2011 ж.

      2011 жылдың 5 – 8 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дәстүрлі емес іс-шараларының тұсаукесерлік мерейтойлық аптасы өткізілді.
      2011 жылы мемлекетіміздің ең басты мемлекеттік мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығының мерекесі. Тәуелсіздік – бұл ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған армандарының орындалуы және үміттерінің ақталуы. Екі жүздей мемлекет пайда болған әлем картасында Қазақстан XX ғасыр соңындағы қиыншылықтарға қарамастан тәуелсіз мемлекет құра алды. Тарих ағымында бұл жылдар бір сәт секілді болғанымен, біздің мемлекетіміз үшін бұл жаһандану өзгерістері, қарқынды даму, үлкен табыстар уақыты болды.
      «Жұлдызды апта» бағдарламасы аясында мазмұны және түрі жағынан әртүрлі музейлік сабақтар өткізілді.
      5 желтоқсанда оқушылар қатысушылар назарына қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған тарихи тұлғалар туралы «Тарих шырғалаңынан – тәуелсіздік шыңына дейін» атты әдеби-музыкалық композицияны көрсетті. Театрландырылған көрініс арқылы сан ғасыр бойы тәуелсіздік пен халықтың бостандығы үшін күрескен батырлардың ерлігі көрсетілді.


      6 желтоқсанда өткен «Жеке тұлға және саясат» пікірталас сабағы барысында оқушылар лидерлік қасиеттердің қалыптасу мәселелерін талқылады.

      Тарихтағы тұлғаның рөлі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы пікірталастар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Оқушылар қазіргі таңдағы көпшілікке танымал әлемдік саяси қайраткерлердің есімдерін айта отырып, бірауыздан Н. Ә. Назарбаевты беделді саясаткерлердің бірі екендігін айтты.


      7 желтоқсандағы «Көшпелі өркениеттен – қазіргі кезеңге дейін» дөңгелек үстел барысында № 22 мектеп-гимназияның оқушылары тәуелсіздік алу жолында маңызды рөл атқарған елеулі оқиғалар туралы талқылады. Ұлттық қаһармандарға, көрнекті қоғам қайраткерлеріне, Отанының бостандығы үшін күрескен – қазақтың ұлы ұлдары мен қыздарына құрмет көрсете отырып, оқушылар Тәуелсіздік алу жолында үлкен маңызға ие оқиғаларды көрініс арқылы қатысушылар назарына ұсынды.


      8 желтоқсанда қала мектептерінің оқушылары арасында «Друзья, Отчизне посвятим души прекрасные порывы…» атты интеллектуалдық турнир өткізілді. Ұйымдастырушылардың ойластыруы бойынша оқушылардың жарысы мемлекеттің ежелгі ғасырдан бастап тарихи даму жолы туралы білімдерін анықтауға және Қазақстан Республикасының 20 жылдық дамуындағы жетістіктерін көрсетуге бағытталған. Турнир барысында командалар мемлекетіміздің мерейтойына «Отаным, 20 жылдық мерекеңе арнаймын...» атты құттықтау шығармаларының тұсаукесерін көрсетті. Ұйымдастырушылар оқушылардың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің экспонаттары туралы білімдеріне ризашылық білдірді.

      Дәстүрлі емес іс-шаралар тұсаукесерлік мерейтойлық аптасы Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен даму тарихына қызығушылық білдірген талантты оқушыларды анықтауға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриоттық сезімді қалыптастыруға, елдің тарихы мен мәдениетіне, халықтың өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеуге, олардың шығармашылық әлеуетін және қоғамдық белсенділігін дамытуға, жас мемлекеттің тарихи жолын ұғындыруға бағытталған.
      Аталмыш іс-шаралар арқылы оқушылар жаңа мемлекеттің құрылысына, мемлекеттің тағдыры мен болашақ ұрпақтарына деген жауапкершілікті эмоционалдық тұрғыда мақтанышпен сезінуге мүмкіндік алды.


      2011 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қаржы академиясы» АҚ мен Қазақстан-Ресей университетінің студенттеріне арнап «Қазақстан және ЕҚЫҰ – жаһандық және аймақтық қауіпсіздік тұжырымдамасының эволюциясы» атты дәріс өткізілді.

      Қазіргі таңда қауіпсіздік мәселелері өмірлік мәні зор толыққанды маңызға ие.
      Дәріскер, Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Ақтаеваның айтуынша, ЕҚЫҰ шиеленістің алдын алу, реттеу, шиеленісті аймақтарды қалпына келтіру, алдын алу дипломатиясымен, сайлауға бақылау жүргізу, Еуропадағы экологиялық қауіпсіздікті қадағалау секілді мәселелерді қарастыратын қауіпсіздік саласындағы бірден-бір еуропалық ұйым.
      Адамзат тарихының өткен кезеңдеріндегі «тегіс қамтитын» қауіпсіздік ұғымының мағынасы өзгеше. Қазіргі таңда халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне көзқарас өзгерді. Бұл ең алдымен халықаралық қатынастар жүйесін сапалы дамытудың жаңа кезеңімен байланысты.
      Білім бағдарламасының тыңдаушылары ҚЫҰК/ЕҚЫҰ ұйымының қалыптасу кезеңдерімен, құрылымдарымен танысты. Дәріскер Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткені жауапты әрі маңызды миссиясы екендігін атап өтті. Дүниежүзілік қауымдастықтың Қазақстан мемлекетін беделді ұйымға төраға етіп таңдауы еліміздің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жетістіктерін мойындауы болып табылады.
      Дәріс барысында қатысушыларға Музейдің мұрағат қорынан алынған бейнематериалдар көрсетілді.


      2011 жылдың 14-15 қарашасындаҚазақ Ұлттық Өнер Академиясы, Д.А. Қонаев атындағы колледж студенттері мен № 62 мектеп-лицейі оқушыларына арнап «Теңге – тәуелсіздігіміздің символы» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі Ақпарат орталығының жетекшісі Л.В. Флёрко Білім беру бағдарламасының тыңдаушыларын Қазақстан территориясындағы ақша айналымының тарихымен, ақша бірлігінің қалыптасуы мен енгізілу кезеңдері туралы айтып берді.

      Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігі мен табысты қаржылық реформасының символы болып табылатын ұлттық валюта – тенге уақыт сынағынан өтіп, қазақстандықтардың сеніміне енді.
      Тәуелсіз Қазақстанның жеке валютасының пайда болуы жиырмажылдық шежіресіндегі ерекше тарау болып табылады. Теңге дербес экономикалық саясаттың негізіне айналды және нарықтық өзгерістер жолында басты кезең болды. Ұлттық валютаның енгізілуіне орай, мемлекет қаржылық бостандыққа ие болды.
      Дәріскер сабақ барысында республикада айналымда жүрген ақшалармен қатар, белгіленген бағасына сәйкес төлемдік қабілеті бар мерейтойлық және естелік ақшалардың да айналымда болатындығын, бірақ олардың басты міндеті – мәдени-ағартушылық бағытта болатындығы туралы егжей-тегжей әңгімелеп берді.
      XXI ғасырда Қазақстан әлемдік қауымдастыққа енді және жоғарытехнологиялы валютасын шығаруы бойынша көшбасшы болып табылады.
      Дәріс барысында Музей қорынан алынған фото- және бейнематериалдар пайдаланылды.


