2013 ж.

       2013 жылдың 10 желтоқсанында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы аясында № 59 мектеп-лицейінің оқушыларына «Туған жерім – тұғырым» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді.
      Дәріскер, Музей педагогикасы орталығының ғылыми қызметкері Б.Б. Будикова оқушыларды Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағы туралы мәліметтермен таныстырды. Елбасының алғашқы қоңырауы Шамалған ауылындағы орта мектептен басталды. Бұл мектепте әртүрлі ұлт және этнос өкілдері білім алды және сабақ берді. Елбасының білімділігімен қатар, төзімділікке және адамдарға деген ашықтығы осы білім ордасынан бастау алған.
 

      Дәріс барысында тыңдаушыларға Президенттің мектеп кезінде оқыған кітаптары, Елбасының Жеке мұрағатынан алынған отбасылық және оқушылық кезеңіндегі фотолар мен бейнематериал көрсетілді.


      2013 жылдың 29 қарашасында № 59, № 63 мектеп-лицейлерінің оқушылары үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы» тақырыбында дәріс өткізілді. 

 
 
      Дәріскер, Музейдің Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Д.С. Галеева Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы мен қабылдау тарихы туралы баяндап берді.
      Дәріс барысында Елбасының Конституцияның қалыптастыруындағы рөлін айғақтайтын Музей қорынан алынған бірегей мұрағаттық құжаттар мен фотоматериалдар көрсетілді.

      2013 жылдың 28 қарашасында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы аясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы: «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» тақырыбында экскурсия-сабағы өткізілді.
      Сабақ «Қазақстан Республикасы: мемлекеттің қалыптасуы мен даму стратегиясының айқындалуы» экспозициясы орналасқан Мәжіліс залында өткізілді.
 
 
      Сабақ барысында Музей педагогикасы орталығының ғылыми қызметкері Б.Б. Будикова ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиясын «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» контекстінде қарастыра келе, Қазақстан-2050 стратегиясы бұл жаңа кезеңдегі Қазақстан-2030 стратегиясының сатылы түрде дамуы екендігін атап өтті. Дәріскер Қазақстанның басымды даму мақсатын айта келе, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің реформалары туралы баяндап берді.
      Білім бағдарламасы тыңдаушыларының назарына Музей қорынан алынған құжаттар ұсынылды (фото-, бейнематериалдар және жәдігерлер).

       2013 жылдың 26 қарашасында № 61 орта мектебі мен № 63 мектеп-лицейінің оқушыларына «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында дәріс өткізілді.

 
       Азаматтық ұстаным тұрғысынан рәміздерге құрмет білдіру жоғары патриоттық құндылықтарға, Отанға деген сүйіспеншілікке баулиды. Мұндай ұстанымды нығайту үшін мемлекеттік рәміздерді зерттеу маңызды болып табылады.  
        Дәріскер, Музейдің Ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Г.Ә. Рамазанова мемлекеттік нышандар – Ту, Елтаңба, Әнұранның қалыптасу тарихына толыққанды тоқталды.
Дәріс барысында Музей қорынан алынған мұрағаттық фото- және бейнематериалдар қолданылды.

      2013 жылдың 15 қарашасында № 31 мектеп-гимназияның және «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің оқушыларына ұлттық валютаның 20 жылдығына арналған «Тенге – тәуелсіздігіміздің нышаны» тақырыбында дәріс өткізілді.

 
        Қазақстандық теңге басқа символдармен қатар мемлекет егемендігінің түпнұсқалық белгісі және пайда болған кезеңнен бастап елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі сынақтарға табысты түрде төзімділік көрсетіп отыр.  Ұлттық валютаның енгізілуі жеке ұлттық экономиканың қалыптасуының негізі, республикадағы нарықтық қатынастарды құрудың маңызды құралы болды.
       Дәріскер, Музейдің Ақпараттық орталығының жетекшісі, PhD докторы Л.В. Флёрко тыңдаушыларды қазақстандық валютаға әлемдік атақты әкелген және халықаралық сарапшылардың мойындауына ие болған инвестициялық және коллекциялық монеталардың, банкноттардың үлгілерімен таныстырды.
        Теңгенің тарихы – бұл Қазақстанның тарихы. Бұған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзін келтіруге болады: «Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің елімізде өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны...» .
Дәріс барысында Музей қорынан алынған мұрағаттық фото- және бейнематериалдар қолданылды.

      2013 жылдың 24 қазанында Көлік және коммуникациялар колледжі және Политехникалық колледжінің студенттеріне «Қазақстан және мұсылман әлемі» атты дәріс өткізілді.

