«Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

    2017 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ұлтаралық пен конфессияаралық әрекеттестік негізі ретіндегі жаңа қазақстандық патриотизм» ғылыми жобасы аясында «Ассамблея народа Казахстана и ее роль в гармонизации межэтнического согласия» дәрісі оқылды.

       Дәрісті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова жүргізіп, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап еліміздің ішкі саясатының басты арқауы болған ұлтаралық келісім туралы баяндады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев негізін салған және дәйекті түрде жүзеге асырылып келе жатқан ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі тәуелсіз еліміздің барлық даму кезеңінде өзінің тиімділігін дәлелдей келе, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыру үрдісінде маңызды рөл атқаруда.

      Бірлік пен толеранттылықтың қазақстандық үлгісін нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне айрықша көңіл бөлінді.

    Дәріс барысында тренинг элементтері қолданылды, оның негізінде студенттер этносаралық қатынастар арасында кездесетін түрлі жағдаяттық мәдениет үлгілерін бейнелеп, сондай-ақ Елбасының тұрақты ұлттық саясатының нәтижелерін талдауға мүмкіндік алды.


2017 жылы 28 маусымда № 3 және № 22 мектеп-гимназия оқушыларына «Астана – тәуелсіз Қазақстанның нышаны» дәрісі өткізілді. 

Астана – елдің мемлекеттік, қоғамдық және мәдени өмірінің орталығы. Елбасының жүзеге асқан арманы, төл перзенті болып табылатын Астана қаласы Нұрсұлтан Назарбаев есімімен және жаңа Қазақстанмен сабақтаса ойға оралады. Елорда Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет дамуының қазақстандық үлгісін жасаудағы бастамаларының табысты жүзеге асырылуының нышаны болып есептеледі.

Дәріскер, Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің басшысы Мусина Н.Қ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Астананы құрудағы рөлін ашып көрсете отырып, еліміздің бас қаласының қалыптасуының негізгі кезеңдері, сәулет ғимараттарының тарихы, елорда құрылғаннан бері түрлі уақытта өтіп жатқан маңызды саяси және мәдени оқиғалар туралы әңгімелеп берді.

Дәріс барысында Кітапхана қорындағы экспонаттар, фото- және киноқұжаттар көрсетілді.


2017 жылы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Н.Ә. Назарбаевтың «жасампаз лидерлігінің» философиясы» дәрісі оқылды.

Көшбасшылық адамзаттың санасында өзгермелі орта жағдайында әрдайым тұрақсыздықты еңсеру, елді басқару мәселелері, адамдармен және т.б. байланысты болды. Қатал бәсекелестік пен ертеңге деген белгісіздіктің жоғары деңгейі өмір сүрудің нақтылығына айналған қазіргі кезеңде құндылықтың бағдары мен көшбасшы бағыты ерекше маңызға ие болды. 

Дәріскер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Күләйша Ақтаева: «Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси көшбасшылығының моделі Қазақстан Республикасының аумақтық шегінен асып кетті. Мемлекет басшысы, жаңа типтегі жаһандық көшбасшысы болып табылады. Оның пікіріне Батыста да, Шығыста да мән береді. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары әрдайым тың әрі өзекті: олар кең тарихи ауқымдылығымен және нақты саяси көрегенділігімен таңғалдырады» деп атап өтті.

Дәріс барысында музейлік экспонаттар, фото- және киноқұжаттар көрсетілді.


2017 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде Астана қ. Политехникалық колледжінің студенттеріне «Н. Ә. Назарбаевтың «жасампаз лидерліктің» философиясы» дәрісі оқылды.

Адамның әлемге деген қөзқарасы – философияның мәңгі тақырыбы. Философия – дарынмен қатар, кәсіби дағдыны талап ететін элиталық таным. Қазақстан Президентінің саяси философиясы саясаттану, тарих, философия, әлеуметтану және басқа да ғылым саласының өкілдері тарапынан теориялық және методологиялық тұрғыдан тереңірек зерттеуді қажет етеді. Н. Ә. Назарбаев – саяси философияны негіздеуші, әлемде болып жатқан оқиғалардың ахуалы мен үрдісін түсінетін және сезінетін тәжірибелі әрі көреген саясаткер, біз үшін ғалым-ойшыл болып табылады.

