2008 ж.
«Егемен Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» жобасы барлық жастағы және барлық әлеуметтік санаттағы Қазақстан Республикасы азаматтарына бағытталған
Жоба бағыты:
– Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік жаңғыруындағы Президенттің рөлі;
– Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық қоғамның қалыптасуындағы рөлі;
– Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасуы мен дамуының негізгі қырлары және ерекшеліктері;
– Қазақстан Республикасы қазіргі кезеңде.
|
|
|
«Егемен Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» жобасы аясында өткізілетін дәрістер мен музейдің жоспарлы жұмыстарының тақырыптары:
1. Тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдерін Қазақстан Республикасы Президентінің қызметі тұрғысынан қарағанда.
2. Қазақстан Республикасының және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Қазақстан – ғарыш айлағы.
4. Қазақстан Республикасының партиялық-саяси құрылысы.
5. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.
6. Ұлттық жоғары мектеп: тарихы мен бүгіні.
7. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі (орта білім беру орындарында).
8. Интеллектуалдық элитаны қалыптастырудағы Елбасының рөлі.
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
10. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
11. «Қазақстан-2030» Стратегиясы аясындағы Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігі.
12. Н.Ә. Назарбаевтың еуразия идеясы. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы.
13. Еуразия рухани бірлігі: тарихы және кезеңдері.
14. Ұлттық валюта – теңге.
15. Қазақстан қазіргі кезеңде: конфессиялық даму ерекшеліктері.
16. Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі.
17. Қазақстан Республикасының Президенті және әкімшілік реформалар.
18. Мемлекеттік-әкімшілік басқаруды оңтайландырудағы Қазақстан Республикасы Президентінің рөлі
19. Қазақстан Республикасының Президенті және ұлтаралық келісім.
20. Этникалық тең құқылылық – қазақстандық қоғам тұрақтылығының кепілі.
21. Қазақстан халықтары Ассамблеясы және оның ұлтаралық келісім үндестігіндегі рөлі.
22. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
23. Қазақстанның ҰҚЫЕ-ге төрағалық етуі мемлекетіміздің имиджін қалыптастырудың факторы.
24. Қазақстан Республикасы – көпұлтты мемлекет.
25. Президент және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздері.
26. Қазақстан Республикасындағы саяси үн қатысу: Мемлекет басшысының бастамалары және Қазақстанның қазіргі заманғы партиялық-саяси құрылысы.
27. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын қалыптастырудағы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі.
28. 2008 жыл – Қазақстандағы Украина жылы.
2008 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» білім беру бағдарламасын іске асыру аясында «Теңге – тәуелсіздігіміздің символы» тақырыбында дәріс өтті. Дәріске Астана қ. № 1, 2, 3, 4 кәсіптік мектептерінің 1-курс тыңдаушылары қатысты.
Ұлттық валютаны енгізу егемен Қазақстанның тарихындағы негізгі оқиғалардың бірі болды. Дәріскер Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабының беттеріне сілтеме жасай отырып, ұлттық валютаның тарихына, оны енгізудің алғышарттары мен себептеріне тоқталды.Сонымен бірге тыңдаушылар Қазақстан аумағындағы ақша айналымының ретроспективасы мен 2006 ж. Енгізілген жаңа теңге банкноттарының ерекшеліктерімен танысты.
|
|
|
Үстіміздегі жылы Астана қаласы өзінің 10 жылдық мерейтойын тойлайды. Сол себепті Музейге астананың оқу орындарынан осы тақырыпқа арналған дәрістер оқуға тапсырыстар жиі түсе бастады.
Бұл жолы Білім беру бағдарламасына қатысушылар тағы бір реті астананың Алматыдан Ақмолаға көшу тарихын парақтады, сол күндердегі тарихи оқиғалардың бейнежазбалары мен мұрағат құжаттарымен танысуға мүмкіндік алды. Дәріс барысында Музей қорындағы 1998 жылы 10 маусымда, Қазақстан астанасының халықаралық тұсаукесері өткен күні, Мемлекет басшысына тарту етілген сыйлықтар көрсетілді.
