруға өтініштерін білдірді.
      Дәріс барысында фото- және бейнематериалдар көрсетілді.


        2012 жылдың 1, 7, 16, 23 ақпанында Музейдің Лекторий кесте-жоспарына сәйкес С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Еуразия гуманитарлық институтының, «Қаржы академиясы» АҚ I курс студенттеріне «Алаш қозғалысы және XX ғасыр басындағы ұлттық идея»/«Движение Алаш и национальная идея XX века» тақырыптарында дәрістер өткізілді.

       Дәріскер – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов XX ғасыр басындағы ұлттық идеяның үш себеп арқылы пісіп-жетілгендігін айтты:
      біріншіден, қазақ халқының тағдыры мен тарихи болашағына күмән тудырған дәстүрлі қоғамдағы тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесіндегі дағдарыс;
      екіншіден, Ресейдегі либерализм әлеуетінің артуы;
      үшіншіден, ұлт-азаттық қозғалыс қарқыны мен географиясының кеңеюі және езгідегі халықтың ұлттық сана-сезімінің оянуы.
      Профессордың айтуынша, ұлттық идеяның басты детерминанттары – қазақ халқының сан ғасырлық тарихы, Асан қайғыдан Абайға дейінгі ұрпақтардың сабақтастығы және рухани-мәдени байланыс болды. Бірінші орында ағартушылық, либералды-демократиялық құндылықтардың басымдықтарын нығайту, эволюциялық даму жолын таңдау тұрды. Зиялы қауымның белсенді әлеуметтік тәжірибесінің арқасында өлкенің бүкіл өңірін қамтыған прогресшіл даму, жалпыұлттық партияны құруға талап сапалы жаңа саяси көзқарастың пайда болуымен аяқталды.
      Ұлттық идея арқылы халықтың тағдыры, социумның болашағы тоғыстырылды. Ұлттық идеяның мәні мен миссиясы халықты біріктіру мақсатын анықтау болды. ХХ ғасыр басында Қазақстанның жағдайларында осы фундаменталды және жаһандық идеяның ерекшелігі «Оян, казақ!» формуласымен білдірілді. Бұл ұран да емес, М. Дулатовтың өлеңдер жинағы да емес болатын. «Оян, казақ!» – сәуегейлік және нұрлану, халықтың әлеуетін тиімді ашатын, уақыт үйлестіруші, ілгерілеу мен өзін-өзі сақтаудағы кеңістік пен қимыл сәті, интеллектуалды ізденудің шынайы нәтижесі және «Алаш» қозғалысының бастау алуы еді.
      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның жалпыұлттық идеясының жаңа мазмұнын мемлекеттің және ұлттың бәсекеге қабілетті идеясы ретінде үндеген болатын. Қазақстанның жалпыұлттық идеясын интеграциялық ретінде мемлекет азаматтарына ортақ еуразиялық контексте қарастыру қисынды.
      Профессор қорытындылай келе, мемлекет қалыптастырушы ретіндегі қазақ этносында ішкі саяси тұрақтылықтың, қазіргі Қазақстандағы этникааралық және конфессияаралық келісімнің сақталуына үлкен жауапкершілік тұрғандығын баяндады.


        2012 жылдың 2 ақпанында № 5, 22 мектеп-гимназияларының оқушыларына «Діндегі әйел бейнесі» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріскер – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, с.ғ.к. Е.А. Щёлокова әлемдік діндердің қалыптасу тарихындағы әйелдің рөлі туралы баяндап берді.

     Е.А. Щёлокова қазіргі заманғы әйел мен діни көзқарас мәселесін талдай келе, қоғамдық өндіріс саласында әйелдер санының артқандығынан олардың әлеуметтік статусын қайта қарау қажеттілігінің айқын екендігін айтты. Дегенмен аталмыш заңды үрдістерді қарқынды әрі ауыртпашылықсыз жүзеге асыру қоғамның материалдық дамуынан ғана емес, идеологиялық тәртіптің факторларына да байланысты екендігін айтты. Бұлардың қатарына адам санасында жоғары дәрежеде дін мен дін институттарына байланысты қалыптасқан стереотиптер жатады.
      Қазіргі қоғамдағы үндестіру мәселелері тыңдаушылардың қызығушылықтарын тудырды. Мәселен, әлемдік және ұлттық діни оқулар қоғамдық ілгерілеудің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдерді дискриминациялауды жоюды өзгерте ала ма? деген мәселелер қозғалды.
      Мемлекеттегі демократия дамуының негізгі жетістіктері әйелдердің әлеуметтік, мәдени және саяси салалардың қарым-қатынастарына жан-жақты тартылуы әрі қатысуы болып табылады. Қазақстандағы жүргізіліп жатқан гендерлік саясат осыған мүмкіндік береді.


  2012 жылдың 24 қаңтарында «Тарих және мәдениет» жобасы аясында № 15 мектеп-лицейінің және № 30 мектеп-гимназияның оқушыларына «Қазақстандағы исламның қазіргі жағдайы» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріскер – Ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Қ.Ө. Майгелдинов Қазақстандағы исламдандыру мәселелерін ашып көрсете келе, республикадағы исламдық либерализм, жергілікті исламға дейінгі сенімнің, оның ішінде түрік тәңіршілдігі қағидаларының мұсылман заңдарына біте қайнасып кеткендігіне байланысты екендігін атап көрсетті. Қазақстандағы жетекші ислам ағымы – ханафиттік мазхабтың суннизміне басқа діни ағымдарға төзімділікпен қарау тән.

        Дін – күрделі және көпқырлы феномен. Оқушылар сабақ барысында исламның негізгі бағыттары, ағымдары мен мектептері туралы және Қазақстанға ислам дінінің таралуы жайында мәліметтермен таныса алды. Конституцияда азаматтардың ар бостандығына кепілдік берілуі, қандай да бір дінге қатысты протекционизмнің болмауы, барлық конфессияларға төзімділікпен қарау секілді Қазақстанның зайырлы мемлекет екендігі айтылған. Мемлекет басшылығы өзінің саяси тәжірибесінде көпұлтты әрі көпконфессиялы зайырлы демократиялық мемлекет ретінде қандай да бір діннің артықшылығына жол бермеуі керек. Дегенмен негізгі конфессиялардың тарихын ұмытпауы керек және конфессияаралық теңгерімнің сақталуына мүдделі болуы қажет.
      Дәріскердің айтуынша, жаһандану ғасырында дүниежүзі орасан зор ақпараттармен толыққан. Әрбір адам ақпаратты дайын күйінде емес, талдау мен зерттеуді үйренуі керек. Дәстүрлі діндер мәдениет пен қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Өз дінін жақсы білетін адам өзін ешқашан күдікті қөзқарас тудыратын ұйым қатарына тартуға жол бермейді. Сонда да, ғылыми қоғамға дін мәселелерін ашып көрсету, халықтың діни сауаттылығының деңгейін арттыра түсу қажет.
      Білім бағдарламасының тыңдаушыларына музей қорынан алынған фотоматериалдар және экспонаттар көрсетілді.