2009 ж.

      14.10.2009. «Қазақстан және мұсылман әлемі» дәрісі. Дәрісті № 18,№20 ОМ оқушыларына арнап ҚР ТПМ бас ғалым хатшысы, т.ғ.к. Г.Б. Қарағызова өткізді.


      23.10.2009. «Н.Ә. Назарбаевтың еуразия идеясы»» көшпелі дәрісі. Л.Н.Гумилёв атындағы ЕҰУ студенттеріне арналған дәрісті директордың орынбасары, т.ғ.к. Б.М. Қайыпова өткізді.


      27.10.2009. «Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» дәрісі. Дәрісті Гуманитарлық колледж және № 27 ОМ оқушыларына арнап ҚР ТПМ МПО аға оқытушысы Н.М. Мәжікенов өткізді.

       Жаңа 2009–2010 оқу жылының басталуына орай Музей педагогикасы орталығы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі Лекторийінің жұмысын жаңғыртты.
      Музейдің білім беру қызметінің мазмұны Қазақстанның жаңа тарихын бейнелеу, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ең басты мақсат – күшті, гүлденген және саяси тұрақты мемлекет құруға қол жеткізуге бағытталған саяси бастамаларын көрсету болып табылады.
      Музей сабақтарының барысында Білім беру бағдарламасының дәрістеріне қатысушыларға Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Мемлекет басшысының көп қырлы қызметін көрсететін мұрағат құжаттары, бейне- және фотоматериалдар, экспонаттар ұсынылды.


      08.09.2009. «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан-2030…» музей сабағы - экскурсия. Экскурсия-сабақты Астана қаласының № 40, 58 ОМ оқушыларына арнап ҚР ТПМ кіші ғылыми қызметкері Б. Б. Бодықова жүргізуде.


     15.09.2009. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын қалыптастырудағы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі» дәрісі. Астана қаласы №42, 43 ОМ оқушыларына арналған дәрісті ҚР ТПМ бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Г.О. Әмірова өткізуде.


      22.09.2009. «Әлеуметтік оптимизм – ұлт лидерінің идеологиясы» дәрісі.  «Тұран» және Сауда-экономикалық колледжінің оқушыларына арналған сабақты ҚР ТПМ бас ғылыми қызметкері, ә.ғ.к. С. А. Коновалов өткізуде.


      25.09.2009. «Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» дәрісі. Л. Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ заң факультетінің студенттеріне арнап ҚР ТПМ Бас ғалым хатшысы, т.ғ.к. Г. Б. Қарағызова дәріс өткізді.


     29.09.2009. «Қазіргі Қазақстанның саяси мәдениеті» дәрісі.  Л.Н.Гумилёв атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультеті мен М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы экономика факультетінің студенттеріне арнап директордың орынбасары, т.ғ.к. К.Қ.Ақтаева сабақ өткізді.


  1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты тақырыптық сабақ-кездесу болып өтті. Астананың жалпы білім беретін мектептері мен лицейлерінің 70 үздік оқушысы әдеттегіден тыс ерекше жағдайда Мемлекет басшысының игі тілегін естіді. Президент сонымен қатар балаларға білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі туралы әңгімелеп, өзінің мектепте оқыған кездегі естеліктерімен бөлісті.
      Кездесу барысында балалар Президентке өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Нұрсұлтан Әбішұлы олардың сұрақтарына ықыласпен жауап берді.
      Кездесуді ұйымдастырушылар сыйлаған кітап пен Президентпен бірге түскен фотосуреттер балаларға осы кездесуден естелік болып қалмақ.


    2009 жылдың 22 маусымында Музейдің 5 жылдығына орай өткізілетін мерейтой іс-шаралар аясында «Отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
      Семинар жұмысына педагогика, психология, философия, саясаттану, әлеуметтану, салаларының ғалымдары, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Астана қ. Ішкі саясат және білім беру басқармасының өкілдері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтер кеңесінің мүшелері, Музейдің ғылыми қызметкерлері қатысты.
      Форумды жүргізуші Б.М. Қайыпова, ҚР ТПМ директорының орынбасары, т.ғ.к., семинардың өзекті мәселелерін белгілеп берді:

    • тұлғаның лидерлік қасиеттерін қалыптастырудағы халықаралық және отандық тәжірибеге талдау жасау және жинақтау;
    • лидерлік феноменінің тәрбиелік әлеуетін зерттеуге байланысты міндеттерді анықтау;
    • арнайы лидерлік білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
    • білім беруші мекемелердің мемлекеттік құрылымдары, ҮЕҰ, жұртшылықтың лидерлік қасиеттерді тәрбиелеудегі бірлескен қызметі бойынша ұсынымдар әзірлеу.