![]() |
![]() |
![]() |
2008 жылдың 12 ақпанында Ғ.Қайырбеков атындағы № 2 орта мектептің 5-6 сынып оқушыларына арналған «Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында музейліік сабақ-экскурсия өтті. Бұл сабақтың ерекшелігі оқушылардың экскурсия жүргізуші ретінде сабақ өткізуі болды. Сабақтың қонақтары, жас экскурсия жүргізушілердің құрбылары Мемлекеттің болашақтағы жас лидерінің мінез-құлқының қалыптасуы туралы әңгімелейтін материалдармен таныстты. Балалар Нұрсұлтан Әбішұлының 6,7-сыныптардағы оқу үлгерімі табельдері қойылған «Атамекен» экспозициясы витринасының жанына ұзақ аялдады. Әсерлі сабақ соңында экскурсия жүргізушілердің бірқатары келешекте өздерін экскурсия жүргізуші ретінде сынап көргісі келетін ниеттерін білдірді.
|
|
|
2008 жылдың 20 ақпанында Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушыларына арналған «2008 жыл – Қазақстандағы Украина жылы» тақырыбында дәріс өтті.
Дәріс барысында Қазақстан мен Украина арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар қарастырылды.
Дәрісте болашақ Президенттің Днепродзержинск қаласындағы № 22 кәсіптік-техникалық училищедегі оқыған кезі туралы баяндайтын бейнефильмнен фрагменттер көрсетілді. Тыңдаушылар Украина делегациясы өкілдері Мемлекет басшысына тарту еткен сыйлықтармен танысты.
2008 жылдың 21 ақпанында № 10 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларына арналған «Еуразия рухани бірлігі: тарихы және кезеңдері» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс барысында еуразиялық өркениеттің өткені мен қазіргі күйіне талдау жасалды, еуразиялық ықпалдасудың келешегі мен осы процестегі Қазақстанның рөлі қарастырылды.
Дәрісте «Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия экономикалық саммитінде сөйлеген сөзі» бейнефильмінен фрагменттер көрсетілді. (Алматы, 2000 ж.).
2008 жылдың 21 ақпанында ГЭЛ-дің 11-сынып оқушыларына арналған «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы және оның этносаралық келісімді үйлестірудегі рөлі» тақырыбында дәріс-тренинг өткізілді. Дәрісте Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық құрылымының мәселелері, Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру, еліміздегі өткізіліп жатқан конституциялық реформалар мен саяси жаңғыртулар аясындағы оның міндеттері қарастырылды. Дәріскер Республикамыздың Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық және конфессияаралық үн қатысуындағы рөліне егжей-тегжейлі тоқталды.
|
|
|
|
|
|
|
|
2008 жылдың 26 ақпанында «Жәдігерлер сөйлейді» музей сабақтары циклын іске асыру аясында «Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында сабақ-экскурсия өткізілді. Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназияның экскурсия жүргізушілерінің бұл жолғы қонақтары №4 мектеп-гимназиясының «Атамекен» үйірмесінің мүшелері болды. Осынау ерекше музей сабағының қонақтары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны туралы өте жақсы білетіндіктерін көрсетті. 4-мектеп-гимназия үйірмешілерінің сан алуан сұрақтарына лайықты жауап беру үшін жас экскурсия жүргізушілердің (№2 МГ) біздің Музейдің «Атамекен» экспозициясы витриналарындағы материалдарды зерттеп оқуына және айрықша қабілет танытуларына тура келді. Кездесу соңында балалар бабаларымыздың суырып салма өнерінің жалғасы секілді бір-біріне өздері дайындаған сәлемдерін жолдады. Көрші қонған мектептегі өздерінің жаңа достарына арнап гимназиялықтар (№4) өздері шығарған өлеңдерін оқыды.
2008 жылдың 28 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 2-курс студенттеріне, Астана қ. Гуманитарлық колледжінің студенттеріне арналған «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы және оның этносаралық келісімді үйлестірудегі рөлі» тақырыбында дәріс-тренинг өткізілді.