      Біздің еліміздің сыртқы саяси көзқарасының кең шоғыры мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан мен мұсылман әлемінің серіктестігі ерекше орын алады. Ислам мемлекеттерінің Ислам Конференциясы Ұйымы (қазіргі Ислам Ынтымақтастық Ұйымы) және Ислам Даму Банкі маңызды бірлестіктері аясында Қазақстан теңқұқылы және тиімді түрде қызмет етеді.
      Дәріскер, Музейдің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Б. Карагизова біздің еліміздің мұсылман әлемімен ынтымақтастығы мәселелерін айта келе, ислам әлемі елдерімен мемлекетаралық дипломатияны нығайтудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ерекше рөлін баяндап берді.
      Дәріс барысында Музей қорынан алынған мұрағаттық фото- және бейнематериалдар көрсетілді.

        2013 жылдың 22 қазанында № 29, 45 орта мектептерінің оқушыларына  «Жарықшақты атом – жарықшақты әлем» тақырыбында дәріс өткізілді.

       Дәріс ядролық қарудың қалыптасу тарихына арналған. Музейдің Экспозицияларды және экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру орталығының аға сарапшысы ядролық қауіпке қарсы өзекті мәселелерге толықтай тоқтала келе,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ядролық қарусыздану ісіне қосқан зор үлесін баяндап берді. Дәріс барысында Музей қорынан алынған мұрағаттық фото- және бейнематериалдар көрсетілді.


       2013 жылдың 18 қазанында № 48, 66 мектеп-лицейлерінің оқушылары үшін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында дәріс өткізілді.

     Музейдің Ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Г.Ә. Рамазанова егемендік пен тұтастықтың көрінісі болып табылатын кез келген мемлекеттің ажырамас атрибуттары – мемлекеттік рәміздері туралы әңігмелеп берді. Дәріскер Ту, Елтаңба, Әнұран – мемлекеттік нышандардың элементтері, қалыптасу тарихы туралы толық баяндап берді.  Дәріс барысында Музей қорынан алынған мұрағаттық фото- және бейнематериалдар қолданылды.


      2013 жылдың 17 қазанында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Шоғырланудың жаңа кезеңі: өркениеттің құрылуы және түйістіруі» тақырыбында дәріс өткізілді.

       Дәріскер, Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Ақтаева аймақтық және жаһандық үдерістердің дамуы жөніндегі Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларын айта отырып, қазақстандық шоғырланудың көрінісіне толықтай тоқталды.


        2013 жылдың 10 қазанында № 53 мектеп-лицейінің оқушылары үшін Музейдің Күміс залында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы аясында «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді.

       Ақпараттық орталығының аға сарапшысы Г.К. Қасенова оқушыларды наградалардың пайда болу тарихымен және награда жүйесінің даму ерекшеліктерімен таныстырды. Наградалық жүйенің қай түрі болмасын ол барлық мемлекеттерге тән. Бейнелеу мен қолдау арқылы мемлекет пен ұлт дәстүрін сақтай отырып, наградалық жүйе маңызды саяси ұлттық нышан болып табылады. Сабақ барысында балалар Музейдің бірегей коллекциялары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттік наградаларымен танысуға мүмкіндік алды.


          2013 жылдың 2 қазанында №№ 60, 62 мектеп-лицейлерінің оқушылары үшін «Қазақстан – ғарыш айлағы» тақырыбында дәріс өткізілді.

      
      Қазақстан жерінде ғарышты игеру бүкіләлемдік Байқоңыр ғарышалаңынан басталды. Бұл дүниежүзіндегі ірі ғарышалаңдардың бірі болып табылады. Байқоңыр Америка Құрама Штаттарындағы Канаверал мүйісінің ғарышалаңы мен француз Гвианасындағы Куру ғарышалаңынан кем түспейді. Елбасы «Қазақстан жолы» атты кітабында: «Менің ғарышқа деген көзқарасым, басқа да адамдардікі сияқты, ерекше болды және бүгін де солай қала береді. Бұл – бүкіл ғаламның, жерден тыс өркениеттердің кереметтей құпияларын бойына жинаған, ата-бабалар рухымен байланыстырып тұрған тылсым дүние. Ол мені қашанда қызықтыратын, жан дүниемді баурайтын».
     Дәріскер, Ақпараттық орталығы жетекшісінің орынбасары Ә.А. Жақаева Байқоңыр ғарышалаңының еліміздің стратегиялық маңызды нысандар қатарынан орын алатынын атап өтті. Болашақта ғарыштық индустрия Қазақстанның инновациялық экономикасының сегменттерінің біріне айналуы керек, мұның негіздері «Қазақстан-2050» стратегиясында айқын көрсетілген.
      Дәріс барысында Музей қорынан алынған фото- және бейнематериалдар көрсетілді: Байқоңырдың графикалық сұлбасы, дүниежүзіндегі алғашқы ірі ғарышалаңның фотосуреттері және ғарыштық тұрмыстың құпиялары туралы әңгімелейтін бейнефильм. Оқушылар ғарышта болған музейлік жәдігерлермен – Қазақстан Республикасының Туы, топырақ салынған капсула, Президенттің «Қоғамды трансформациялау стратегиясы және еуразиялық өркениеттің пайда болуы» кітабымен танысты.