Дәріскер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Күләйша Ақтаева «жасампаз лидерліктің» қазақстандық философиясы этникалық және конфессиялық дәстүрлер мен құндылықтардың көптүрлілігі жағдайында мәдениеттердің тиімді диалогын қолдауға негізделген жаһандық қауіпсіздікті жаңаша қарастырудан тұратынын атап өтті. Осы тұрғыда, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы осыған айқын дәлел.

Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.


2017 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде Астана қ. № 67 мектеп-гимназиясы және № 79 мектеп-лицейінің оқушыларына «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» атты дәріс өтті. 

Теңге – маңызды әрі бірегей тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі күнге дейін тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіштердің бейнелерін көз алдымызға алып келеді, сондай-ақ мифологиялық сюжеттер мен тұрмыс-тіршіліктің көріністерін бейнелейді. Қазақстанның мемлекеттік валютасы – теңгенің де өзіндік ерекшелігі бар.

 

Ұлттық валюта – теңге – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігі мен табысты қаржылық реформасының нышаны ретінде қазақстандықтардың сеніміне еніп, уақыттың сынын өтті. Теңгенің енуі дербес экономикалық саясаттың қалыптасу негізіне айналып, нарықтық қайта құрулар жолындағы басты кезең болды.

Дәріскер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының сарапшысы Лида Бөкешова тыңдаушыларды Қазақстан аумағындағы ақша айналымы тарихымен, теңге ақша бірлігін жасау және енгізу кезеңдерімен таныстырды.

Дәріс барысында экспонаттар, фото- және киноқұжаттар көпшілік назарына ұсынылды.

2017 жылы 18 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде «Қаржы академиясы» АҚ колледжі студенттеріне «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ұлтаралық пен конфессияаралық әрекеттестік негізі ретіндегі жаңа қазақстандық патриотизм» ғылыми жобасы аясында «Ассамблея народа Казахстана и ее роль в гармонизации межэтнического согласия» дәрісі өтті.

Дәрісті тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова жүргізіп, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап еліміздің ішкі саясатының басты арқауы болған ұлтаралық келісім туралы баяндады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев негізін салған және дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқан ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі тәуелсіз еліміздің барлық даму кезеңінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыру үрдісінде маңызды рөл атқаруда.

Дәріскер Мемлекет басшысының «діни және этносаралық қауіптер тек қана болжамдық сипатқа ие емес, әрбір қазақстандықтың қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтауға күш салуы керек» деген сөзіне баса назар аударды.

Бірлік пен толеранттылықтың қазақстандық үлгісін нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне айрықша көңіл бөлінді.


2017 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы музейінде № 27 мектеп-лицейі мен № 65 мектеп-гимназиясы оқушыларына Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне арналған «Қазақстан – ғарыш айлағы» дәрісі өткізілді.

10 жыл бұрын, 2007 жылы 27 наурызда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта жаңартылған ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі құрылды. Қазақстан 10 жыл ішінде ғарыштық қызметтің дамуында көптеген елдер үшін бірнеше онжылдықтарға тең келетін жолдан өтті.

Дәріскер, Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Кушунова Д.С. оқушыларды Қазақстандағы ғарыштық қызметтің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен, жер үсті және өндірістік ғарыштық инфрақұрылымның құрылу және жұмыс істеу мәселелерімен таныстырды.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы қорынан экспонаттар, фото- және киноқұжаттар көрсетілді.


2017 жылдың 5 сәуірінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттері үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ұлтаралық пен конфессияаралық әрекеттестік негізі ретіндегі жаңа қазақстандық патриотизм» ғылыми жобасы аясында «Қазақстан Республикасының Президенті және ұлтаралық келісім» атты дәріс өткізілді.

Дәріскер, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі елде тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық өсімге жағдай жасауға, республика тәуелсіздігін нығайтуға және әлемдік аренадағы беделін көтеруге мүмкіндік беретінін айтып берді. Қоғамдық дамудың барлық деструктивтік тенденцияларын, оның ішінде дәстүрлі емес діни көзқарастың таралуын салмақты бағалап, алдын-ала сақтандыруға ерекше назар аударды. Қазақстанның геосаяси жағдайы мен оның поликонфессиялық құрамы алаңдаушылық факторлары болуы мүмкін екеніне нақты тоқталды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бұл мәселелерді үнемі назарында ұстауы кездейсоқ еместігін де атап көрсетті.