2008 жылдың 29 ақпанында № 12 орта мектептің 7-8 сынып оқушыларына арналған «2008 жыл – Қазақстандағы Украина жылы» тақырыбында дәріс өтті.
|
|
|
|
2008 жылдың 13 наурызында № 15 лицейдің, № 31 КБОМ 10-11 сынып оқушыларына, № 31 арналған «Астана – менің алғашқы махаббатым» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді.
Мемлекетіміздің жас астанасы – Астана – егемен Қазақстанның қарқынды өсуі мен өркендеуінің шын мәніндегі бейнесіне айналды. Бой көтерген мегаполис Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи түпкі ойының іс жүзінде іске асырылуының нәтижесі болды. Ескі, сондай-ақ жаңа қаланың көше атауларында тұтастай алғанда қоғам басынан өткізіп отырған барлық өзгерістердің таңбасы бар. Бұрынғы Ақмола қаласының атаулары да елеулі өзгерістерді басынан кешіруде. Астананың 642 көшесі бар. Біз көше атаулары берілген есімдер туралы не білеміз? Еліміздің, қаламыздың дамуы мен қалыптасуына олардың қосқан үлестері қандай? Ойын кезінде командалар орындаған байқау тапсырмаларының көлемі – тұтастай алғанда, астананың қалыптасуындағы 10 жылдың кезеңдерін ой елегінен өткізу, оның болашағының контурларын анықтау. «Мен армандаған сәулет» турында өздерін жарқырата көрсете білген «Есіл қыздары» командасы қарсыластары «Астана.kz» командасын 50 балл артықшылықпен басып озды. Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарға дипломдар тапсырды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі тағайындаған естелік жүлде № 31 КБОМ 11-сынып оқушысы Протасов Максимге бұйырды.
|
|
|
|
2008 жылдың 10 сәуірінде №18 ОМ 8-сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: кешегі күннен бүгінгі күнге дейін» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрісте Қазақстанның көп жақты мемлекеттік сыртқы саясаты мәселелері талқыланды. Осы саясаттың арқасында қазіргі кезде еліміз әлемдік қоғамдастықтың дүние жүзінің барлық мемлекеттерімен іс жүзінде жан-жақты байланыстарын дамытқан, негізгі халықаралық ұйымдарға белсенді қатысатын, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету жөніндегі көптеген халықаралық және аймақтық жобаларға бастамашылық жасайтын толыққанды мүшесіне айналды.
2008 жылдың 29 сәуірінде №19, №25 ОМ 8-сынып оқушыларына «Елбасы тұлғасының қалыптасуына ықпал еткен нақыл сөздер мен олардың маңызы» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріскер шешендік өнер, оның адам құндылықтарының бағдарларын қалыптастырудағы рөлі туралы әңгімеледі. Сабақ барысында Н.Ә. Назарбаевтың «Өзекжарды ойлар», «Ой бөлістім халкыммен» атты кітаптарынан материалдар пайдаланылды. Дәріскер Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2030» Стратегиясында пайдаланылған қанатты сөздерге баса назар аударды.
2008 жылдың 6 мамырында №20, №21 ОМ 10-11 сынып оқушылары мен Политехникалық колледж студенттеріне арнап «Еуразиялық рухани ықпалдастық: тарихы мен дәуірлері» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында еуразия өркениетінің өткені мен бүгініне талдау жасалып, еуразиялық ықпалдастықтың келешегі мен осы процестегі Қазақстанның рөлі қарастырылды.
Дәрісте «Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия экономикалық саммитінде сөйлеген сөзі» бейнефильмінен көріністер көрсетілді. (Алматы, 2000 ж.).
2008 жылдың 14 мамырында Политехникалық колледж, Қазақ заң колледжі мен Басқару колледжінің студенттеріне арнап, «Қазақстан халықтарының ассамблеясы және этносаралық келісімді үйлестірудегі оның рөлі» тақырыбында тренинг элементтерін қолдана отырып, дәріс өткізілді. Сөйлеген сөзінің негізгі бөлімінде дәріскер тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының ұлтаралық саясатымен таныстырып, Президент Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық және конфессияаралық үнқатысуын қамтамасыз етудегі рөлін көрсетті. Дәрісте Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық құрылымы, Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру факторлары, елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар мен саяси жаңғырулар аясындағы оның міндеттері, ҚР Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халықтары Ассамблеясынан депутаттар сайлау, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері секілді мәселелер талқыланды.