      2011 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Жәдігерлер сыр шертеді....» циклі бойынша Астана қ. Білім басқармасы, Астана қ. тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларына арнап «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді.
      Сабақ «Қазақстан Республикасы: мемлекеттің қалыптасуы мен даму стратегиясының айқындалуы» мәселелеріне арналған экспозициясы орналасқан Мәжіліс залында өткізілді.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауы ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық, қоғамды біріктіру, экономикалық өсу, Қазақстан азаматтарының білімі, денсаулығы мен әл-ауқаты секілді ұзақ мерзімді басымдықтармен дамуға бағытталған республиканың жағдайына толыққанды талдау жасалған бірегей құжат. Құжаттың ерекшелігі әрбір басымдық нақты міндеттерді шеше отырып, келесі мәселенің жүзеге асуын қамтамасыз етуінде.

      Сабақ Музей педагогикасы орталығының ғылыми қызметкері Б.Б. Будикова мен Астана қ. Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі С.С. Шайкеновтың бірлесуімен өткізілді. Педагогтардың таңдаған сабақ өткізу формасы – ток-шоуға шақырылған «депутаттар», оқытудың тактилды әдісі, рефлексия алдындағы «Бірлік болмай, тірлік болмас» сахналық көрінісі күрделі тақырыпты игеру нәтижелілігін көрсетті.
      Сабақ барысында оқушылар экскурсия жүргізушілер рөлінде тыңдаушыларды Мемлекет басшысының Жеке мұрағатынан алынған бірегей құжаттармен таныстырып, жыл сайынғы Жолдауларды хронологиялық форматта қарастырды. Оқушылар мемлекеттің табысы жүзеге асып жатқан «100 мектеп» бағдарламасы туралы баяндап берді.
      Оқушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Қазғарыш» мектеп-лицейінің ашылу салтанатына келген фотоматериалдарды көрсете отырып, мақтанышпен айтып өтті. Осы білім ордасында Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген интерактивтік сабақ республиканың 1000 мектебін қамтыды.
      Білім беру бағдарламасы тыңдаушыларының назарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған фотоматериалдар мен экспонаттар ұсынылды.


      2011 жылдың 13 қазанында «Отбасында, мектепте, қоғамда және басқа да әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру» ғылыми жобасы аясында «Отбасында лидерлік қасиетке тәрбиелеу» тақырыбында пікірталас сабағы өткізілді. Пікірталас сабаққа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, «Атамекен» ғылыми-педагогикалық бағдарламасының авторы, Астана қ. мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Астана қ. ата-аналар қауымдастығының өкілдері, мектептің өзіндік басқару органдарының президенттері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, елордалық мектептердің оқушылары қатысты.

      Сабақтың басты мақсаты: тұлғаның бойындағы лидерлік қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуында отбасының рөлін анықтау болды.
      Әрбір адамның өміріндегі алғашқы тұрақты ұжым – отбасы. Бұл тұлғаның сана-сезімін әлеуметтендіру мен дамытудың алғашқы сатысы. Отбасында және мектепте қалыптасатын лидерлік қасиет қазіргі таңда аса қажет. Отбасы және мектеп жасөспірімді лидерлік қасиеттерге тәрбиелеуге ынталы институттар. Олардың іс-әрекеттері мен рөлі көп жағдайда болашақ лидердің тұлғалық қасиеттерін анықтайды.
      Модератор, Музей педагогикасы орталығының аға оқытушысы, Ә.Ә. Оспанова пікірталас қатысушыларына оқушыны тұлғалық қасиеттерге тәрбиелеу отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен қызметтерінің нәтижесінде қалыптасатындығын айтты.

      Пікірталас барысында ата-аналар мен оқушылар аталмыш тақырып бойынша жұртшылықпен диалогқа түсе отырып, отбасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелерді талқылады.


      2011 жылдың 13 қазанында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық мемлекеттік университетінің студенттеріне арнап «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің имиджі» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директор орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Кайыпова мемлекеттің, қоғамның табыстылығы Ұлт көшбасшысы, Президент Н. Ә. Назарбаев тұлғасымен тікелей байланыстылығын атап өтті. Мемлекет басшысының Жолдаулары стратегиялық, бағдарламалық сипатта екендігін айтты.

      Тиімді әрі қолайлы саясатты жүргізіп отырған Елбасы дүниежүзі мойындап отырған этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің архитекторы болып табылады. Президент мемлекетті халықаралық деңгейде таныту жолында қол жеткізді. Егеменді даму жолындағы Қазақстан «кешенді өзгерістер» жүргізіп жатқан мемлекеттер қатарынан орын алды. Сондықтан да республикадағы мемлекеттік құрылыс алғашқыда нарықтық реформаларды жедел түрде жүзеге асырумен және саяси өзгерістермен тығыз байланысты болды.
      Дәріскер, мемлекеттің саяси өмірінің дамуына Президенттің ықпалы зор екендігін айта келе, Елбасының Қазақстанда және шет мемлекеттердегі қоғамдық имиджіне қатысты мәселелерге егжей-тегжей тоқталды.
      Дәріскердің айтуынша, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі бойынша Н. Ә. Назарбаев қоғамда берік әрі орнықты орын алады. Халық Президентті мемлекеттің, ұлттың дамуы, саяси және элиталық топтардың іс-әрекеттеріне қатысты даулы мәселелерді ақылмен әрі әділеттілікпен шешетін арбитр ретінде көреді. Бұл Президент тұлғасына халықтың сенімінің жоғары екендігін көрсетеді.
      Аудитория назарына Музей мұрағатынан алынған фото- және бейнематериалдар ұсынылды.

      2011 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің баспасөз залында № 22 мектеп-гимназия оқушыларына арнап «Қазақстан – ғарыш айлағы» тақырыбында дәріс өткізілді.

      2011 жыл Ю. Гагариннің алғашқы ғарышқа ұшқанына 50 жыл, алғашқы қазақстандық ғарышкер – Т. Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 20 жыл секілді ғарыш саласында маңызды оқиғалармен ерекшеленетін жыл.
      Ғарыш пен ғарыштық зерттеулерді игеру ғылыми-техникалық өрлеудің басым бағыты болып табылады. Ғарыш – экономика мен қауіпсіздіктің бәсекеге қабілеттілігінің, мемлекеттің ұлттық табысының негізі. Ғарыш айлағына айналған Қазақстан қазіргі заманғы ғарыш саласын қарқынды түрде дамытуда.
     Дәріскер, Музей педагогикасы орталығының кіші ғылыми қызметкері, Д.С. Кушунова тыңдаушыларды Қазақстандағы ғарыштық саланың қалыптасуының негізгі кезеңдерімен, Мемлекет басшысының отандық ғарыш дамуына қатысты бастамалары туралы баяндады.. Оқушылар Байқоңыр ғарыш айлағының пайда болу тарихымен, Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкерлерімен, «Бәйтерек», «ГЛОНАСС» халықаралық ғарыштық жобалар туралы маңызды мәліметтермен құлақтанды.
      Дәріс барысында қолданылған мұрағат құжаттары оқушыларды ғарыш саласына қатысты білімдерін тереңдетуге көмектесті. Тыңдаушылар ғарышта болып қайтқан бірегей экспонаттармен танысты: Қазақстан Республикасының Туы, қасиетті Құран, бір уыс топырақ салынған капсула және т.б.