     2013 жылдың 5 қыркүйегінде Политехникалық және Көлік және коммуникациялар колледждерінің студенттері үшін «Конституция – Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы» тақырыбында дәріс өткізілді.
     Музейдің Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Д.С. Галеева тәуелсіз Қазақстан Конституциясы қалыптасуының негізгі кезеңдерін қарастыра келе, Конституция нормаларын жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының кепілі ретіндегі мемлекеттің Негізгі Заңын әрі қарай пайдалану әлеуеті туралы баяндап берді.
Дәріс барысында Музей қорынан алынған «Қазақстан Республикасы Конституциясын Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевқа ресми түрде салтанатты табыс ету рәсімі туралы репортаж» бейнежазбасының үзінділері және Елбасының Конституцияны қалыптастыру процесіндегі рөлін айқындайтын фотоматериалдар қолданылды.
 

     2013 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Дәріскер, Музейдің Ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Г.Ә. Рамазанова мемлекеттің саяси егемендігінің басты нышандары: Ту, Елтаңба, Әнұранның қалыптасу тарихы туралы баяндап берді. Музей қорынан алынған көптеген мұрағат құжаттары мен фотолар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жас мемлекеттің мемлекеттік рәміздерінің қалыптасуындағы тарихи рөлін айқындайды. Құжаттардың арасында Президенттің өз қолымен толықтырулар мен түзетулер енгізген Әнұранның қолжазбалық нұсқасы бар.
      Қазақстанның ресми рәміздері – жас мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің, халықтар бірлігінің айқын көрінісі. Рәміздерге құрметпен қарау кез келген қазақстандықтың азаматтық борышы.


      2013 жылдың 4–5 мамырында.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жанындағы «Ақиқат» дебаттық клубы Астана қ. дебаттық қозғалысымен бірлесе оқушылар арасында «Astana-OPEN 2» халықаралық пікірталас турнирін өткізді.
      Турнир қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері бойынша сындарлы өзара қатынас, идеялардың генерациясы және оқушы-жастардың шоғырлануы үшін алғышартты қалыптастыратын диалогтық алаңға айналды.
      Халықаралық турнирді өткізудің мақсаты: оқушылар арасында пікірталас қозғалысын қолдау, азаматтық және шығармашылық белсенділікті жоғарылату. Турнирдің қатысушылары өз қабілеттерін тамаша көрсететін мүмкіндікке ие болды: жарыссөзді жүргізу дағдысы, өз пікірін сындарлы түрде білдіру және өз қарсыластарының пікіріне төзімділік білдіру.

      Турнирдің ашылу рәсімінде Астана қ. № 1 және № 2 музыкалық мектептерінен балалардың шығармашылық ұжымдары, № 56 мектеп-лицейінің оқушылары пікірталасқа қатысушыларды қошеметпен қарсы алды.

      Турнир БПФ форматында (британдық парламенттік формат) өткізілді.
      Турнирге қазақ және орыс лигалары бойынша 53 топ қатысты.
      Турнирдегі төрешілер алқасын тәжірибелі төрешілер басқарды – студенттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қалалық және республикалық деңгейдегі пікірталас турнирлерінің жеңімпаздары. «Astana-OPEN 2» пікірталас турнирінің тақырыбы: «Әлемге 3D көзілдірігімен қарағанда».
      Пікірталасқа қатысушылар кинематография саласы бойынша өз білімдерін көрсетумен қатар, талдау жасау, өз пікірін дәлелдеу дағдысын көрсете білді.
      Нәтижесінде қазақ лигасы бойынша бөлінген орындар келесідей:
І орын – «Liberation», Қарағанды қ.;
ІІ орын – «Жұлдыз ПТК», Балқаш қ.;
ІІІ орын – «JJ», Астана қ. № 15 лицейі.
      Орыс лигасы бойынша:
І орын – «Pride», Астана қ. № 15 лицейі;
ІІ орын – «Hunta», Қостанай қ.; ІІІ орын – «99 франков», № 30 мектеп-гимназиясы.