2008 жылдың 3 маусымында № 41 «Қызыл желкен» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Жәдігерлер сөйлегенде…» циклынан музейлік сабақ-экскурсия өтті. Кішкентай тыңдаушылар үшін Музей педагогикасы орталығының қызметкерлері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихының еліміздің саяси егемендігінің басты белгілері – Ту, Елтаңба және Әнұран туралы баяндайтын ең ерекше беттерін ашты. Сабақ Музейдің үшінші қабатының холында өтті, мұнда бүлдіршіндер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты тұрақты тақырыптық экспозиция негізінде мемлекеттілігіміздің аса маңызды нышандары – Елтаңба, Әнұран, Ту және Қазақстан Республикасының Конституциясымен танысты.
Музей коллекциясынан алынған көптеген жәдігерлер, мұрағат құжаттары мен фотосуреттер бүлдіршіндерге тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президентінің жас мемлекеттің мемлекеттік нышандарын қабылдаудағы тарихи рөлі туралы мәлімет берді. Олардың арасында бірегей құжаттар, атап айтқанда, Президент өз қолымен түзету және толықтыру енгізген жаңа редакциядағы Әнұранның қолжазба нұсқасы да бар.
|
|
|
2008 жылдың 11 маусымында Политехникалық колледж студенттеріне арнап «Қазақстан – 2030» Стратегиясы аясындағы Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісте Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үдемелі саясаты қарастырылды; Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясы», «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы №233-1 Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының артуы – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауы (ақпан, 2008 ж.).секілді құжаттарда жария етілген бастамалары талданды.
|
|
|
2008 жылдың 20 маусымында Қазақстандағы Украина жылы аясында №47 украин мектеп-кешенін бітірушілерге кәмелеттік аттестат тапсыру салтанаты өтті. Украин мектебімен бірлескен іс-шаралар өткізу бүгінде игі дәстүрге айналды. Осы оқу орнының оқушылары Музейдің тұрақты қонақтары болып табылады: балалар экскурсияларға, көрмелерге келеді, тақырыптық кездесулер мен музей сабақтарына қатысады.
Орта мектепті бітіруімен құттықтап Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Ф. Селивон, Украин елшілігінің өкілдері, оқытушылар мен ата-аналар келді.
Бітірушілердің жаңа өмірге Мемлекет басшысының бұрынғы резиденциясының қабырғасынан қадам басуының өзіндік мәні бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы Украинамен байланысты. Музей оқытушылары балалардың Қазақстан Президентінің Днепродзержинск қаласында оқыған жылдары туралы мұрағат құжаттарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының тарихын сипаттайтын құжаттармен танысуына ерекше жағдай туғызды.
|
|
|
2008 жылы 29тамызда Конституция күніне арналған «Ата Заңым – асыл Заңым» тақырыбында сабақ өткізілді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР ТПМ-да қалыптасқан дәстүр бойынша республикамыздың ең жас азаматтарына арналып музей сабағы өткізілді. Сабаққа №3 орта мектептің бірінші сынып оқушылары қатысты. Бұл оқушылар білім еліне қызықты саяхат жасауды Мемлекет басшысының бұрынғы резиденциясынан бастады. Музей құрылғаннан бергі тарихында сабақ тұңғыш рет осынау тарихи ғимараттың әдемі залдарының бірі - Музейдің күмбезді залында өткізілді. Бұл залда 1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Ақмола қаласын мемлекетіміздің астанасы деп жариялады.
Балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бағыт-бағдар жасалған еліміздің Негізгі Заңының жазылуындағы рөлімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Білім беру бағдарламасына қатысушылардың назарына тұрақты экспозициялардың жәдігерлерімен қатар Музей коллекциясынан мұрағат құжаттары мен фотосуреттер ұсынылды. Олардың арасында Президент қолымен енгізілген түзетулері мен толықтырулары бар бірегей Конституция жобалары да бар.