      2011 жылдың 20 қыркүйегінде Астана қ. мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне арнап «Білім беру жүйесіндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың рөлі» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Білім беру жүйесі «Қазақстан –2030» стратегиясының ұзақ мерзімді маңызды бағыттарының бірі. Қазақстандағы білім реформаларының мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу.
      Дәріскер, Музей педагогикасы орталығының аға оқытушысы Ә.Ә. Оспанова жүзеге асып жатқан «Дарын», «Қазақстан балалары», «Балапан», «Назарбаев зияткерлік мектептері», Зияткерлік ұлт – 2020» Мемлекеттік бағдарламаларының негізгі кезеңдері туралы әңгімелеп берді. Әлемнің үздік оқу орындарында дарынды жастардың білім алуына мүмкіндік беретін Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы жайлы егжей-тегжей түсіндіріп берді.
      Дәріс барысында аға оқытушы Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, педагог мамандығының беделін көтеру, білім беру жүйесін біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру міндеттеріне назар аударды.


      2011 жылдың 7 қыркүйегінде № 19 орта мектеп пен № 37 орта мектептің 10 сынып оқушыларына арнап «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, дәріскер, Д.С. Макубаева Қазақстанның конституциялық құрылысының мәселелері жөнінде айта келе, тыңдаушыларды мұрағат қорынан алынған құжаттармен таныстырды. Ата Заңның бүкілхалықтық референдумда қабылдануына XX ғасырдың екінші жартысында қабылданған көптеген конституцияларды талдау, қиын әрі ықтияттылықпен жұмыс жасау нәтижесінде жарық көргенін егжей-тегжей баяндап берді.
      Тыңдаушылар назарына Музей коллекцияларынан алынған материалдар ұсынылды. Құжаттардың ішінде Президенттің өз қолымен өзгертулер мен толықтырулар енгізген Конституцияның бірегей жобалары. Егемен еліміздің алғашқы Конституциясының тұсаукесерінен фотолар көрсетілді.


      2011 жылдың 1 қыркүйегінде № 3 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушыларына арнап «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы бойынша «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді. Сабақ «Қазақстан Республикасы: мемлекеттің қалыптасуы мен даму стратегиясының айқындалуы» мәселелеріне арналған экспозициясы орналасқан Мәжіліс залында өткізілді.

      Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауы экономикасы қарқынды дамыған әлемдегі қауіпсіз, тұрақты мемлекет ретінде тәуелсіз елдің ұзақ мерзімді дамуына бағыт алған.
      Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын ұдайы жақсарту. Халықты әлеуметтік қолдау ішкі саясаттың маңызды әрі ажырамас бөлігі ретінде негізгі басымдықтардың бірі болып қала бермек. Қазақстанды дамытудағы басым мақсаттардың бірі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіндегі реформаларды жүзеге асыру болып табылады. Сабақ барысында Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының басқа да аспектілері туралы баяндалды.
      Білім бағдарламасының тыңдаушыларына Музей қорынан алынған материалдар көрсетілді (фото-, бейнематериалдар және экспонаттар).


      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 2011 жылдың 30 маусымында «Балдәурен» РОСО тәрбиеленуші – балалар қозғалысының лидерлері, оқу үздіктері, белсенділеріне «Лидерлікке ұмтылу қоғам талабы» атты сабақ өткізілді.
      Сабақтың мақсаты тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтай отырып, оқушылардың бойында лидерлік қасиеттің қалыптасуына ықпал ету болды.
      Мақсатқа жету жолында психологиялық жаттығулар мен топтық, жеке, зерттеу әдістері қолданылып, оқушылардың коммуникативті, ақпараттық, проблеманы шеше білу құзыреттілігін дамытуға ықпал жасалды. Атап айтқанда «Менің бойымдағы 7 қасиет» жаттығуын орындауда оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерімен қатар, теріс қылықтарын да атап өтіп, оны жөндеу жолдарын да қарастырды.

      Сабақ барысында оқушылар «лидер» ұғымын талқылау барысында өз бойларындағы лидерлік неден көрінеді, белсенді өмірлік қағидаң бар ма, өзіңді өзің жетілдіруге, дамытуға ұмтыласың ба, мектепте оқушылардың жетістікке жетуі үшін қандай жағдайлар қажет деген сұрақтар бойынша ой бөлісті.
      Сонымен қатар «лидер болып туа ма, әлде қалыптаса ма» деген сұраққа жауап беруде оқушылар пікірі екіге жарылды. Бұл тұрғыда тьютордың лидерлік қасиеттің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар ретінде ұсынған отбасы, қоршаған орта, мектеп, табиғат, ұлттық тәрбиенің рөлдерін өз бойларындағы лидерлікпен салыстыра отырып, өз пікірлерін жан-жақты қорғай білді.


      2011 жылдың 18 мамырында Ғ. Қайырбеков атындағы № 2 МГ мен № 5 МГ оқушыларына «Президент және Қазақстан Республикасының конституциялық жасаушы негіздері» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріскер, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Б. Қарағызова Қазақстанның конституциялық дамуының негізгі кезеңдері мен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін жан-жақты көрсетіп берді.

      Ел тәуелсіздігінің басында тұрған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылғы Конституцияның негізгі бөлімдерінің бастаушысы болып табылады. Н.Ә. Назарбаевтың негізгі ойлары халықтан қолдау тауып, Негізгі Заңға енді, соған сәйкес құрылған, мемлекеттік билік органдары қызмет атқарады және жүзеге асырады.
      Қазақстандағы Конституциялық реформа азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет институтын нығайтуға және республикадағы мәдени және әлеуметтік, экономикалық күшке динамикалық даму құқықтық шарттарын жасауға бағытталған.
      Дәріс барысында Музей қорынан фото- және бейнематериалдар пайдаланылды.


      2011 жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Астана қ. жетекші жоғары оқу орындары: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, АҚ «Астана медициналық университеті» басшыларының болашақ талапкерлермен кездесуі өткізілді.

      Мемлекеттің көрсеткен қолдауының нәтижесінде адам капиталын дамыту қажеттілігі мен маңыздылығы және білім саласындағы реформаларды жүргізуді жан-жақты қолдау шаралары Қазақстан Республикасындағы білімнің қарқынды дамуы мен өсіп-өркендеуінің негізі болып табылады.
      Музейдің білім бағдарламасы негізінде Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Зияткерлік ұлт–2020» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсат – зияткерлік элитаны қалыптастыра отырып, Қазақстан халқын бәсекеге қабілетті ету. Музей бүкіл білім мекемелерімен ынтымақтастық негізінде жүйелі жұмыс атқаруда. XXI ғасырда мәдениет пен зияткерлік элитаны қалыптастыру арқылы қоғамдағы білімділік деңгейін шешуге бағытталған ортақ бағдарламаның негізінде мынадай серіктестердің «Тұңғыш Президенті Музейі – балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны» тығыз қарым-қатынасының арқасында музейлік сабақтар, кездесулер, балаларға арналған мерекелер өткізілетін Лекторий жүзеге асырылуда.