Дәріс барысында тренинг элементтері қолданылды, студенттер ұлтаралық қарым-қатынастың мінез-құлықтық және ситуациялық мәдениеті үлгісін жасап, Елбасының салиқалы саясатының нәтижелерін талдады.

Тыңдаушылар назарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорынан экспонаттар, фото- және киноқұжаттар ұсынылды. 


2017 жылы 29 наурызда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттеріне «Казахстанская государственность после обретения Независимости» атты дәріс өткізілді.

Дәріс барысында қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің тарихи және идеялық-саяси алғышарттары жайлы айтылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ақтаева К.Қ. қазақстандық мемлекеттіліктің стратегиялық даму бағыттары және 2017 жылғы конституциялық реформа туралы баяндады.

Дәріс барысында музей экспонаттары, фото- және киноқұжаттар көрсетілді.


2017 жылы 28 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы Астана қ. Білім беру басқармасымен бірлесіп «Лидерлік қасиет пен кәсібилікке тәрбиелеудегі әлеуметтік институттардың рөлі» жобасы аясында оқушылардың арасында қалалық дебаттық турнир өткізді. 

Турнирдің мақсаты: тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін саралау барысында өзіндік шешім қабылдау және ақиқатқа жетудегі сыни ойлау стратегиясын игеру дағдысын дамыту.

2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауында Мемлекет басшысы «Биылғы жылы Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Біз ТМД және Орталық Азия елдерінде әлемдік ауқымдағы маңызды іс-шараны бірінші болып өткіземіз» деп атап көрсеткен болатын.

Осыған орай, дебат аясында спикерлердің Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және т.б. сияқты мәселелерді талқылауы кездейсоқ емес.

Турнирге астаналық мектептердің 44 командасы қатысты. Жеребе салу арқылы қатысушылар «Үкімет» немесе «Оппозиция» тарабын таңдады және өздерінің ой-пікірлерінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысты. Барлық ұсынылған тақырыптардың талқылануы өткір әрі қызықты болды.

Турнирдегі сот коллегиясына тәжірибелі дебатшылар – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Еуразиялық гуманитарлық институт, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, ҚазГЗУ студенттері, студенттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қалалық және республикалық деңгейдегі дебаттық турнирлердің жеңімпаздары басшылық жасады.

Қорытындысында қазақ лигасындағы орындар келесі көрсетілгендей орналасты:

І орын – «Марғұлан шәкірттері» (№ 40 орта мектеп);

ІІ орын – «Авангард» (№ 38 мектеп-лицей);

ІІІ орын – «Номад» (№ 65 мектеп-лицей).

Орыс лигасында:

І  орын – «Феномен» (№ 38 мектеп-лицей);

ІІ орын – «Steel Pauer» (№ 3 мектеп-гимназия);

ІІІ орын – «Щеглы» (№ 3 мектеп-гимназия).

Қатысушылар өздерінің көзқарастарын белсенді қорғады, дәлелдер мен аргументтер келтірді, сұрақтар қойды, мәселелердің шығу жолдарын ұсынды. Турнирдің барлық қатысушылары практикалық тәжірибе мен үлкен оң әсер алды.

Турнир № 53 мектеп-лицейі базасында өткізілді. Директоры Абдрасилов Қазбек Жакенұлы басшылық жасайтын аталмыш мекеме педагогикалық ұжымының дебатты өткізуге қолдау көрсеткен нақты жұмысын атап өту қажет. Елорда оқушыларының арасында дебаттық қозғалысты дамытудың белсендісі – № 53 мектеп-лицейі тарих пәнінің мұғалімі Әлиев Ербол Ермаханұлына алғысымызды білдіргіміз келеді.

Дәстүр бойынша барлық балалар «Ақиқат» дебаттық турниріне қатысушылардың сертификаттары мен естелік сыйлықтарын алды.


2017 жылдың 3 наурызында Астана қ. тарих пәні мұғалімдерінің аттестациясы бойынша экспериментальды алаңның жұмысы аясында аттестациялық сабақтарды қорғау өткізілді.