Ересектер қалыптастырған сенімді, емін-еркін ахуал бүлдіршіндердің үйреншікті емес әдеттегіден тыс жағдайға тез үйренісіп, сабақта талқыланған балалар проблемасы деуге келмейтін сұрақтарды игеруіне көмектесті.
|
|
|
Білім күнінде, 2008 жылдың 1 қыркүйегінде Музейдің баспасөз залында №№ 7, 53 орта мектеп оқушыларына арналып «Ата Заң – Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы» тақырыбында тренинг элементтерін қолдана отырып, дәріс өткізілді.
Дәріскер тыңдаушыларды ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданған көптеген конституцияларға жасалған талдаудың, қызу және тынымсыз еңбектің бүкілхалықтық референдумда Негізгі Заңды қабылдау үшін ізашар болғандығымен таныстырды. Ізденіс аймағы да кең болды: Еуропа, Азия, Солтүстік және Латын Америкасы. Бұл ретте ел Президенті Н. Назарбаев атап көрсеткендей, біз үшін ең маңыздысы - әр алуан әлеуметтік-мәдени, ұлттық және өзге де ерекшеліктері мен алуан түрлі құқықтық жүйелері, конституциялары бар түрлі даму сатысындағы елдер өздерінің басты міндеттерін – тұрақтылықты нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру және демократияны дамытуға қалай ықпал еткенін білу болды.
|
|
|
2008 жылдың 10-11 қыркүйегінде Музейде «Қазақстан Республикасының тіл саясатын қалыптастырудағы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі» тақырыбында дәрістер өткізілді. Дәріс жыл сайын атап өтілетін Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күніне арналды. Оған Астана қаласының №№ 29, 34, 37 орта мектептерінің оқушылары қатысты.
Дәріскер, филология ғылымдарының кандидаты Г.О. Әмірова, тыңдаушыларды Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының мән-маңызымен, оның құқықтық негіздерімен, іске асыру барысындағы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың рөлімен егжей-тегжейлі таныстырды. Сонымен қатар, дәрісте «Елбасының Дүниежүзі қазақтары Құрылтайында сөйлеген сөзі» бейнетаспасынан үзінді көрсетілді.
2008 жылдың 16 қыркүйегінде Музейде «ҚР-да құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы» тақырыбында ҚазГЗУ Гуманитарлық – заң колледжінің оқушыларына арнап дәріс өткізілді.
Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы туралы сөйлеген сөзінде қашан да жас ұрпақтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын жоғары деңгейде қалыптастыру қажеттілігіне көңіл бөледі. «Құқықтық сана», «құқықтық идеология», «құқықтық психология», «құқықтық нигилизм» ұғымдарының мәнін аша отырып, дәріскер, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Б. Қарағызова еліміздегі барлық саяси процестердің барлығы Конституция аясында өтетінін, оның сақталуының кепілі Мемлекет басшысы екендігін айтты. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасының арқасында тек түбегейлі саяси-құқықтық жаңғыру болып қойған жоқ, сонымен қатар қоғамдағы келісім мен тұрақтылық қамтамасыз етілді, құқық саласында мүмкін болатын қоғамды ыдырататын процестер жойылды.
2008 жылдың 18 қыркүйегінде Музейде «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Еліміздің бас қаласының 10 жылдығына арналған салтанатты шаралардың өткеніне екі айдың жүзі болды. Астананың оқу орындарынан бұл тақырып бойынша дәріс өткізуге сұраныстар әлі де келіп түсуде. Бұл жолы дәріс №35 ОМ оқушыларына арнап өткізілді. Тыңдаушылар астананың Алматыдан Ақмолаға көшу тарихының беттерін тағы бір рет парақтап, мұрағат құжаттарымен және сол күндердегі тарихи оқиғалардың бейнежазбаларынын фрагменттермен танысу мүмкіндігіне ие болды. Дәріс барысында Музей қорындағы Мемлекет басшысына 1998 жылғы 10 маусымда Қазақстан астанасының халықаралық тұсаукесері күні тарту етілген сыйлықтар мен мерекелік салтанаттан слайдтар көрсетілді.