      Жоғары мектеп ректоратымен кездесудегі басты мақсат – мектеп түлектерінің таңдаған білім мекемесінде кәсіби кадрларды дайындаудағы инновациялық тәсілдердің болуы, алған білімді тәжірибе жүзінде қолдана отырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігіне ие болу. Ұлттық стратегтердің, басқарушылардың және ұйымдастырушылардың болашағы таңдау жасаған білім мекемелерінің тарапынан ұсынылған білім қызметінің сапасына байланысты.
      Арнайы әзірленген бағдарлама арқылы мектеп түлектері жоғары мектеп атынан келген ректорлар мен проректорлардан толыққанды ақпарат алды.


     2011 жылдың 12 мамырында «Жәдігерлер сөйлейді...» циклы бойынша «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: тарихи тұлғаның қалыптасу кезеңдері» атты сабақ өтіп, оған мемлекет Басшысының досы, сыныптасы Сәдуақас Есімбай қатысты. Кездесу барысында №7 мектеп-гимназиясы мен №8 орта мектеп оқушыларын Елбасының мектеп жылдарында тұлға болып қалыптасуына байланысты сұрақтар қызықтырды. С. Есімбай өздерінің жас кезінде қандай әдеби және кино кейіпкерін үлгі тұтқандарын әңгімелеп берді.

      Сабақтың қызықты сәті кездесу қонағының Қазақстан Республикасының болашақ Президентімен бірге өткізген оқу жылдары туралы әңгімелері болды. Тыңдаушыларға өздерінің тәлімгері және алғашқы ұстазы Тәкура Исмаилова туралы айтып берді. Н.Ә. Назарбаев әрдайым белсенді және қабілетті оқушы боп, қоғамдық жұмыстарға қатысқан. С. Есімбай өзінің жақындарына айналған Президенттің ата-анасын ыстық ықыласпен еске алды. Елбасының анасы өте талантты адам боп, домбырада ойнап, айтысқа қатысса, әкесі өте еңбекқор және дана адам ретінде есінде қалған.

      Кездесу барысында оқушыларға өздерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берілді. Музей тарапынан өткізілетін мұндай сабақтар балалардың бойына адамгершілік нәрін сеуіп, дәрістен немесе сабақтан соң мейірімділік пен жасампаздыққа ұмтылған адам болуға ықпал етеді. Оқушылар Президенттің досының қолынан сыйлыққа кітап алу құрметіне ие болды.

      Сабақты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Л.Ә. Омарова және Музей педагогикасы орталығының аға оқытушысы Ә.Ә. Оспанова дайындады.


      2011 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық Кеңесі, Гете-Институты Неміс тілінің орталығы, ММ «Астана қ. Білім басқармасы» және Француздық Альянс мекемелерінің ұйымдастыруымен «Шексіз білім – 2011» атты жыл сайынғы 9-шы білім беру жәрмеңкесі өткізілді.

      Музей білім беру қызметінің түрлі деңгейдегі музейлік қарым-қатынас жасау каналдары аясында Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасындағы сапалы білім жүйесін дамытуға арналған бастамасын жүзеге асыра отырып, ғылым мен білімдегі инновациялар жүйесін белсенді түрде насихаттаушы болып табылады. Бұл іс-шара XXI ғасырда зияткерлік ұлтты қалыптастыру жолындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің серіктестік жобасы деп айтуға болады. Жәрмеңкеге қатысушылар – қазақстандық жастар, ғылыми және профессор-оқытушылар қоғамдастығының өкілдері.
      Халықаралық білім беру орталықтарының қызметі елордамызда бірегей академиялық орта қалыптастырып отыр. Білім беру жәрмеңкесіне келген қонақтар Қазақстан Республикасында және шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы айқын көрсететін халықаралық бағдарламалармен егжей-тегжей танысты. Кез келген адам Халықаралық білім беру орталықтары мен Университеттердің халықаралық бағдарламалары бойынша білім алуға байланысты толыққанды ақпарат ала алды.

      Білім беру жәрмеңкесі арқылы түрлі әлем мемлекеттерінің білім беру жүйесімен танысуға мүмкіндік туды.


      2011 жылдың 26 сәуірінде № 29, 30 ОМ оқушыларына арнап «Тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдерін Қазақстан Республикасы Президентінің қызметі тұрғысынан қарағанда» тақырыбында дәріс өткізілді.
      Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі Ақпарат орталығының жетекші сарапшысы Ж. С. Бейісова тыңдаушыларды егемен еліміздің тәуелсіздігі қалыптасуының негізгі кезеңдерімен таныстырды.

      Дәріс барысында екі он жылдықтың ішінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы саяси және экономикалық оқиғаларға талдау жасалды.
      «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ мерзімді бағыттары бойынша мемлекет табысты даму жүйесінің негізін қалады. 20 жыл бойы республиканың экономикалық әлеуеті қалыптасты, қоғамда татулық пен бірлік нығайды, азаматтардың әлеуметтік жағдайы қамтамасыз етілді, сыртқы саясат бойынша жаңа ғаламдық бастамалар жүзеге асты. Мемлекет басшылығының көрегенді саясаты арқасында мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласы бойынша серпінді және тиімді даму жолына түсті. Бұған дәлел ретінде көпвекторлы сыртқы саясаттың жүзеге асуын, халықаралық ынтымақтастықтың дамуын, аймақтық қауіпсіздік жүйесінің жетілуін, халықаралық деңгейдің артуын, мәдениаралық және конфессияаралық диалогтары бастамаларының іске асуын, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін, ЕҚЫҰ және Азиядағы өзара әрекеттестік пен сенім шаралары бойынша кеңесу самиттерінің өткізілуін, әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының сьездерін айтуға болады.
      Дәріскер Қазақстанның тұрақты сыртқы саясаты халықаралық қатынастардың толық құқықты субъектісі ретінде ғана емес, көптеген ғаламдық және аймақтық диалогтық процестердің бастамашысы және ықпалды қатысушысы ретінде танылғандығын айтты.
      Дәрісте Музей қорынан алынған киноматериал қолданылды.


      2011 жылдың 19 сәуірінде «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклынан «Н. Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында музейлік сабақ өтті. Сабақты Музей педагогикасы орталығының ғылыми қызметкері Б.Б. Будикова Астана қ. № 4 Ж. Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының педагогы мен оқушыларының қатысуымен «Атамекен» экспозициясында өткізді.

      Музей қызметкерлерінің Мемлекет басшысының «кіші» Отанында жүргізген ғылыми-іздестіру экспедициясы аясында Президенттің ғұмырбаянына зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын. Экспедиция материалдары бойынша Білім бағдарламасының қатысушылары өскелең ұрпаққа өмірі мен қызметі көшбасшылықтың үлгісі болып танылатын Елбасының балалық шағын айшықтап көрсететін театрландырылған қойылымдарды көрсетті.

      Сабақ барысындағы пайдаланылған фотосуреттер мен мұрағат құжаттары оқушыларды Елбасының туған жерімен, отбасымен, балалық шағымен, мектептік кезеңімен таныстырды.