      «Үздік спикер» Линкольн-Дуглас форматы ойынының нәтижесі бойынша анықталды.
      Турнирдің «Үздік спикер» номинациясында қазақ лигасы бойынша аталғандар:
І орын – Шайдахов Дархан, Астана қ. № 38 мектеп-лицейі;
ІІ орын – Айдынов Шыңғыс, Семей қ.
      Орыс лигасы бойынша:
І орын – Оспанова Диана, Астана қ. № 30 мектеп-гимназиясы;
ІІ орын –Жұмабай Бақытжан, Астана қ. № 15 лицейі.
      Ұйымдастырушылар дәстүр аясында номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттады: «Үздік бапкер»: А. Хабдал (Балқаш қ.), С. Максименко (Астана қ.); «Үздік төреші»: М. Жуандық (Астана қ.), О. Закарин (Астана қ.).
      Пікірталас турнирі екі күн бойы Астана қ. № 66 мектеп-лицейінде өткізілді. Турнир ұйымдастырушылары № 66 мектеп-лицейінің директоры Шаяхметова Айтжан Ермұханқызына ерекше алғыс білдіреді: ол, сонымен қатар басқарып отырған ұжымның тәртіпті жұмысы ойынның табысты өткізілуіне септігін тигізді. Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Сәбитова Қанипа Қасымбайқызы, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Нұртазина Бақытгүл Қойшыбекқызының ұйымдастырушылық тәртібін және шығармашылық бағытын ерекше атап өтуге болады.


      2013 жылдың 26 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институты және «Астана қ. Медициналық университеті» АҚ студенттеріне «Қазақстан Республикасындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Дәріскер, ҚР ТПМ-нің бас ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Б. Карагизова Қазақстандағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің даму мәселелері, қазақстандық қоғамның құқықтық психологиясы мен құқықтық идеологиясының ерекшеліктері туралы баяндап берді.
      Дәріс барысында Музей қорынан алынған мұрағаттық фотоматериалдар қолданылды.


      2013 жылдың 21-22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жанындағы «Ақиқат» пікірталас клубы Астана қаласы балалардың құқығын қорғау департаментімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ауыспалы кубогіне оқушылар арасында қалалық дебаттық турнир өткізді.

      Турнирдің мақсаты – қоғамымызда өзекті болып отырған мәселелерді оқушыларға талқылау мен сараптау жасату арқылы, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін, логикалық ойлауы қабілетін арттыру, шешендікке баулу болып табылады.
      Ойын барысында келесі резолюциялар ұсынылды:
1. Бұл палата жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың механизмін ұсынады.
2. Бұл палата әкімдердің сайланбалы жүйесін енгізу ақталады деп есептейді.
3. Бұл палата әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту ақталады деп есептейді.
4. Бұл палата атом энергетикасына қарағанда, «жасыл» технологияға инвестиция құю тиімдірек деп есептейді.
5. Бұл палата қазақ әліппесінің латын әліппесіне ауысуы ақталады деп есептейді.
      2012 жылы дебаттық турнирде бас жүлдені жеңіп алған № 15 лицей директоры Жаркенов Бауыржан Қапарұлының басшылығымен өз қабырғасында ойыншыларды қабылдап, ойынның сәтті өтуіне үлкен үлес қосқанын атап өткіміз келеді.
      Дебаттық турнирге Астана қаласы мектептерінің қазақ, орыс лигасынан 38 команда қатысты. Ойынға түрлі жоғары оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қалалық және республикалық деңгейдегі дебаттық турнирлердің жеңімпаздары болып табылатын тәжірибелі төрешілер қазылық етті.