2008 жылдың 19 қыркүйегінде Музейде № 48,49 ОМ оқушыларына арналған «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: кешегі күннен бүгінгі күнге дейін» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісте Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясатын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Шетелдік және республикалық БАҚ-тар үшін ұйымдастырылған баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде (1991 ж., Алматы) Н.Ә. Назарбаев Қазақстан «Еуропа мен Азия арасындағы көпір болуға тиіс» деп мәлімдеді. Дәріскер өзінің құрылған күнінен бастап Қазақстанның сыртқы саясаты қандай сапалық өзгерістерге түскеніне тоқталды: олар - әлеммен қарым-қатынас орнатудың түбегейлі дипломатиялық әдістері анықталып, бекігенін, халықаралық істерді жүргізу мен көптеген жаһандық проблемаларды көре білудің қазақстандық бағыты белгіленгенін айтты.Осы жиырма жылға таяу уақыт ішінде тиімді жүргізілген сыртқы саясаттың арқасында еліміз әлемдік аренаға халықаралық процестерге толыққанды мүше ретінде қатысады. Әлем бүгінде Қазақстанның пікірімен санасады. Оның дәлелі - 2010 жылы ЕҚЫҰ секілді беделді халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның төрағалық етуге сайлануы.
ҚР ТПМ-да Қазақстан Республикасының әлемдік аренада жоғары беделге ие екендігінің материалдық куәсі – Президентімізге шетел мемлекеттерінің, түрлі халықаралық қоғамдастықтар мен ұйымдар басшыларының тарту еткен сыйлықтары мен кәдесыйлар коллекциялары сақтаулы. Тыңдаушылар бағалы тастардан жасалған кәдесыйлар мен Президентімізге берілген шет мемлекеттердің жоғары наградаларымен танысуға мүмкіндік алды.
Олар:
1) І Леапольд орденінің үлкен лентасы. Бельгия.
2) Пия ордені. Ватикан мемлекеті.
3) «Ұлы Бадра» алқасы. Сауд Аравиясы Корольдігі.
4) Әулие Михаил мен Әулие Георгий орденінің үлкен кресі. Ұлыбритания және т.б.
|
|
|
|
2008 жылдың 25 қыркүйегінде Музейде «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі - мемлекетіміздің имиджін қалыптастыру факторы» тақырыбында дәріс өткізілді.
Қазақстан төрағалығына ЕҚЫҰ нормаларын бірыңғай түсінуді әзірлеу мен ұйымды нығайту процесіне өз үлесін қосу міндеті тұр. Ресейдің саясаттанушы ғалымы Ю.Солозобовтың пікірінше, «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі туралы шешім Президент Н.Назарбаевтың жеке басының және жас республиканың үлкен сыртқы саяси жетістігі болып табылады. Бұл – елдің қоғамдық-саяси өмірді жүйелі реформалауға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясының кезекті қадамы».
Дәрісте ЕҚЫҰ қызметінің негізгі бағыттарын, тарихын, құрылымын көрсететін фотосуреттер мен мұрағат құжаттары, сонымен қатар ЕҚЫҰ ПА Астана декларациясы материалдары мен XVII жыл сайынғы сессиясының қарарлары таныстырылды (18.08.2008).
2008 жылдың 7 қазанында Музейде Д.Қонаев атындағы университет колледжінің, № 44 ОМ оқушыларына арналған «Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия идеясы» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріскер, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова студенттерді қазіргі заманғы еуразия идеясын қалыптастыруға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қосқан үлесін көрсететін материалдармен таныстырды. Еуразия идеясы мемлекеттің тәуелсіздігі идеясымен қатар Н.Ә. Назарбаевтың саяси қызметінде негізгі орынға ие. Бүгінде еуразия идеясы күннен күнге Қазақстанның сыртқы саясатында іс жүзіне асуда. Бұл 1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған Еуразиялық олақ идеясын жүйелі түрде іске асырудан, Еуразия Экономикалық Одағын (ЕурАзЭҚ) құрудан, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨЫСШК) шақыру бойынша бастамаларды жалғастырудан көрінеді. ЕАО идеясын іске асырудың тағы бір маңызды мысалы Орталық азиялық ынтымақтастықты (ОАЫ) ұйымдастыру болып табылады. Оның аясында құрылатын экономикалық кеңістік экономика, кәсіпкерлік, қаржылық өзара іс-қимыл саласындағы қатынастарды реттеудің келісілген құқықтық тетігін қамтамасыз етуді ұсынады.