      Семинарға қатысушыларға арнап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.А. Айсина құттықтау сөз сөйледі, ол Музей ұжымына аталған жобаны іске асыруда табыстар тілей отырып, осы міндеттерді шешуде отбасы рөлінің зор екеніне басым назар аудара отырып, семинар тақырыбының өзектілігін атап көрсетті.
      Семинар барысында интерактивті тренинг нысанында лидерлік қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының, барлық тәрбие беру мен оқыту деңгейлеріндегі білім беру мекемелерінің рөлі секілді маңызды мәселелер қарастырылды.
      Өскелең ұрпақтың психологиясы мемлекеттік тәуелсіздік пен нарықтық прагматиканың негіздеріне құрылған. Оларға дәлелдер, нақты өлшенген логика, Н.Ә. Назарбаев секілді белгілі адамдардың беделді пікірлері өте маңызды. Семинардың «Тұңғыш Президент лидерлігінің феномені: жаңа тараптарды іздеу» деп аталатын 3-бөлігінде тұлғаның қалыптасуының барлық кезеңдерінде лидерлік қасиеттердің қалыптасуының маңызды екенін көрсететін бейнежазбадан үзінділер (Президенттің өзі оқыған мектебінде болғаны туралы 11.12.1993 ж. түсірілген ) пайдаланылды:
      «1957 жылы осы партада отырған кезімде Президент боламын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген, - деді Н.Ә. Назарбаев теледидар дикторына берген сұхбатында. – Сірә, мұның бәрі жайдан-жай емес шығар: мен қашан да екінші болмауға ұмтылдым, әсіресе ер адам үшін, жігіт үшін соңғы болмау қалыпты, алы мен намысы бар адамның ұмтылысы болар деп санаймын. Бұл – үлкен мәселе. Менің мұндай сезімім өте күшті болды, бұл сезіммен өмір бойы бірге келемін. Ол - қалып қоймау».


  ҚР ТПМ Білім беру бағдарламасы аясында «Отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары» жобасын іске асыру мақсатында 2009 жылдың 20-24 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «кіші отанына» ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды.
      Нұрсұлтан Назарбаев Шамалған селосында дүниеге келді, Қаскелең қаласындағы орта мектепте 10-сыныпты бітірді. Болашақ Мемлекет басшысының балалық және жастық шағы осында өтті, өмірге деген көзқарасы мен дүниетанымы осында қалыптасты.
      Экспедицияның ғылыми негіздемесі мен жұмыс жоспарын ҚР ТПМ директорының орынбасары, т.ғ.к. Қайыпова Б.М. мен бас ғылыми қызметкер, ә.ғ.к. Коновалов С.А. дайындады.
      Экспедицияға тікелей қатысқандар – ҚР ТПМ Музей педагогикасы орталығының жетекшісі Қазбекова Р.Ұ., ҚР ТПМ МПО кіші ғылыми қызметкері Бодықова Б.Б.
      «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Білім беру жүйесінің кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының біолескен жұмыс жоспарына сәйкес және Астана қ. Білім беру басқармасы бастығы бұйрығының негізінде экспедиция құрамына білім беру мекемелерінің өкілдері - ОБ БЖ және ҚДИ кабинетінің меңгерушісі А.А. Оспанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н. Қызыр (№7 ОМ). Сызу пәнінің мұғалімі М.Дүйсенов (№29 ОМ), тарих пәнінің мұғалімдері Е.Әлиев (№53 ОМ), А.Байзақова (№48 ОМ), Е. Жақыпбеков (№62 ОМ), П. Шойбекова (№5 ОМ) енгізілгенін атап көрсеткен жөн.
      Әсем Қарасай жеріндегі әрбір күннің әр сағаты жазылып қойылды.
      Экспедицияға қатысушылар Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында сурет салудан конкурс өткізді. Конкурстың маңызды тұсы балалар мен ересектердің бірлесіп, тастардан достықтың нышаны – «сәулесін шашқан күнді» бейнелеуі болды.