      3 раунд барысында финалға қазақ лигасынан суырылып шыққан № 15 лицейдің «Сириус», «Жалынды жастар», № 9 дарынды балаларға арналған «Зерде мектебінің «Іңкәр сезім», № 7 мектеп-гимназиясының «Азамат» командалары мен орыс лигасынан № 15 лицейдің «Снежок», № 5 гимназияның «Формат А-3», № 30 мектеп-гимназияның «Альтер Эго» командалары «Бұл палата қазақ әліппесінің латын әліппесіне ауысуы ақталады деп есептейді» резолюциясы бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде орындар келесі тәртіппен бөлінді:
Қазақ лигасы бойынша:
І орын - «Жалынды жастар» (№ 15 лицей);
ІІ орын - «Іңкәр сезім» («Зерде» мектебі);
ІІІ орын - «Сириус» (№ 15 лицей).
Орыс лигасы бойынша:
І орын - «Alter ego» (№ 30 мектеп-гимназиясы);
ІІ орын - «Снежок» (№ 15 лицей);
ІІІ орын - «Формат А-3» (№ 5 гимназия).
      Сонымен қатар биылғы жылы да «Үздік спикер», «Үздік бапкер», «Үздік төреші» номинациялары сарапқа салынды. Барлық жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі мен Астана қаласы балалардың құқығын қорғау департаментінің дипломдары, алғыс хаттары және естелік сыйлықтар тапсырылды.


    2013 жылдың 19 сәуірінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және «Астана қ. Медициналық университеті» АҚ студенттеріне «Қазақстан Республикасының Президенті және ұлтаралық келісім» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріскер, ҚР ТПМ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова тәуелсіздік алған күннен бастап, ұлтаралық қатынастардың үйлесімі мемлекеттің ішкі саясатының негізіне айналғандығын атап өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен және жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі тәуелсіз Қазақстанның дамуының тиімділігін дәлелдеді және елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыру процесінде маңызды рөл атқаруда.

      Дәріс барысында Музей қорынан алынған мұрағаттық фото- және бейнематериалдар қолданылды.


      2013 жылдың 18 сәуірінде «Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектептері» оқушыларына «Мемлекет басшысының имиджі» тақырыбында көшпелі дәріс өткізілді.
      Музейдің бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы С.А. Коноваловтың айтуынша «Қазақстан азаматтық саяси бірегейлігі қалыптасып келе жатқан жас мемлекет». Мемлекеттің позитивті, жағымды әрі жан-жақты имиджі тәуелсіздік алған кезден бастап белсенді түрде қалыптасты. Оның қалыптасуына Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев маңызды рөл атқарды.

      Елбасы маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайтақұрулардың бастамашысы болып табылады. Ол Қазақстан халқының ұмтылысын айқын көрсететін жалпыұлттық идеология мен стратегияны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси және өмірлік ұстанымы.
      Дәріс барысында фото- және бейнематериалдар, диараммалар, кестелер қолданылды.


      2013 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Астана қаласы тарих пәні мұғалімдерінің ұсынылған біліктілік санаттарына өту аттестациясы бойынша құрылған эксперименталды алаң жұмысы аясында қоғамдық пәндер мұғалімдерінің кезекті қалалық семинары өткізілді.

      Эксперимент жүргізіліп жүрген жылдардың ішінде алғаш рет ашық сабақты білім беру ұйымының басшысы өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі, «Экономикалық лицейдің» директоры Б.Р. Сыздықова Музей педагогикасы орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты дәстүрлі емес сабақ дайындады.

      Ұйымдастырушылар аталған сабақты шығармашылық тұрғыдан көрсете білді. Конференция сабақ барысында қолданылған оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері оқушылардың ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын меңгеруіне және «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегияларын талдау мен салыстыруға белсене атсалысуына бағытталды.
      Сабаққа шақырылған № 1 мектеп-лицейінің оқушылары тарихи құжаттарға талдауға арналған пікірталасқа қызу араласып, экономикалық лицейдің оқушыларының жауаптарын толықтырып отырды.
      Аттестациялық комиссияның мүшелері аттестациядан өткелі отырған мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, кәсібилігін, сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің түрлілігін, шығармашылық жаңашылдығын және тәрбиеленушілердің терең білімін атап өтті. Семинарға қорытынды жасаған Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Адинаева Қ.Қ. және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалының әкімшілік басқармасының бастығы, п.ғ.к. Бекмағамбетов А.Ж. семинардың жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетті.


      2013 жылдың 26 наурызында Политехникалық колледждің 1 курс студенттеріне «Қатерлі атом – қауіпті әлем» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Дәрісте Қазақстанның дүниежүзілік ядролық қарусыздану ісіне қосқан үлесі туралы баяндалды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі Экспозицияларды және экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру орталығының аға сарапшысы Ш.Б. Құнанбаева атомдық қарудың қалыптасу тарихына, ядролық сынақтар мен олардың зардаптары туралы егжей-тегжей айта келе, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы туралы әңгімелеп берді. Сабақ барысында интерактивтік әдістер мен тәсілдер қолданылды.
      Тыңдаушылар назарына Музей қорынан алынған мұрағаттық фото- және бейнематериалдар көрсетілді.