Экспериментальды алаңның негізгі міндеттері: интерактивті құралдар арқылы егеменді Қазақстанның жетістіктерін және Елбасының тарихи рөлін зерттеу және наисхаттау, озат педагогикалық тәжірибені тарату, шығармашыл бастаманы дамыту.


Музей педагогтарымен бірлесе отырып, музейлік сабақтар өткізді:

– «Ғасырлар куәсі – Экспо көрмесі» – Құлбекова Н.К., Сарқұлова Ж.Ж. № 82 мектеп-лицейінің мұғалімдері;

– «Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты шығармасының ізімен» – Байкенжеев Е.Б. № 76 мектеп-лицейінің мұғалімі;

– «ЭКСПО-2017: «Мәңгілік Ел құндылықтары» – Бекназарова Д.О. № 64 мектеп-лицейінің мұғалімі.

Өткізілген сабақтарға аттестациялық комиссия мүшелері жоғары баға берді. Әріптестер талқылау кезінде оқушылардың терең білімділігін, аттестатцияланушы мұғалімдердің пәнаралық байланыстарды орнату, озық тапсырмаларды үйлестіруді саралау, жаңашылдық, сабақты жүргізу барыснда әдістердің алуан түрін қолдану, көрнекіліктерді тиімді қолдана білу сияқты педагигикалық шеберліктерін атап өтті.

Сарапшылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы музейіндегі сабақтар педагог мамандардың кәсіби тұрғыда өсуіне, олардың шығармашылық бастамаларының дамуына, тарихты оқыту әдістемесіндегі инновациялық бағыт шеңберінде өзара ынтымақтастықтың жетілуіне және нығаюына, тәуелсіз Қазақстанның табыстарын және оның Тұңғыш Президентінің тарихи рөлін насихаттауды ғылыми-негіздеу аясынның кеңейюіне септігін тигізетінін атап өтті.


2017 жылы 24 ақпанда Көлік және коммуникация колледжі студенттеріне «Формирование правосознания и правовой культуры в Республике Казахстан» атты дәріс өткізілді.

Біздің еліміз өзін құқықтық мемлекет ретінде таныта отырып, халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшесі бола отырып, өзінің аумағында ғана емес, сонымен қатар жалпы әлемдік кеңістікте құқықтық мемлекет қағидаттарын жүзеге асыруға жан-жақты ықпал етеді.

Дәріскер, тарих ғылымдарының кандидаты Карагизова Г.Б. құқықтық сананың қалыптасуы, құқықтық мәдениет пен тәрбие беру мәселелерін аша отырып, тыңдаушыларды құқықтық сана ұғымы, мәні және түрлерімен таныстырды.

Дәріс барысында музей экспонаттары, мұрағаттық фотоқұжаттар студенттер назарына ұсынылды.


2017 жылы 22 ақпанда Астана қ. гуманитарлық колледжінің студенттеріне «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» атты дәріс өткізілді.

Ұлттық валюта – теңге – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігі мен табысты қаржылық реформасының нышаны. Теңге  дербес экономикалық саясаттың қалыптасу негізіне алынды және нарықтық қайта құрулар жолындағы басты кезең болды.
 
Дәріскер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкері Бөкешова Л.Қ. тыңдаушыларды Қазақстан аумағындағы ақша айналымы тарихымен, теңге ақша бірлігін жасау және енгізу кезеңдерімен  таныстырды.  
 
Дәріс барысында экспонаттар, фото- және киноқұжаттар көпшілік назарына ұсынылды.

2017 жылы 17 ақпанда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқушыларына «Қазақстан Республикасының Президенті және ұлтаралық келісім» атты дәріс өткізілді.

2017 жылы 17 ақпанда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқушыларына «Қазақстан Республикасының Президенті және ұлтаралық келісім» атты дәріс өткізілді.Дәріскер, тарих ғылымдарының кандидаты Қайыпова Б.М. саяси тұрақтылыққа кепілдік беретін, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге арналған бағыт ел дамуының басты факторы болып табылады деп атап көрсетті. Қазақстанның ұлтаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы тәжірибесі әлемнің көптеген елдері үшін – өзекті. Ұлтаралық саладағы қоғамдық институттардың жұмысы халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланады. Соның өзінде елдегі келісімді солай болуға тиісті жағдай деп қабылдауға болмайды. Жастардың алдында ұлтаралық тұрақтылықты сақтау және нығайту міндеті тұр. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей Қазақстан «адамзат тұрғыза алатын жаһандық әлемнің моделі».  
 