    Сабақты аяқтай отырып, мұғалімдер мен оқушылар тастан салынған «күнді» жалғастырған секілді күтпеген жерден бір-біріне қолдарын созды. Осынау көңіл-күйден туындаған тартылыс әлі күнге дейін сонау алыстағы Шамалғаннан Астанаға тартылған достық жібі секілді, қатысушылардың көңілінде сақталып қалды.
      Қарасай батыр атындағы мектепте – Н.Ә. Назарбаевтың оқыған мектебінде экспедицияға қатысушылар «Елбасы бойындағы лидерлік қасиеттердің қалыптасуы» тақырыбында сабақ өткізді.

      Сабақта оқушылар өздері үшін атақты жерлесінің өмірбаян беттерін қайтадан ашып, конкурстарға белсенді түрде қатысты. Астанадан арнайы әкелінген «Президенттің бір күні» фильмі оқушылардың есінде ерекше сақталды.
      Сонымен қатар сабақта сурет салудан өткен конкурстың есте қалған сәттері ретінде Үшқоңыр көріністерінен түсірілген суреттер слайды пайдаланылды.
      Ел Президентінің бастамашылығы бойынша Қарасай ауданының дарынды балалармен жұмыс жөніндегі тәжірибесі көңіл қоюға лайық. Қонақтардың қуланып, «Бұл қасиетті топырақ тағы да президенттер тәрбиелеп шығара ала ма?» деген сұрақтарына мүдірместен сенімді жауап қайтарылды.

      Қазіргі кезде мұнда барлық жағдайлар жасалған: қазіргі күннің талаптарына сай екі колледж, төрт мектеп, 280 орындық балалар бақшасы, жастардың ойын-сауығына арналған Мәдениет үйі, 150 төсектік учаскелік аурухана жұмыс істейді. Селоға жақында салынған мешіт ерекше көрік беріп тұр. Оның көгілдір күмбезі алыстан көз тартады.
      Бірақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті отанының басты байлығы ашық-жарқын, қонақжай, ақ жарқын адамдар екендігі даусыз.

      Қарасайлықтар Мемлекет басшысының өмірбаяны, оқушылық кезеңі, еңбек жолы туралы әңгімелейтін құжаттарды мұқият жүйелей және қорытындылай отырып, жерлесі туралы материалдарды ықтияттықпен жинайды.

Негізінен оған шабытқа толы энтузиазм ықпал етеді:
      • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұстазы С.А. Исаев пен оның сыныптастары («дөңгелек үстел» материалдары, 24.04.09);
      • Президенттің туыстары мен жақындары;
      • Абай атындағы Қаскелең мектеп-гимназиясының бұрынғы директоры, қазір мектеп мұражайының (Қаскелең қ.) жетекшісі М.Х. Мұқанова (Музейге Н.Ә. Назарбаевтың Президент лауазымында 1993 ж. ұшқан ұясына ресми сапарының бейнежазбасын тапсырып тұр);
      • Қаскелең қ. тарихи-өлкетану мұражайының директоры М.М. Қожанова;
      • Көпті көрген тарих мұғалімі, мектеп мұражайының жетекшісі (Шамалған с.) Р.Ш. Байқонысова.

      Экспедиция жұмысының нәтижелері 2009 жылы 12 маусымда «Отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары» атты семинарда тыңдалады. Бірақ қазірдің өзінде сапарға қатысушылар шамалғандықтардың еңбектеген жасынан еңкейген кәрісіне дейін өздерінің ұлы жерлесін мақтаныш етеді деп анық айта алады.


     2009 жылдың 21 сәуірінде №41 ОМ-нің 6-сынып оқушыларына арналған «Жәдігерлер сөйлейді…» циклы бойынша «Менің елордам – Астана» атты сабақ-саяхат өткізілді.
      Оқушылар сабақ барысында мына бағдарлар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Күмбезді залы (дәл осы залда 1997 жылы 10 желтоқсанда «Енді бұдан былай және мәңгі бақи осы жерде, кең-байтақ еліміздің нақ жүрегінде халықтың тағдыр-талайына қатысты шешімдер қабылданатын болады, енді бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғады...» деген тарихи мәні зор пікір айтылды) мен Мәжіліс залы (Астананың қалыптасу тарихына арналған экспозиция орналасқан) бойынша саяхат жасады.
      Ұстаздың мазмұнды әңгімесі Қазақстанның елордасы – Астананы көшіру мен оның салыну тарихының жарқын беттерін көрсететін экспозициялық материалдармен толықтырылды. Дәстүрлі емес сабақ үшін Музей қорынан арнайы қосымша жәдігерлер қойылып, кітап көрмесі дпйындалды.
      Н.Ә. Назарбаевтың астанаға деген ерекше қамқорлығын айта келіп, Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Н.Қ. Мусина оқушылардың назарына Музейдің мұрағат қорынан алынған Астана құрылысы жобаларын талқылау мен қабылдау барысындағы суреттер мен бейнематериалдарды ұсынды.
      Сабақ соңында сауалнама жүргізіліп, білім беру бағдарламасының тыңдаушылары сабақта алынған білімдерін бекітті.