    2011 жылдың 18 сәуірінде «Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы рөлі» тақырыбында №38 мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен музейлік сабақ өтті.
      Сабақтың бірінші бөлімі Қауіпсіздік кеңесі залының холында экскурсия түрінде өтіп, онда оқушылар мемлекет Басшысының ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бастамалары туралы өз білімдерімен бөлісті.

      Екінші бөлім Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Алтын залының «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық» экспозициясының жанында жалғасты.

      Пікірталас барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қалыптастырып, жүзеге асырған көпвекторлы саясат қағидасына негізделген сыртқы саяси басымдықтарын талқылай отырып, өз қарсыластарына икемді саясат әдісі – аймақтық одақтас және әлемдік серіктестер белдігін кеңейту үшін шынайы әрі сынақтан өткен мүмкіндік екенін дәлелдеп берді.
      Қорыта келгенде, оқушылар Қазақстанның стратегиялық ресурсы ішкі және сыртқы күштердің алдында өзіндік тұрақтылығын сақтап қалу ғана емес, сонымен бірге жалпы әлемдік процестерге оң ықпал ете алатынын атап өтті. Жаһандану әлемдік бәсекелестіктің шиеленісуінің жаңа айналымына әкеледі, сондықтан Қазақстан Республикасының басшылығы таңдаған бағыттың бірізділігін және үдемелілігін сақтау маңызды екенін лицейліктер дұрыс деп есептейді.


      2011 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Сауда-экономикалық колледж бен ЕАГИ колледж оқушыларына арнап «Ғасырлар тоғысындағы геосаясаттағы ЕҚЫҰ факторы» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ төрағалық миссиясын жауапты әрі табысты түрде атқарды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2010 жылдың 2 желтоқсанында Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті отырысындағы қорытынды сөзінде: «Болашақты болжаудың жақсы амалы оны бүгіннен бастап өзіңнің өз қолыңмен тұрғызуыңда. Біз трансұлттық қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етеміз, келешек ұрпаққа қауіпсіз және гүлденген қоғамдастықты – құнды мұраны жеткіземіз» деген болатын.
      Дәріскер, Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Ақтаева ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы айта келе, мемлекеттің қысқа мерзім ішінде тәуелсіздігінің серпінді дамуында ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы бастамаларымен әлемдік қауымдастықтың назарында болғаны туралы баяндап берді.
      Қазақстан аймақтық қауіпсіздік мәселесін ғаламдық қауіпсіздік тұрғысынан прагматикалық әрі жан-жақты қарастыратын алғашқы ортаазиялық мемлекет болып табылады.
      Білім бағдарламасы тыңдаушыларына дәріс барысында Музейдің мұрағаттық қорынан алынған бейнематериалдар көрсетілді.


      2011 жылдың 13 сәуірінде Астана қ. жалпы білім беру мектептері мен колледждерінің тарих пәні мұғалімдеріне арнап «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың имиджі» тақырыбында шеберлік-сыныбы өткізілді.
      Дәріскер, Музейдің бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы С.А Коноваловтың пайымдауынша, Қазақстан – азаматтық саяси біркелкілік қалыптасып келе жатқан жас мемлекет болып табылады.
      2011 жылғы президенттік сайлау тәуелсіздік жылдары азаматтық түрғыда қалыптасқан өзіндік шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру әрекетін көрсетті. Дәріскер Қазақстанның күш-қуаты қазіргі геосаяси контекстегі жағдайларын ескере отырып, дүниежүзі бойынша маңыздылығына прагматикалық тұрғыда баға беруінде дейді.

      Өткізіліп жатқан ірі саяси оқиғалар мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқарады: Қазақстанның ЕҚЫҰ-да табысты түрде төрағалық етуі, Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің өткізілуі және маңыздылығы жағынан Хельсинкі декларациясына пара-пар Астана декларациясының қабылдануы.
      Ғалымның айтуынша өткізілген саммит Қазақстан халқы бірігуінің негізі болды. Жүргізілген сауалнамаларға қарағанда саммиттің өткізілуін халықтың 80%-і қолдаса, астаналықтардың 91 %-і саммиттің елордада өткізілуіне мақтаныш сезіммен қарағандарын байқауға болатындығын көрсетті.
      Қазақстан қазіргі таңда мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңінің қызық әрі бірегей этапында.
      Дәріс барысында диаграммалар, кестелер, фото- және бейнематериалдар қолданылды.


     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 2011 жылдың 11 сәуірінен 30 мамыры аралығында «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» атты элективті курс ұйымдастырылып, оған мектептің өзіндік басқару ұйымдарының Президенттері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері қатысты.
      Курсты оқыту барысында ұжымдық, топтық, жеке, зерттеу және жобалау әдістері психологиялық жаттығулар қолдану барысында оқушының теориялық білімі мен коммуникативті, ақпараттық, проблеманы шеше білу құзыреттілігін дамытуға негізделді.
      18 сағаттан тұратын сабақ барысында оқушылар лидер ұғымын «сегіз қырлы бір сырлы адам» ретінде қарастырып, лидерлік қасиеттің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар ретінде отбасы, қоршаған орта, мектеп, табиғат, ұлттық тәрбиенің рөлдерін талқылады. Алдымен, лидерлік қасиеттің қалыптасуына табиғаттың әсері қандай? «Таулы жердің сұлу табиғаты, таза ауасы, салқын самалы ерекше бір жан рахатына бөлейтіні рас. Әсем табиғаттың әсерінен шабытың оянып, шумақ-шумақ өлең жазғың келеді» – деген Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің туған жеріне, еліне деген сағынышын «Үшқоңыр» атты өлеңінде былай деп жыр етеді:

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында,
Әкемнің ізі қалған жайлауында.
Қасқасу гүр-гүр тасып гүлі еркелеп,
Арқарың жайылатын аймағыңда.

 

      Ал қазіргі оқушыларымыз өз жеріне, еліне, Отанына деген сезімін қалай білдіреді деген сұраққа белсенділеріміз өз ойларын сурет салу мен жоба қорғау арқылы жеткізді.

      Тұлғаның бойында лидерлік қасиеттің қалыптасуына отбасының, ата-ана, туған-туыстың қаншалықты әсері бар. «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе», - деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негізі қалыптасады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Бұл пікір барысында оқушылардың көзқарастары екіге жарылды. Бірі лидерлік қасиет отбасында қалыптасады десе, екіншісі қоршаған орта мен мектептің әсерін алға тартты. Мысалы, сабақ барысында елбасымыздың досы, сыныптасы Сәдуақас Есімбаймен кездесу болашақ лидерлер бойында сыныптасқа, ұстазға, өз қатарласына деген сыйластық пен құрмет сезімін дамытты деуге болады.

      Лидер болып қалыптасуға ұлттық тәрбиенің ықпалын қарастыру барысында «Қара жорға» биін билеуде оқушылар қаншалықты лидер, артына ұйымды ерте білетіндігін байқатты. Ұлттық педагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу десек, болашақ ел тізгінін ұстар оқушыларымыз бұл мақсатты қаншалықты атқарып жүргені олардың «Қазақстан халқының рухани байлығы: тұлғаның қалыптасуындағы рөлі мен маңызы» деген тақырыпта қысқаша баяндама жасау барысында байқалды. Яғни лидерге тән қасиеттің бірі – шешен сөйлей білу екенін оқушылар әрбір сабақ барысында аңғарып отырды.