Ресей Әлеуметтік ғылымдар академиясында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Теңдік ұғымына негізделмеген ықпалдасудың келешегі жоқ. Теңдікке, еріктілікке және прагматикалық прогреске негізделген ықпалдасу ХХІ ғасырдың әлемдік экономикасы мен саясатында жаһандық факторға айналуы мүмкін болған жағдайда ғана Еуразияның лайықты келешегі болып табылады». Сөйтіп, бастамашы ЕурАзЭҚ-тың негізін сала (ЕАО жобасының қазіргі жағдайы) және басқа одақтар мен мемлекеттер бірлестіктеріне тыныс бере отырып өзінің идеясын біртіндеп алға тарта берді.
Нұрсұлтан Назарбаевқа әріптестерінің көзін жеткізу үшін жылдар қажет болды, еуразияшылдық – эмоциялар ұшқыны емес, бірыңғай тұтастықты құрайтын мемлекеттер үшін баламалы, әрі прагматикалық жол.
2008 жылдың 9 қазанында Музейде № 3 ОМ оқушыларүшін «Қазақстандағы Украина жылына» арналған дәріс өтті. Музей педагогтері Қазақстан мен Украина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орығу тарихын көрсетті. Тыңдаушыларға Мемлекет басшысына әр жылдары Украина делегациялары өкілдері тарту еткен әр алуан музей экспонаттары, мұрағат материалдары, сыйлықтар таныстырылды. Балалар Қазақстан Президентінің Днепродзержинск қаласында оқыған жылдары туралы мұрағат құжаттарымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
|
|
|
Ұлттық-мемлекеттік егемендігіміз туралы идеялардың бірлігі мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының табиғилығы, мызғымастығы, қол сұғылмастығы - этносаралық қарым-қатынастар тұрақтылығының сенімді кепілі.
Қоғамымыздағы ұлтаралық үйлесім жолындағы жаңа қадам болып «Қоғамның идеялық топтасуы – Қазақстан прогресінің шарты ретінде» кітабында баяндалған ұлттық саясаттың тұжырымдамасына айналды. Н.Ә. Назарбаев еңбегінде Қазақстан Республикасы өзінің мәні бойынша ұлттық мемлекет бола отырып, барлық азаматтардың мүдделерін, оның ішінде ұлттық тиістілігіне қарай барлық азаматтардың мүдделерін білдіруге тиіс екендігі айтылады.
Құқықтық мемлекет құру бағытын жариялай отырып, «Қазақстан – 2030» бағдарламасы былай дейді: «Қандай да бір этникалық немесе діни топтардың басқалармен салыстырғанда басымдыққа ие болуы туралы сөз болуы мүмкін де емес. Біздің стратегиялық міндетіміз – халықтың барлық топтарының бірлігі, қоғамымыздың бәтуашылдық-иерархиялық дәстүрлерін толықтырып отыратын жеке және қоғамдық бастаулардың сыйымды үйлесуі».
Мұндай ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар мәселесі секілді шетін мәселеде Қазақстаннан үйренер нәрсе көп. Қазақстанда барлық діндер тең, дін туралы заң мейлінше ымырашыл. Бұл мәселеде ҚР Президенті өзінің діни еркін білдіруге ерікті азамат ретінде емес, зайырлы қоғамның конфессиялар үстінен қараушы басшы ретінде қызмет етеді.
![]() |
|
2008 жылдың 21 қазаны мен 7 қарашасы аралығында Музейде жоспар бойынша мынадай тақырыптарда дәрістер өткізілді (4): «Мемлекет басшысының имиджі», «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар», «Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері».