      2009 жылдың 14 сәуірінде Политехникалық колледж бен №6 мектеп-гимназияның оқушыларына арнап «Қазақстан – ғарыш айлағы» атты дәріс өткізілді.
      Білім беру бағдарламасының тыңдаушылары тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласының қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысты.
   Музейдің Ақпараттық орталығының бас сарапшысы, дәріскер А.А. Қасенова атап көрсеткендей, ғарыш – Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің және әлемнің жоғары дамыған мемлекеттерінің клубына жол ашатын ұлттық жетістігінің негізі болып табылады.
      Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан зор.
      Дәріс барысында Музей қорынан алынған мұрағат құжаттары мен фотоматериалдар ұсынылды.


       2009 жылдың 10 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлеуметтік пәндер және психология факультеті студенттеріне арналып «Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның этносаралық келісімді үндестірудегі рөлі» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Дәріс барысында директордың орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудың алғышарттары мен қажеттіліктерінің негізгі тұстарын ашып көрсетті.
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқының келісімі мен бірлігі Ассамблеясын құру туралы идеясы Қазақстан халықтарының форумында қолдау тапты. 1995 жылдың ақпанында өткен ұлттық-мәдени орталықтар лидерлерімен кеңесте республика Президенті мемлекетіміздің барлық халықтарының мүдделерін қорғайтын бірыңғай, жалпыұлттық, үкіметтік емес ұйым құру идеясына қайтып оралды.
      Қазақстан халқының Ассамблеясы Мемлекет басшысының 1995 жылғы 1 наурыздағы арнайы Жарлығымен ел Президентінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган ретінде құрылды.
      Дәріскер тренинг әдісін қолданды. Сабақта мысал ретінде қарастырылған сенімді, нақты материалдар қызығушылық туғызды. Оқытушының тартуымен талқылауға араласқан студенттер тұрмыстық деңгейдегі кез келген дау-жанжалдарға қатысты адамның жеке басының қарым-қатынасы, қалыптасқан таптаурын болған көзқарастар мен теріс ұғымдар жағымсыз салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін деп қорытынды жасады.
      2009 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 14 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол өзін біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісімді қолдаудың пәрменді құралы ретінде көрсетті.


      2009 жылдың 7 сәуірінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде компьютер жүйесі және кәсіби білім беру, техника және агротехника факультеттері студенттеріне арналған «Мемлекет басшысының имиджі» тақырыбында ҚР ТПМ –нің кезекті көшпелі дәрісі өтті.

      Дәріскер, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Тұңғыш Президент Музейінің бас ғылыми қызметкері С.А. Коновалов тыңдаушыларды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті имиджі сипаттамасының негізгі өлшемдерімен таныстырып, 1993 жылдан бастап 2009 жылдың наурызына дейінгі аралықтағы Президентті қолдау рейтингісі динамикасына жүргізілген әлеуметтану сауалнамасының нәтижелерін көрсетті.
      Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың сіңірген ерекше еңбегі қазіргі заманғы Қазақстанды құру, Қазақстанда демократиялық қоғам институттарын құру және дамыту болып табылады.
      Аудитория назарына Музейдің мұрағат қорынан фото және бейнематериалдар ұсынылды.


      2009 жылдың 31 наурызында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде энергетика факультетінің студенттеріне арнап «Ішкі саясат және идеология» тақырыбында ҚР ТПМ – нің кезекті көшпелі дәрісі өтті.

      Дәріскер, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Тұңғыш Президент Музейінің бас ғылыми қызметкері С.А. Коновалов жастардың мінез-құлқына әсер ететін факторларға назар аудара отырып, қазіргі жастарды бастамашылық қасиет ерекшелеп тұратынын айтты. Жаңа нарықтық қатынастар кезеңінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан жастарында аға буынға қарағанда динамизм басым, көбірек екендігін атап көрсетті. Ол бүгінде еліміздің қоғамдық өмірінде ең маңызды орынға ие. Дәріскер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бастамашылық жасаған жастар саясаты жөніндегі бағдарламаның іске асырылуы туралы мәселелерге көңіл бөлді.