      Қорытынды сабақ «Элективті курс менің бойымдағы лидерлік қасиетті дамытуға көмектесті/көмектескен жоқ» деген тақырып аясында өрбіді. Бұл тұрғыда сабаққа қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Айсина Майра Арапқызы «Сіздің мектепте оқып жүрген кезіңізде мұндай курстар болды ма?» деген сұраққа төмендегідей жауап берді: «Құрметті оқушылар, мен сіздерге қарап қызығып отырмын. Шынында, біздің кезімізде мұндай мүмкіндіктер мен арнайы курстар болған жоқ. Дегенмен, пионер, комсомол ұйымдарында тәрбие алдық.. Арнайы жарыссөзге шығып, ұнады ма, ұнамады ма деп ешкім сұраған жоқ. Ауылды жерде өскендіктен, өз-өзімізге лидер болып, ата-аналарымыз бен ұстаздарымыздан үйрендік. Кітаптан оқығанымызды жанымызға тоқи білдік. Қоғамдық жұмыстарға араласу мүмкіндігі көп болды. Қазіргі уақытта мектепте, қалада, облыста, республикада оқушыларға арналған түрлі жарыстар аз ұйымдастырылады, осыған байланысты елбасымыз да «Жас ұлан», «Жас қыран» деген ұйымдардарды құрайық, балалардың жақсы оқып, еліне қызмет етуін осы кезден бастап ұйымдастырайық деген ойының негізінде «Жас Отан» жастар қанаты құрылды. Біз де «Нұр Отан» ХДП шыққан 98 депуттаттар осы мақсаттарда жұмыс істеп жатырмыз. Бір жолы Қызылорда облысына іссапармен барған кезде Қорқы ата күмбезіне кірдік. Сонда маған осы жерде тұрып тілігіңді айтсаңыз, барлық жеріне естіледі дегенде мен ойланбастан «Елім менің – Қазақстан,


      Президентім – Нұрсұлтан,
      Партиям менің – «Нұр Отан»,
      Жаса, жаса, Қазақстан» - дедім. Бұл менің өз еліме,

Отаныма деген патриоттық сезімім. Осы патриоттық сезім сіздердің де жүректеріңізде жүруі керек.
      Қазіргі жастарға қарасаң көңілің толады. Адамның қоғамдық жұмыстарға араласуы кішкентай кезіңнен басталады. Оған ата-ананың да еңбегі зор. Бұл жолда Тұңғыш Президент Музейінің ұйымдастырып отырған курсы өте жақсы ұйымдастырылған және болашақта мектепте өз жалғасын табады деген сенімдемін. Осы жерден алған білім-біліктеріңізді жоғалтып алмай, еліміздің игілігіне жаратып, жоғарыдан көріне беріңіздер» деп сөзін аяқтаған Майра Арапқызы оқушыларды Парламенттің Мәжіліс залымен танысып қайтуға шақыруы оқушылардың үлкен ықыласын туғызды.

      Сонымен қатар сабаққа қатысқан ата-ана осы курс туралы баласынан естіп-білгенін, баланың ойы, көзқарасы, мақсатының үйде қалыптасатынын атай келе, мектеп, қоршаған орта, түрлі курстар баланың бойында лидерлік қасиеттің дамуына үлкен ықпалын тигізетінін осы курс барысында оқушылардың айтқан ой-пікірлерінен байқағанын айтты.

      №4 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Сейдахметова Айсұлу Қуанышқызы сынып ішінде 25-30 оқушының ішінде лидерлердің байқалатынын, тек оны дұрыс бағытқа негіздейтін жұмыстар көзін атады. Ол үшін ең алдымен лидер әділ, өз бойындағы кемшілікті көріп оны түзей білетін, ұстамдылыққа үйрету жолдарын атап көрсетті.
      Ал оқушылар бұл курс туралы келесі ойларын білдірді:
      «Бұл сабақтың лидер болып тырысып келе жатқан бала үшін маңызы өте зор. Себебі әр сабақта лидердің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін факторларды жан-жақты дәлелдей отырып, қорытынды шығарып отыру ұнады. Кейбір балалар өзінің отбасында мұндай қасиет жоқ деп қарамайды, осы сабақтан кейін адамда қоғамға, қоршаған ортаға, достарына байланысты екенін түсінеді және алға қарай тырыса бастайды. Лидер ол тек бір жақты болу емес, жан-жақты болу екенін түсінеді. Лидер тек өз басын ғана емес, басқаларды да ойлап, оларға қол үшін беруі керек. Лидермін деп өзін биік ұстауы тиіс емес. Барлығымен бірдей тіл табысуы керек.
      Лидер - өз артына ұйымды, жиынды, халықты ерте алатын адам. Біз осындай азамат бола аламыз ба? Осы сұрақтарға жауапты сабақтан сабаққа өткен сайын толық алдық. Менің ұсынысым, осындай курстар мектеп қабырғасында жалғасын тапса, көптеген оқушылар лидерлік қасиетке тән қасиеттерді өз бойларына сіңіреді деп ойлаймын».
 

Әбенов Заңғар, 7 мектеп-гимназиясы

      Менің ойымша, «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» атты элективті курсы біздің бойымызда лидерлік қасиеттің дамуына зор үлесін қосып жатыр. Осындай сабақтардың әсерінен дүние, саясат, өмір әлеміне тереңнен бойлатып, білім мен ғылымда сусындасаң шөліңді қандырады. Елбасымыз айтқандай «Ел болашағы – жастардың қолында». Біз Президентіміздің командасындамыз, сондықтан да осындай сабақтарға жастардың қатысуы еліміздің болашағының кепілі. Осында өз ойыңды ашық айтуды үйреніп, бір-бірімізді сыйлай біліп, жақсы тыңдаушы болуға болады.
 

Қазтаева Гүлнұр, «Жас Отан»
жастар қанатының белсенді мүшесі.


      Менің ойымша, лидерлік қасиетті дамытуға бағытталған курс өзін-өзі ақтап шықты. Екі ай бойы кездесу аз көрінсе де, бірақ менде болмаған қасиеттерді ашуға ықпалын тигізді. Біздің алдымызда үлкен суда жүзетін айсбергті көз алдыңызға елестетіңіз. Осы айсберг біздің лидерлік қабілет. Әркім оны әртүрлі пайдаланады. Бірақ білесіздер ме, айсбергтің 80 пайызы судың астында орналасқан. Сол үшін бізге акваланг керек болады. Сол акваланг қызметін осы курс атқарды деп сеніммен айта аламын.

Ерік Серік, №38 мектеп-лицейі.

      Курстың қорытынды нәтижесі ретінде курсты аяқтағаны туралы сертификат және алғыс хаттар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі мен Астана қалалық Білім басқармасының атынан тапсырылды.


      2011 жылдың 7 сәуірінде Музейдің Кіші банкет залында «Қазақстан – ғарыш айлағы» дәрісі № 46 мектеп-кешенінің неміс тілін оқитын оқушыларына өтті.
      Дәріскер, Музейлік педагогика орталығының кіші ғылыми қызметкері Д. Кушунова отандық ғарыш айлағының дамуындағы Мемлекет басшысының бастамаларымен, Байқоңыр ғарыш айлағының пайда болу тарихымен, Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкерлерімен, халықаралық ғарыштық жобалар: «Бәйтерек», «ГЛОНАСС» және т.б. таныстырды.