      2013 жылдың 14 наурызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде пікірталасқа қатысушы мектеп топтарының мұғалім-тренерлері үшін семинар-тренинг өткізілді.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде пікірталасқа қатысушы мектеп топтарының мұғалім-тренерлері үшін семинар-тренинг өткізілді.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жанындағы жастар бірлестігі болып табылатын «Ақиқат» пікірталас клубы өзінің қызметін 2011 жылы бастады. «Ақиқат» клубының негізгі мақсаты тұлғаның рухани дамуына жәрдемдесетін оқушы жастардың шешендік өнерін, лидерлік қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
      2013 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Кубогі үшін кезекті пікірталас турнирі, сонымен қатар Астана қ. мұғалім-дебатерлері арасында пікірталас турнирі өткізіледі.

      Семинардың қатысушылары – Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, жоғары оқу орындары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қалалық және республикалық деңгейдегі пікірталас турнирлерінің тәжірибелі төрешілері, мұғалімдер болашақ ойындардың форматы туралы мәселелерді талқылап, резолюция мен топтардың тізімдерін бекітті.


      2013 жылдың 13 наурызында № 31 мектеп-гимназия және «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешені оқушыларына «Қазақстан және мұсылман әлемі» атты дәріс өткізілді.

      Дәріскер, Музейдің бас ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Б. Карагизова Ислам Конференциясы Ұйымы және Ислам Даму Банкі маңызды бірлестіктері аясында Қазақстанның мұсылман әлемімен ынтымақтастығы мәселелерін айта келе, ислам әлемі елдерімен мемлекетаралық дипломатияны нығайтудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ерекше рөлін баяндап берді.
      Дәріс барысында Музей қорынан алынған фото- және бейнематериалдар қолданылды.


      2013 жылдың 5 наурызында «АСУ» гуманитарлық-техникалық колледжі және Басқару колледжі студенттеріне «Саясаттағы тұлғаның рөлі» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріс барысында тарихтағы тұлғаның рөліне, әлемдегі белгілі саясаттанушылардың жеке қасиеттеріне мінездеме берілді.
      Дәріскер, Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Ақтаева әртүрлі дәуірдегі саяси қайраткерлердің көшбасшылық қасиеттерін салыстыра келе, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың саяси ұстанымын ерекше атап өтті.

      Дәріс барысында Музей мұрағатынан алынған бейнематериалдар және Елбасының Жеке кітапханасынан алынған кітаптар көрсетілді.


      2013 жылдың 4 наурызында № 22 мектеп-гимназиясы мен № 35 мектеп-лицейі оқушыларына «Конституция – Қазақстан Республикасының Негізгі заңы» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Дәріскер, Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Д.С. Макубаева 1995 жылы қабылданған қазіргі Қазақстан Республикасы Конституциясының жазылу тарихы мен қабылдануы туралы мәлімет берді. Дәріс барысында дәріскер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Конституцияның нормаларын іске асыру және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының кепілі ретіндегі мемлекеттің Негізгі заңы әлеуетінің әрі қарай қолданылуындағы Елбасының рөліне жан-жақты тоқталды.
      Дәріс барысында Конституцияны қалыптастыру процесіндегі Елбасының рөлін айқын көрсететін Музей мұрағатынан алынған бірегей құжаттар мен фотоматериалдар көрсетілді.


      2013 жылдың 27, 28 ақпанындаҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жанындағы Астана қ. тарих пәні мұғалімдерінің біліктілік санаттарын арттыру мақсатында берген өтінімдері бойынша аттестациядан өткізу эксперименталды алаңының аясында қоғамдық пәндер мұғалімдерінің қалалық семинары өткізілді.
- «Аттестация – шығармашылыққа жету жолдары»;
- «Мұғалімдерді аттестациялау – ұстаздың шеберлігін арттырудың құрамды бөлшегі».
      Эксперименталды алаңның басты міндеттері – шығармашыл ұстаздардың озық тәжірибесін кеңейту, оқу-тәрбиелеу процесіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің интерактивті ақпараттық ресурстарын енгізу, біліктілігін, кәсібилігін арттыру, шығармашылық бастамаларды дамыту бойынша педагог қызметкерлердің қызметін ынталандыру.