   2009 жылдың 17 наурызында Музейде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың педагогика, экономика және әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің студенттеріне арнап «Қазақстан және ЕҚЫҰ – жаһандық және аймақтық қауіпсіздік тұдырымдамасының эволюциясы» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Жаһандық және аймақтық қауіпсіздік тұжырымдамасын қарастыра отырып, директордың орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Ақтаева аймақтық ұйымдар институтының маңызына және олардың жергілікті және жаһандық әскери-саяси қақтығыстарды шешу мен алдын алудағы рөліне тоқталды. Күн санап күшейе және тереңдей түскен әлемдік ықпалдасу үдерістерінде әлемдегі қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр. Әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық тетіктерді құру жөнінде бастамашылық жасаған Қазақстан Орталық Азия секілді күрделі аймақтағы маңызды серіктестердің бірі болып табылады.
      Дәріс барысында Білім беру бағдарламасына қатысушылар Музейдің мұрағат қорынан бейнематериалдарды тамашалады.


      2009 жылдың 16 наурызында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде экономика және техникалық факультеттер студенттері үшін «Қазақстан және ЕҚЫҰ – жаһандық және аймақтық қауіпсіздік тұдырымдамасының эволюциясы» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырылды.

      Дәріскер, Тұңғыш Президент Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Ақтаева жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін қарастырды. «Қырғи қабақ соғыс» жағдайындағы ЕҚЫҰ тарихына қысқаша шолу жасай отырып, баяндаманы ғасырлар тоғысындағы жаңа геосаяси нақтылықтар жағдайындағы ЕҚЫҰ-ның рөліне тоқталды.
      Дәріс материалдарын Музей қорынан алынған «Қазақстан, ЕҚЫҰ және ХХІ ғасырдағы қауіпсіздік мәселелері» бейнефильмі толықтырды.
      Білім беру бағдарламасына қатысушылардың алуан түрлі сұрақтары еліміздің жас азаматтары үшін қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігін көрсетті. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымға төрағалық етуі біздің жас мемлекетімізді тек Орталық Азия аймағында ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемдегі ықпалды және маңызды саяси серіктестер ретінде тануға мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасының халықаралық беделін күшейтуде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан зор екені сөзсіз. ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасында пәрменді сұхбат жүргізу алаңын құруға елеулі үлес қосары сөзсіз.


    2009 жылдың 13 наурызында Астана қ. Біліктілікті арттыру институтының тыңдаушыларына арнап ҚР ТПМ Білім беру бағдарламасының тұсаукесері өтті.

      Слушателям были представлены все направления деятельности Музея по Образовательной программе, показаны видеозаписи мероприятий ЦМП. Преподаватели столичных школ выразили желание принять участие в проведении музейных уроков. Сотрудничество музейных педагогов со школьными учителями – один из путей успешной реализации проектов Образовательной программы


      2009 жылдың 13 наурызында бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. М. Әбжанов Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих-филология, жаратылыстану-техникалық, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне арнап «Еуразия рухани бірлігі: тарихы және кезеңдері» тақырыбында дәріс оқыды.

      Х. М. Әбжанов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессор-оқытушылар құрамының алдында оқыған дәрісінде ұсынған Еуропалық одақ идеясының тарихи алғышарттарын ашып көрсетті. Сабақ барысында Білім беру бағдарламасына қатысушылар Еуразиялық одақ идеясы жарияланғаннан кейінгі 15 жыл ішінде президенттік жобаның іске асырылуының қорытындыларын қарастырды. 2009 жылдың 10 наурызында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен Еуразия университеттері қауымдастығының он бірінші съезінде Президент Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзіндегі теориялық қағидаларға ерекше назар аударылды.
      Дәріс материалдары Музей қорынан алынған слайдтар, бейне, фотоқұжаттар арқылы көрсетілді.