      Дәрістің соңында оқушылар Үлкен банкет залындағы адамзаттың тұңғыш ғарышқа самғауына 50 жыл толуына орай «Жұлдыздарға жол тарту» көрмесін тамашалады. Мұнда «Бәйтерек» зымыран ғарыштық кешенінің макеті, ғарышта болған экспонаттар: Қазақстан Республикасының туы, киелі Құран, топырақ капсулалары, сонымен қатар, белгілі кеңестік, ресейлік және қазақстандық ғарышкерлердің басқа да заттары қойылған.

      Дәріс барысында Музей қорынан мұрағаттық фото- және бейнематериалдар қолданылды.


      2011 жылдың 5 сәуірінде № 10 мектеп-гимназиясы мен № 25 орта мектебінің оқушыларына Қазақстанның ұлттық валютасының енгізілуі мен жасалу тарихына арналған «Теңге – біздің тәуелсіздігіміздің белгісі» дәрісі өтті.
      Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Ақпараттық орталығының жетекшісі Л. Флерко Білім беру бағдарламасының қатысушыларын Қазақстан жеріндегі ақша айналысының тарихымен таныстырды.

      Кез келген мемлекеттің тарихымен қоса өзінің валюта тарихы болады. Дәріскер сабақ барысында Мемлекет басшысының өз валютамызды енгізу туралы шешімінің Қазақстанның қазіргісі мен болашағындағы тарихи мәнін көрсетіп берді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен елімізде тәуелсіз мемлекеттің валютасы – теңге енгізілді. Бірізді қаржылық саясаттың арқасында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жетекшілігімен іске асатын макроэкономикалық тұрақтылық мүмкін болды және елде нарықтық институттар қалыптасты. Бүгінде теңге әлем валюталарының ең «жабдықталғандарының» қатарында.
      Республикадағы мерейтойлық және ескерткіш монеталардың көрсетілген номиналдар бойынша ақша айналымына түсе алатындығы, мұның негізінде мәдени-ағартушылық мән жатқандығы туралы материалдар тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды.
      Дәріс барысында Музей қорынан мұрағаттық фото- және бейнематериалдар қолданылды.


      2011 жылдың 14 наурызында № 22 мектеп-гимназиясы мен № 27 мектеп-лицейінің оқушыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің Күміс залында «Экспонаттар сөйлейді...»: «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» циклынан сабақ-экскурсия өтті
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің наградалар қорында 200 сақтам бірлігінен аса Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік және қоғамдық және Н.Ә.Назарбаевқа тапсырылған шетелдік мемлекеттердің наградалары бар. Наградалар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сыртқы саясаттағы жоғары беделінің дәлелі.

      Сабақ барысында дәріскер, Ақпараттық орталығының бас сарапшысы Г.Қасенова Мемлекет басшысының жоғары мемлекеттік наградаларына мысал ретінде оқушыларды ТМД, Еуропа және Азия елдерінің наградалық жүйесімен таныстырды.


      2011 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің баспасөз залында «Ақиқат» пікірталас клубының тұсаукесері өтті.

      «Ақиқат» пікірталас клубы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жанындағы тұлғаның рухани дамуына бағытталған жастардың ұйымдастырушылық дағдысын, лидерлік қасиетін, шешендік өнерін дамытуға негізделген бірлестік болып табылады. Пікірталас клубы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелерді талдау арқылы жастардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы мен қойылған мәселені өз бетінше шешіп, ақиқатқа жетуге баулу мақсатында құрылған. Клуб жұмысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Білім беру бағдарламасының аясында бекітілген тақырыптар бойынша ұйымдастырады.

      Тұсаукесерінде «Оқушының бойында лидерлік қасиеттің қалыптасуына ұстаздың ықпалы бар/жоқ» деген тақырып ұсынылып, пікірталасқа № 4 мектеп-гимназиясы, № 51 орта мектебі, № 53 мектеп-лицейі және жоғары сыныптардың оқушылары қатысты.


      2011 жылдың 3 наурызында С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Еуразия рухани бірлігі: тарихы және кезеңдері» дәрісі өткізілді.

      Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан интеграциялық үдерістер мен көпсалалы ынтымақтастықтың мықты жақтасы болып табылады.
      Дәріскер еуразиялық өркениеттің қазіргісі мен өткеніне талдау жасап, еуразиялық интеграция перспективасы мен осы үдерістегі Қазақстанның рөліне тоқталды.
      1994 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті алғаш тілге тиек еткен ХХІ ғасырдағы Еуразиялық одақ құру идеясы жаңа өзекті мәнге ие болып, тағы да еуразиялық кеңістіктегі интеграция идеясының жоғалмайтын құндылық екендігіне сендіреді.
      «Еуразиялық экономикалық одақ: теория немесе шындық» мақаласында Елбасы былай деп жазады: « Теңдік, еркіндік және сындарлы қызығушылықта құрылған еуразиялық қоғамдастық ХХІ ғасырдағы саясат пен әлемдік экономиканың жаһандық факторы болуы мүмкін екендігіне мен қатты сенемін».
      Дәріс барысында студенттер Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық стратегия туралы және Елбасының көрегендігі туралы ой алмасты.


      2011 жылдың 28 ақпанында «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы аясында Астана қаласының көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі мен Басқару колледжінің оқушыларына «Экспонаттар сөйлейді…»: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: тарихи тұлғаның қалыптасу кезеңдері» циклынан музейлік сабақ-экскурсия жүргізілді.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің Ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Л. Омарова сабақты «Атамекен» экспозициясында өткізді.
      Сабақта қолданылған түпнұсқа фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар оқушылардың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің туған жер, отбасы, балалық шағы, мектептегі кезі туралы терең мәлімет алуларына негіз болды.
      Тұлғаның жан-жақты қырларын аша отырып, дәріскер Мемлекет басшысының шыққан тегіне, ата-анасына, туған жеріне деген зор құрметін ерекше атап өтті.

      Сабаққа дайындалу барысында Мемлекет басшысының Жеке мұрағаты қорынан құжаттар, музейлік педагогика орталығы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кіші отанына жасаған ғылыми-іздестіру экспедициясының материалдары қолданылды.


      2011 жылдың 25 ақпанында «Тұран Астана» университетінің студенттеріне «Қазақстан Республикасы – көпұлтты мемлекет» дәрісі өтті.