Дәріс барысында тренингтік элементтерді қолдану арқылы интерактивті әдістер пайдаланылды.

2017 жылы 15 ақпанда № 32 мектеп-гимназиясы мен № 36 орта мектебінің оқушыларына «Қазақстанның Олимпиада чемпиондары» дәрісі өткізілді. 
Спорт – әрбір қазақстандықтың өмірінің ұзақтығы мен сапасын көтеретін, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды фактор. Сондықтан бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды насихаттау жалпыұлттық міндет болып табылады. Алматы қаласында XXVIII қысқы Бүкіләлемдік Универсиада өткізілгеннен кейін бұл тақырып ерекше өзекті.
 
Дәріскер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Кушунова Д.С. тыңдаушыларды олимпиялық қозғалыс тарихымен, елімізде өткен маңызды спорттық оқиғалармен, Қазақстандағы спортты насихаттау мен салауатты ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап көрсете отырып, Қазақстанның Олимпиада чемпиондарының табыстарымен,  жеңістерімен таныстырды.
 
Дәріс барысында музей экспонаттары, фото- және киноқұжаттар оқушылар назарына ұсынылды.

2017 жылы 14 ақпанда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының» Музейінде Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі 11 сыныбының оқушыларына арналған «Лидерлік қасиетті дамыту» атты семинар-тренинг өткізілді.
 
Қазіргі жастар – халықтың әлеуметтік белсенді бөлігінің бірі, жаңа идеялар, өмірлік күш пен қоғамдық қуаттың генераторы. Жастар – елдің болашағы ғана емес, олар – елдің болашағын жасайтын бүгіні.
 
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз тәуелсіз егеменді еліміздің негізін қаладық. Біз жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз» деп атап өтті.
 
Өскелең ұрпақтың көшбасшылық қасиетінің қалыптасуы мен кәсіби біліктілігінің жетілуі, патриотизм мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі қоғамның басым міндеттері болып табылады.
 
«Әлеуметтік институттардың тұлғаның көшбасшылық қасиеті мен кәсібилігін қалыптастырудағы рөлі» ғылыми-білім беру жобасын жүзеге асыру аясында Кітапхана Музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірлік тәжірибесін үлгі ете отырып оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған кездесулер, дебаттық турнирлер, элективті курстар, сабақтар өткізіледі.
 
Семинар-тренинг екі бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімде Кітапхана Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Омарова Л.Ә. оқушыларды «Елбасытану» элективті курсы аясындағы қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған маңызды құжаттармен және іздестіру мәліметтерімен таныстырды. Ол оқушыларды 2005 жылдан бастап Елбасының туған өлкесі Алматы облысының Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Үшқоңыр ауылы, сонымен қатар, білім алған және еңбек атқарған жерлері Днепродзержинск (Украина), Теміртау, Қарағанды, Алматы қалаларына жасалған ғылыми-іздестіру экспедициялары мен іссапарлар барысында табылған құнды материалдар, құжаттармен таныстырды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы мұрағаттар мен кітапхана қорларынан табылған, бұл уақытқа дейін көпшілікке беймәлім болып келген мәліметтер тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.
 
Іс-шараның практикалық бөлімінде Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Оспанова Ә.Ә. «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту» элективті курсының тақырыптық жоспарына сәйкес оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған тренингтік дәрістер өткізді.
 
Тарих ғылымдарының кандидаты Қайыпова Б.М. кіріспе сөзінде:  «Мемлекет басшысы өмірбаянын зерттеуді одан әрі тереңдету және оның тұлғалық және саяси ұстанымын өскелең ұрпаққа насихаттау Кітапхана ғылыми-ағарту іс-шараларының мақсаты болып табылады.  Президент өзінің Жолдауында, Жастар – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегі. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек жастар үшін жасалуда. Жастардың азат ойлары мен кемел білімдері – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш деп атап көрсеткен болатын» деді.
 
Тренинг соңында оқушыларға естелік сыйлықтар – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы директорының міндетін атқарушы Қасымбеков М.Б. қол қойған «Біздің Президент» кітабы тарту етілді.