      2009 жылдың 12 наурызында №3 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларына арнап «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2030». Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Музейдің мұрағат қорынан алынған фото-бейне құжаттар негізінде оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңарған тарихы бойынша алуан түрлі бай материалдар ұсынылды. Сабақтың негізгі өзегі «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» бағдарламасы қабылданған сәттен бастап еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуы туралы мәселені қарастыру болды. Еліміздің соңғы он жылда қол жеткізген табыстары Стратегияда белгіленген міндеттерді іске асыру нәтижесі болып табылады. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуде Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан зор, дамушы жас мемлекет жағдайында қандай да бір шешімдер қабылдауда көрегендік таныта білуі және оның саяси ерік-жігері Қазақстан Республикасының жетістіктерге жетуінің басты факторы болып табылды.
      Сабақта балалар №3 мектеп-гимназияның өмірінен мысалдар келтірді: оның түлектері «Болашақ» бағдарламасы бойынша Еуропа елдерінде, Қытайда оқиды. Сабаққа қатысушылар өздері де «Дарын» республикалық орталығының бағдарламасы бойынша олимпиада жеңімпаздары бола отырып, Мәскеу қ. дарынды балаларға арналған жазғы халықаралық лагерьде демалу құқығын иеленді. Осы оқу орнының 8-сынып оқушылары (2 адам) 2009 жылы қаңтарда Астана қ. ашылған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бастамасы бойынша ашылған Интеллектуалдық мектепте оқуға грант жеңіп алды.


      2009 жылдың 10 наурызында Басқару институты мен Астана қ. Стаматология колледжінің оқушыларына арнап тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Б.Қарағызова «Қазақстан және мұсылман әлемі» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс Қазақстан мен мұсылман елдері арасындағы дипломатиялық қатынастардың қалыптасу тарихына арналды. Дәріскер алдағы 2011 жылы Қазақстанның «Ислам конференциясы» ұйымына – халықаралық ірі ислам ұйымына төрағалық етуі – ислам әлемінің Қазақстанды саяси аренадағы ірі әрі беделді ойыншы ретінде мойындауы ғана емес, сонымен қатар халықаралық қатынастардың сапалы жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік екенін атап көрсетті.
    Тату көршілік пен ынтымақтастықты дамытудағы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қызметін мойындаудың айғағы бірқатар мұсылман мемлекеттерінің Елбасына тапсырған мемлекеттік наградалары болып табылады.
      Музейдің бай құжаттары мен фотомұрағаттарын пайдалана отырып, дәріскер ислам әлемі елдерінің кейбір жоғары мемлекеттік наградаларының тарихына тоқталды.


      2009 жылдың 6 наурызында «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы аясында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметі тұрғымынан қарағандағы тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдері» тақырыбында дәріс өткізілді.

   Дәріскер Ж. С. Бейісова, Тұңғыш Президент Музейі Ақпараттық орталығының жетекші сарапшысы, тыңдаушыларды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі қалыптасуының негізгі кезеңдерімен таныстырды. Дәріс барысында тәуелсіздіктің қалыптасуы мен орнығуы кезеңінде елімізде өткен саяси және экономикалық оқиғаларға талдау жасалды.


      2009 жылдың 13 ақпанында ҚР ТПМ Ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, профессор, тарих ғылымдарының докторы
    Х.М. Әбжановтың «Н.Ә. Назарбаев және қазақстандық мемлекеттіктің қалыптасуы» тақырыбындағы дәрісі өтті. Дәріс барысында, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуының негізгі кезеңдері, Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздіктің нығаюы мен мемлекетіміздің тұрақтылығын орнатудағы еңбегі баяндалды.


    2009 жылдың 17 ақпанында «Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті» тақырыбындағы кинолекция өтті. Дәріске Қ.Мұнайтпасов атындағы № 27 республикалық мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары қатысты.
      Дәріскер, ҚР ТПМ Музей педагогикасы орталығының аға оқытушысы
      Н.М. Мажкенов Елбасының жеке тұлға ретінде қалыптасуы жайлы дәріс оқыды.
     Кинолекция сурет, бейне материалдармен, Музей қорындағы жәдігерлермен толықты. Білім бағдарламасының қатысушылары болашақ Президенттің оқушы жылдарымен танысты. Оқушылар Н.Ә. Назарбаевтың Украина қаласындағы оқыған жылдары мен Теміртау, Қарағанды қалаларындағы жұмыс жасаған шақтарына қызығушылықтарын білдірді. Оқушылар Қазақстан Президентінің дана және көрегендік саясаты кеңестік аумақтағы көшбасшылар арасында ғана емес, әлемдік деңгейдегі саясаткерлердің арасында да ерекшеленетінін атап өтті.
      Дәріс барысында, Днепрозержинск қаласындағы мұғалім-жетекшілері мен достарының, Теміртау, Қарағанды қалаларындағы әріптестерінің еске түсіру бейнежазбалары көрсетілді.