      Дәрісті директордың орынбасары, т.ғ.к. Б.Қайыпова өткізді.
      Соңғы жылдарда көптеген экономикалық дамыған елдерде ұлттық мәселе үлкен өткірлікке ие болды. Дәріскер 70-тен 90-ға дейін этникалық шиеленістер жәбірі тұтануы сипат алғандығын баса айтты.
      Қазақстан – ең көп ұлтты мемлекеттердің бірі – оның бай мәдениеті мен ұлтаралық қарым-қатынас тәжірибесі ұлтаралық және дінаралық үнқатысуда халықаралық тәжірибеге зор үлес қоса алады.
      Елдің өрлеуі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімге байланысты. Конфессияаралық үнқатысу және ұлтаралық келісім – Елбасының стратегиялық мақсаттары белгіленген республиканың әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру бойынша жетістіктері мен жемісті жаңғырту шарттарының бірі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен Қазақстан халықтар ассамблеясы – тәуелсіз мемлекет құруда барлық негізгі этникалық топтардың қатысуына қоғамдық қарым-қатынасты жүзеге асырудың жаңа түрі. Дәріс барысында этносаралық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің нәтижесі, оның елдің саяси жаңғыруы мен әлеуметтік-экономикалық үдерісіндегі маңызды рөлі көрсетілді. Сабақ барысында жұмыстың интерактивті тәсілдері қолданылды. Басқа елдердегі шиеленістің туындау себептері туралы мәселелерді қарастырғанда дәріскермен тренингтік элементтер ойналды. Жұмыстың бұл түрі Білім беру бағдарламасы қатысушыларының ойлау қызметтерін арттырып қана қоймайды, алған білімдерін жақсы игеруге, тұлғаның азаматтық өзіндік теңестіру негізін қалыптастырады, төзімділікке тәрбиелейді. Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан фотосуреттер мен деректі материалдар қолданылды.


      2011 жылдың 21 ақпанында астаналық медицина университетінің студенттеріне «Саяси әлеуметтану» дәрісі өтті. Дәріскер өз сөзінде елдегі қазіргі жағдайдағы саяси әлеуметтану негізгі параметрлерін ашып, елдің ішкі идеялық уәжі дәрменсіз болса, сыртқы саяси жетістіктер ақылға сыйымсыз болатындығын баса айтты. Көп нәрсе саяси лидердің көрегендігіне, оның өз отандастарының қазіргі және болашақ ұрпақтары алдындағы жауапкершіліктің барлық өлшемін зерделеу қабілеттілігіне байланысты. Мықты идеология, мемлекеттің ішкі саясатына жоғары көңіл бөлу елдің сыртқы саясатына маңызды іргетас болды. Қазақстан өз ішінде ұлттық қайта өрлеу мен көпұлттылықты үйлестіріп, қазіргі партиялық-саяси жүйелердің құрылысын қалыптастыра білді. Белгілі болғандай, республика экономиканы қайта құру, жаңа саяси жүйені қалыптастыру және қоғамдық сананы өзгертуде қиын кезеңдерді бастан кешкен еді. Посткеңестік мемлекеттердің жағдайы әр түрлі болды. Қазақстанда өткен ресурстар есебінен өмір сүру мүмкіндігі болмады. Оларды құру керек болды. Ал ресурстар адамдармен құрылады. Тәуелсіздік дәуірінде идеологиялық айқындау маңызды бағыты сананы мұқалтып және оны негативтен позитивке ауыстыру жетістік болды.

      Дәрісте Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толуына жақындағанда идеологиялық дамудың үш ірі нәтижесі: қоғамдық санадағы ұлттық құндылықтардың бекітілуі, Елбасы тұлғасындағы ұлттық идеологияның негізгі тірегі қалыптасты, жетістікке деген бағыттағы адамдар санасының генерациясы айқындалды. Реформалардың басты бенефициары ретінде жастарға басты рөл берілген. Егемен Қазақстанның көптеген транзиттік мемлекеттерден басты айырмашылығы осы.


    2011 жылдың 9 ақпанында Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының студенттеріне «егемен Қазақстанның партиялық-саяси құрылымының қалыптасуы» дәрісі өткізілді.
      Дәріскер, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Ақтаева қазіргі уақытта республиканың мемлекеттік құрылысында саяси партиялардың рөлі, партиялық жүйелердің қалыптасуы өте өзекті бола түсуде екенін баса айтты.
      Қазақстан саяси жүйелерінің даму мәселелерін тану және саяси партиялардың рөлі тәуелсіз мемлекет тарихындағы маңызды сәт болып табылады. Дәріскер шығыстық қоғамның ділі, жаңғырту жолына түскен, өзіндік «пәтуаға ұмтылыс, тұлғалық бағдар, иарархиялық, харизматикалық лидердің жолын қуу» демократиялық институттардың қалыптасуына із қалдырғанын баса айтты.
      Дәріс тыңдаушыларының күмәнсіз қызығушылығын туғызды. Өзекті мәселелерді талқылау белсенді айқындамаларды және студент жастардың одан әрі аталған мәселелерді тануға деген қызығушылықтарын көрсетті.


    2011 жылдың 3 ақпанында С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің студенттеріне «Қазақстан Республикасының Президенті және ұлтаралық келісім» тақырыбында дәріс өткізілді.

      Дәрісті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова оқыды.
      Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың көреген және сара ұлттық саясатының нәтижесінде пайда болып, бүгінгі таңда оны көптеген елдер қызығушылықпен зерттеуде. Мемлекет Басшысының бейбітшілік пен келісімді қолдау бойынша қызметі мен Қазақстанның өркендеуі жолындағы жасампаз қадамдарын әлемдік қауымдастықтар мойындады.
      Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдарында Орта Азия аймағы мен посткеңестік кеңістікте халықаралық саяси және экономикалық орталықтардың біріне айналды, барлық еуразиялық кеңістікте беделді саясаткер ретінде жетекші позицияны иеленді.
      Біздің республикамыз, этносаралық және конфессияаралық келісімнің жалпы көпшілік мойындаған оң тәжірибесіне ие бола отырып, өркениет диалогын әрі қарай дамытуға ұмтылуда Батыс пен Шығыс арасын байланыстырушы көпір іспетті.
      «Бейбітшілік пен келісім – түрлі жағдайлардың тоғысуы емес. Тәуелсіздік жылдарында құрғанымыз – бұл мемлекет пен біздің қоғамымыздың ұлы істері. Бұл біздің сақтауға тиісті ортақ игілігіміз» - деп мемлекет Басшысы ерекше атайды. Президент сонымен қатар қоғамдағы бейбітшілік пен келісім – елдің табысты дамуының негізгі шарты екенін де көрсетті. Қазақстан Тәуелсіздігінің жолы – біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның тағдыры үшін 140 этнос өкілінің жауапкершілік жолы. Өз игілігіміз – халықтар бірлігін сақтай отырып, оны өскелең ұрпақ пен жастардың бойына сіңіру өте маңызды.


      2011 жылдың 1 ақпанында МЭЛ № 1, ШГ № 17 оқушыларына «Қазақстан Республикасындағы құқықтық сана мен мәдениеттің қалыптасуы» дәрісі өтті.
      Дәріс Қазақстандағы құқықтық сана мен мәдениеттің дамуындағы өзекті мәселелерге, қазақстандық қоғамдағы құқықтық психология мен құқықтық идеология ерекшеліктеріне арналған.
      Дәріскер, Музейдің бас ғалым хатшысы т.ғ.к. Г.Қарагизова өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейі мен қазақстандық патриотизмнің қалыптасуындағы мемлекеттік саясаттың біртұтас, бірізділігін анықтауда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөліне ерекше мән берді.
      Дәріс тыңдаушылардың шынайы қызығушылығын туғызды. Қазақстандағы құқықтық мемлекет пен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы өзекті мәселелерін талдау оқушылардың келешекте аталған мәселелерді білуіне қызығушылығы мен белсенді позицияларын көрсетті.