      Ұстаздар Музей педагогикасы орталығы қызметкерлерімен бірлесе жоғары санатын растайтын келесі ашық сабақтарды дайындады және өткізді:
- «EXPO-2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі» конференция сабағы, ұстазы Б.З. Әбдықадыров (№ 5 гимназия, 11 сынып);
- «Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы» сабағы, ұстазы Б.К. Қайыркенова (Кәсіби-техникалық колледж, 2 курс).
      I санатты алу бойынша өткізілген сабақтар:
- «IX-XII ғғ. қазақ сәулетшілігі» зерттеу сабағы, ұстазы Қ.А. Инербаева (№ 5 гимназия, 7 сынып).
- «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім» жарыс сабағы, Қ. Карабалаұлы (№ 10 мектеп-гимназия, 10 сынып);
- «Астана – түркі елінің мәдени ордасы» экскурсия-сабақ, ұстазы С.Б. Кішібаева (№ 15 лицей, 9 сынып).
      Аттестациялық комиссияның мүшелері көрсетілген барлық сабақтардың деңгейінің жақсы екендігін атап өтті. Ұстаздар шығармашыл жаңашылдық, формалары мен әдістердің әртүрлілігі, көрнекі құралдардың қолданылуы, тапсырмалардың түрлілігі, пәнаралық байланыстардың байқалуымен ерекшеленді. Сабақтар жоғары кәсіби деңгейде өтіп, әріптестердің жоғарғы бағасына ие болды.

      Семинардың қорытынды бөлімінде Музей педагогикасы орталығының жетекшісі Р.Ұ. Қазбекова және № 5 гимназияның оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Т.М. Бахриденова қоғамдық пәндер ұстаздарына елордадағы арнайы көрмені өткізуге Қазақстан Республикасының дайындығы туралы сыныптан тыс іс-шараларды өткізу тәжірибесімен алмасу бойынша «EXPO-2017 Астанада» практикум сабағын өткізді. Сабақта өндірістің әртүрлі салаларында қайта жаңарған энергияның қолданылуы туралы оқушылардың ғылыми жобалары тыңдалды:
- «Тастағы сәукеле» (Алмат Әжібаев, № 4 мектеп-гимназиясының оқушысы);
- «Қайта жаңарған энергияны теміржол көлігінде қолдану» (Ерасыл Шакенов, Көлік және коммуникациялар колледжі);
- «Жеңіл рельсті трамвайлардың дизайны және Астана қ. бойынша бағдар сұлбасы» (Политехникалық колледждің оқушылары Ережеева Гүлжан, Сағатов Нұржан) және «Экспонент-қонақтар үшін трамвай желілеріндегі электронды анықтамалар» (Политехникалық колледждің оқушылары Агманова Гүлжаннұр, Касимова Әлия);
- «Баламалы энергияның қолданылуы» (Жеңіс Жаннұр және Күлтешев Олжас, қазақ-түрік лицейінің оқушылары).
      Семинарды қорытындылай келе, Педагогтар кеңесінің мүшелері және шақырылған оқытушылар аттестацияланып жатқан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, кәсібилігін, оқушылардың терең білімін атап өтті.


      2013 жылдың 26 ақпанында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Қазақстан және мұсылман әлемі» атты дәріс өткізілді.
      Біздің еліміздің сыртқы саяси мүдделерінің шоғырында Қазақстанның мұсылман әлемімен ынтымақтастығы ерекше орын алады. Тәжірибе көрсеткендей, мұсылман мемлекеттерімен қарым-қатынас қарқынды түрде дамуда және серіктестіктің барлық салаларында нығаюда. Әсіресе, жемісті түрдегі қарым-қатынас қарқыны экономикалық және мәдени салаларда көріне бастады. Қазақстан ислам мемлекеттерінің Ислам Конференциясы Ұйымы және Ислам Даму Банкі маңызды бірлестіктері аясында теңқұқылы және тиімді іс-әрекет жасай бастады,
      Дәріскер, Музейдің бас ғалым хатшысы тарих ғылымдарының кандидаты Г.Б. Карагизова ислам әлеміндегі беделді құрылымдардың қызметіне қатысу Қазақстанның мұсылман әлемінде болып жатқан үдерістердің тікелей қатысушысы болуына және аймақтың басқа да мемлекеттерімен түсіністік пен серіктестікті белсенді етуге жәрдемдесетіндігін атап өтті. Қазақстанның аталмыш ұйымдардан көрінуі мұсылман әлемінің ажырамас бөлшегі ретіндегі республика мәртебесінің нығаюына жағдай жасайды.

      Дәріскер ислам әлемі мемлекеттерімен мемлекетаралық дипломатияның нығаюындағы Н. Ә. Назарбаевтың рөліне ерекше тоқталып өтті.
      Дәріс барысында Музей қорынан алынған фото- және бейнематериалдар қолданылды.