      2009 жылдың 24 ақпанында № 14, 22 мектеп оқушыларына арналған
      «Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті» тақырыбындағы дәріс өтті.
      ҚР ТПМ Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Ж.Н. Молдабекова тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасы
    Н.Ә. Назарбаевтың рөліне талдау жасады. Дәріс барысында, Қазақстан Республикасының негізгі құжаттарын қабылдауға байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылды.
    Қазақстан мемлекетінің табысты әрі қарқынды түрде дамуының бір көрінісі –Астана қаласының құрылысы. Мұндай саяси қадам мемлекетіміздің экономикалық дамуын жеделдетуге себеп болып, халықтың әлеуметтік өмірінің деңгейін жоғарлатты.
      Дәрісте Музейдің мұрағат қорынан алынған бай киноматериал көрсетілді.


    2009 жылы 6 ақпанда ЕҰУ студенттеріне арнап «Саяси әлеуметтану» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскер, Музейдің бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты С.А. Коновалов Қазақстан лидері феномені туралы әңгімелей отырып, «ЦЕССИ-Қазақстан» СӘЗИ өткізген әлеуметтану зерттеулерімен таныстырды. Сауалдама қорытындылары бойынша, Президент мінезіне тән маңызды қасиет ретінде стратегиялық ойлау немесе көрегендік аталған.
    Респонденттердің бағалары бойынша, Н.Ә. Назарбаев бүгінде тек өз елінің Президенті ғана емес. Ол - жалпыәлемдік деңгейде кеңінен танымал саясаткер.Оны саяси ерік-жігері, даналығы, сабырлылығы, түсіністік таба білетіндігі, прагматиктігі, мақсатына жетудегі табандылығы үшін сыйлайды.
      Қазақстан Республикасы Президентінің тұлға ретіндегі мықтылығының арқасында бүгінде ол әлемдік қоғамдастық пен Орталық Еуразиядағы негізгі шет елдердің стратегиялық серіктесі ретінде Орталық азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактор ретінде қабылданады.
      Дәріскер саяси лидерлік феноменінің көптеген құрамдас бөлігін атап көрсетті. Оның бірі – ұлттың ұмтылысы мен көңіл-күйін терең сезіне білуі. Басқаша сөзбен айтқанда, лидер – қоғамдық пікірмен дос адам. Бұл қағидалар студенттер аудиториясында талқыланды.


 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
        2009 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы аясында №4 КМ пен №№ 16, 31, 37, 34 ОМ оқушылары үшін «Жәдігерлер сөйлейді» циклы бойынша «Н.Ә. Назарбаев – жаңа астананың бас сәулетшісі және «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» тақырыптарында сабақ-экскурсия өткізілді.
      Сабақтар Мәжіліс залында өтті. Мұнда 2005 жылға, «Ақорда» жаңа резиденциясына көшкенге дейін Мемлекет басшысы ел үкіметінің мүшелерімен, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кеңестер өткізген. Бұл зал Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің залықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес үйымдар, БАҚ өкілдерімен кеңейтілген кездесулер өткізуге арналған еді.
      Бүгін бұл залға Қазақстан Республикасы даму стратегиясының қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне арналған экспозиция қойылған.
    Білім беру бағдарламасына қатысушыларға арнап Музей қорынан алынған фото, бейне материалдар, мұрағат құжаттары қойылған. Музей педагогтерінің әңгімелері экспозиция материалдарын толықтырды. Дәріскерлер экономикалық, әлеуметтік реформалар өткізудегі негізгі кезеңдерді мазсұнды, анық, нақты етіп жеткізе білді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы еліміздің дамуының негізгі бағыты, қоғамдық сананың түбегейлі өзгеруіне ықпал еткен факторлардың бірі болды. Сарапшылардың көрсетуіндей, қазақстандықтардың ағымдағы кедергілер мен тосқауылдарға қарамастан өз күштеріне деген сенімі мен психологиялық көңіл-күйі маңызды қорытынды болды. Осы Стратегия жасаған санадағы төңкеріс қазақстандық азаматтық қоғамның дамуындағы айтарлықтай елеулі кезең болды.