Жалпы білім беретін оқу орындарынан түскен тапсырыстар бойынша музей педагогтері «Жәдігерлер сөйлейді...» циклынан сабақ-экскурсиялар жүргізуді жалғастыруда (2). Сөйтіп, мысалы, Мәжіліс залында «Н. Назарбаев – жаңа астананың сәулетшісі», «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы» тақырыптарында сабақтар ұйымдастырылды.
Тыңдаушылар аудиториясы – Астана қ. мектептерінің, Гуманитарлық-заң және Политехникалық колледждердің оқушылары.
2008 жылдың 28 қарашасында «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» білім беру бағдарламасы аясында Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жаратылыстану – техникалық факультетінің 1-курс студенттеріне арналған дәріс өтті.
Дәріскер, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов, тыңдаушыларды Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерімен таныстырды.
1991 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін салтанатты түрде жария етті.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды. Бұл қазақ халқы мен барлық қазақстандықтардың бостандық, әділдік және демократия үшін көп ғасырлық күресінің шыңына жеткен сәт еді. Әлемнің саяси картасында жас тәуелсіз мемлекет пайда болды.
Әсіресе тарихтағы тұлғаның рөлі атап көрсетілді.
Дәріс барысында дәріскердің Музей қорынан алып, пайдаланған фотоматериалдары мен мұрағат құжаттары қабылданған заңнамалық актілердің маңызы туралы тезисінің айғағы іспетті болды, жас республиканы құрудың құқықтық негіздері заңды түрде бекітілген бұл құжаттар мемлекеттілікке қол жеткізу мен оны нығайтуда маңызды рөл атқарды.
2008 жылдың 4 желтоқсанында математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері үшін Музейдің бас ғылыми қызметкері тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М.Әбжанов «Тәуелсіздік жаршысы» атты дәріс өткізді.
Өзінің дәрісінде ол елімізде ХХ ғасырдың 70 жылдарының екінші жартысы мен 90 жылдардың соңында өткен саяси және экономикалық процестердің алғышарттары мен себептерімен байланысты сұрақтардың барлығына жауап берді. Қазақстанның зарығып күткен тәуелсіздікке қол жеткізуіндегі маңызды оқиғалар мен құбылыстарға айрықша назар аударылды.
Х.М. Әбжанов саяси және экономикалық тұрақтылықты нығайтудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рөлін ерекше атап көрсетті. Өткен кезеңдегі Қазақстанның жүріп өткен жолы - еліміздің посткеңестік кеңістіктегі қарқынды дамып келе жатқан елдермен бір қатарға нық тұрғанынының дәлелі.
2008 жылдың 19 желтоқсанында Музейде ҚазГЗУ Гуманитарлық заң колледжінің оқушыларына арнап «Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісте Қазақстан Республикасы Президентінің Негізгі Заң жобаларын әзірлеудегі идеялардың негізгі бастамашысы ретіндегі рөлі қарастырылды. Қазақстандықтар қолдаған Н.Ә. Назарбаевтың іргелі идеялары 1995 жылғы Конституцияға енді, соған сәйкес мемлекеттік органдар құрылып, жұмыс істеп, жетілдірілуде.
Тарих ғылымдарының кандидаты Г.Қарағызова Негізгі Заң әлеуетінің дамуында жыл сайын Қазақстан халқына жолданатын Президент Жолдауларының ерекше рөліне тоқталды. Бұл құжаттар қашан да мемлекет және қоғам дамуындағы жаңа көзқарастардан тұрады. Оларда көбінесе қоғамды әрі қарай демократияландыру мақсатында саяси реформаларды тереңдетуді көздейтін конституциялық дамудың негізгі бағыттары қарастырылады
Дәрісте мұрағат құжаттары – Н.Ә. Назарбаевтың құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы қызметін көрсететін фотосуреттер мен құжаттар, сонымен қатар ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 16.12.2006 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі пайдаланылды.










