      2013 жылдың 19 ақпанында Астана қ. Астаналық көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі мен Менеджмент және бизнес колледжі оқушыларына Қазақстанның ұлттық валютасының қалыптасуы мен енгізілу тарихына арналған «Теңге – тәуелсіздіктің символы» атты дәріс өткізілді.

      2013 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша ұлттық валюта – теңгенің енгізілгеніне 20 жыл толады. Өткен жылдар ішінде қазақстандық ақша бірлігін халықаралық нарық мойындады. Шетелдік сарапшылар теңгені ТМД мен Орталық Азия кеңістігіндегі сенімді әрі тұрақты валюталардың бірі деп атап өткен болатын. Қазіргі таңда теңге Тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің маңызды нышаны, жаңа тарих пен қазақстандық болашақтың толық салмақты бөлшегі болып табылады,
      Дәріскер, Музейдің Ақпараттық орталығының жетекшісі Л.В. Флёрко білім бағдарламасының тыңдаушыларын Қазақстандағы ақша айналымының тарихымен таныстырды.
      Дәріс барысында Музей қорынан алынған фото- және бейнематериалдар пайдаланылды.


      2013 жылдың 8 ақпанында № 1 мектеп лицейі мен № 6 гимназияның оқушыларына «Қазақстан – ғарыш айлағы» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Ақпараттық орталықтың бас сарапшысы Ә.А. Жақаева ғарыш саласындағы әлемдік қауымдастықтың серіктес нысаны болып табылатын әлемдегі ең ірі Байқоңыр ғарышалаңы туралы әңгімелеп берді.
      Дәріскер тыңдаушыларды «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылған «Қазкосмос» Ұлттық ғарыш агенттігінің жаңа жобаларымен таныстыра келе, еліміздің ғарыш саласындағы жетістіктері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында екендігін атап өтті.
      Дәріс барысында оқушылар салмақсыздық жағдайындағы ғарышкерлердің өмірімен, бос уақыттарын қалай өткізетіндіктері туралы баяндайтын материалдармен танысты.
      Сабақта Музей қорынан алынған мұрағаттық фото- және бейнематериалдар қолданылды.


      2013 жылдың 1 ақпанында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің оқушыларына «Қазақ ою-өрнегі Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының архитектуралық ансамблінде» атты дәріс өткізілді.       Дәріскер, Музейдің Ақпараттық орталығының жетекші сарапшысы Ж.С. Бейісова еліміздің ою-өрнегін әңгімелей келе, әрқайсысы белгілі бір элементтер мен мотивтердің тұлғажасамдық әдістерімен, сызықтың тұрақтылығымен, уақыт шамасындағы қиындының қайталаушылығымен және белгілі бір заттармен, материалдармен байланыстылығымен сипатталатын ою-өрнектің төрт тобын атап өтті.

      Дәріс барысында оқушылар қазақ ою-өрнегінің түрлерімен танысты, Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясы ғимаратының архитектуралық ансамбліндегі ою-өрнектерді қарастырды.


      2013 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде №№ 2, 3 мектеп-гимназияларының оқушыларына «Қазақстан Республикасындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы» атты дәріс өткізілді.

      Дәріс Қазақстан Республикасындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің дамуы, қазақстандық қоғамдағы құқықтық психология мен құқықтық идеологияның ерекшеліктері секілді өзекті мәселелеріне арналды.       Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Б. Карагизова қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы Елбасының жүйелі, мақсатты мемлекеттік саясатты айқындау рөліне және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейіне баса назар аударды.


      2013 жылдың 18, 29 қаңтарында, 1 наурызында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Тұран-Астана» университетінің студенттеріне «Қазақстан Республикасы – көпұлтты мемлекет» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріскер, Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүйелі түрде іске асырылып отырған этносаралық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңінде өз нәтижесін көрсеткендігін атап өтті. Бұл мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси процесінің жаңғыруында маңызды рөл атқаратындығын айта келе, өскелең ұрпақтың міндеті ортақ Отанымызда бейбітшілік пен келісімді сақтау мен арттыру екендігін баяндап берді.

      Дәріс барысында жұмыстың интерактивті әдістері, ассоциация тәсілдері қолданылды. Жұмыстың мұндай түрлері тұлғаның азаматтық өзіндік теңестіру негіздерінің қалыптасуына жәрдемдеседі. Теориялық материалдар мен интерактивті жаттығулардың тиімді үйлесуі игерілген білімнің меңгерілуіне жәрдемдеседі.