2016 ж.
2016 жылдың 14 желтоқсанында № 47 «Балабақша-мектеп-гимназия кешені» және № 15 мектеп-лицейінің оқушыларына «Қазақстан – ғарыш айлағы» дәрісі өткізілді.
2016 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Астана қ. Білім басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстан халқының бірлігі – еліміздің кілті «Мәңгілік елге» айналу» атты тарихи кешін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ел тарихы мен мәдениетіне құрмет сезіміне тәрбиелеу.
№№ 4, 7, 40, 50, 58, 64, 73, 78, 80 мектептердің оқушылары қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында маңызды рөл ойнаған тарихи тұлғалардың бейнелері сомдалған әдеби-музыкалық композициялар ұсынды. Көріністерде ғасырлар бойы тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылған халықтың күресі көрсетілді.
Балалардың көріністері өте әсерлі болды. Әсіресе жас әртістердің тарихи оқиғалардан үзінділер орындауы көрермендердің үлкен ықыласын тудырды. Тарих беттерінен берілген қойылымдарда балалар өз жүректерінен ғасырлар қойнауындағы оқиғаларды өткізе отырып, актерлік шеберліктерін көрсетті.
«Балалық шағымның аспаны» қойылымында балалар Мемлекет басшысының балалық шағы туралы фильмнен үзінді көрсете отырып, қазақ халқының қонақжайлылығы мен кеңпейілділігін паш етті.
Қатысушылар «Халықтар достығы» композициясында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына негізделген еліміздің бірегей рухани бейнесі мен халқымыздың бірлігін анықтайтын этностар мен діндердің диалогын бейнелей білді.
2016 жылдың 8 желтоқсанында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Философия «созидательного лидерства» Н. А. Назарбаева» дәрісі өткізілді.
Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Ақтаева «жасампаз көшбасшылықтың» қазақстандық философиясы этникалық және конфессиялық дәстүрлер мен құндылықтардың көптүрлілігі жағдайында мәдениеттердің тиімді диалогын қолдауға негізделген жаһандық қауіпсіздікті жаңаша қарастырудан тұратынын атап өтті.
Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.
2016 жылдың 6 желтоқсанында Сауда-экономикалық колледжінің студенттеріне «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» дәрісі өткізілді.
Қазақстандық теңге басқа да рәміздермен қатар егеменді мемлекеттің нағыз атрибуты. Ұлттық валютаны енгізу дербес ұлттық экономиканың қалыптасуының бастапқы нүктесі, республикада нарықтық қатынастарды құрудың маңызды құралы болып табылады.
Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Ақпараттық орталығының жетекші сарапшысы Л.Қ. Бөкешова тыңдаушыларды Қазақстанның ақша бірлігінің енгізілу тарихымен, оның құрылу кезеңімен таныстырды.
Дәріс барысында Музей қорынан алынған жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар қолданылды.
2016 жылдың 8 қарашасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Еуразиялық одақ: сыртқы сын-тегеуріндер және ішкі ресурстар» дәрісі өткізілді.
Дәріс еуразиялық интеграция мәселелері мен осы процестегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың рөліне арналды. Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Ақтаева өркениет аралық кең ауқымды контекстегі Қазақстан Басшысының еуразиялық пайымдауы уақыт сынынан өткенін және толеранттылық, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау, өзара тиімді серіктестік қатынас қағидаларына негізделген мемлекетаралық саяси, экономикалық, мәдени өзара әрекет доктринасы ретіндегі геосаяси қажеттілік екенін атап өтті.
Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.
2016 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Ақиқат» дебаттық клубы Астана қ. Білім басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Астана қ. колледждері студенттерінің арасында «Әлемдік қауымдастық таныған ел» қалалық дебаттық турнирін өткізді.
Турнирдің мақсаты – жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, шешендік өнерді дамыту және қоғамдық-саяси өмірдегі өзекті мәселелерді талдай білуге үйрету.
Пікірталас барысында спикерлер келесі тақырыптарды талқылады:
1. Бұл палата «Мәңгілік Ел» идеясын жастар арасында насихаттаудың тиімді механизмін ұсынады.
2. Бұл палата батыс мәдениетіне шектеу қояды.
3. Бұл палата Қазақстандық жастардың инновациялық потенциалы жоғары деп есептейді.
Турнирге елорда колледждерінен 17 команда қатысты. Қызу талқыға түскен тақырыптардың бірі қазақстандық қоғамға батыс мәдениетінің әсері мен қазіргі заманғы жастардың әлеуеті туралы ойлар болды.
3 раундтан соң төрешілер ойын қорытындысын шығарды. Финалға «АКТК тарландары» (Көлік және коммуникация колледжі) және «Парасат» (Гуманитарлық колледж) командалары шықты.
Финалдық ойында қатысушылар «Бұл палата жаһандану ұлттық мәдениеттің жоюылуына әкеледі деп санайды» қарары бойынша ой бөлісті.
Нәтижесінде орындар келесідей бөлінді:
1 орын – «АКТК тарландары» (Көлік және коммуникация колледжі);
2 орын – «Парасат» (Гуманитарлық колледж);
3 орын – «Көшбасшы» (Гуманитарлық колледж).
Колледж студенттеріне арналған турнирді «Ақиқат» дебаттық клубы екінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Ойынға қатысушылар мен төрешілер ойынды жиі өткізіп тұрса деген ұсыныстарын білдірді. Себебі, мұндай турнирлер – қоғамдық-саяси өмірдегі өзекті мәселелерге өз ойыңды білдіру, пікір алмасу, шешендік қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Пікірталас алаңы – өз қатарластарымен қарым-қатынас жасау үшін қосымша мүмкіндік.
Дәстүр бойынша, ұйымдастырушылар «Үздік спикер», «Үздік бапкер», «Үздік төреші» номинациялары бойынша марапаттады. Ойынның жеңімпаздарына естелік сыйлар мен барлық қатысушыларға – сертификаттар табысталды.
Дебаттық турнирді өткізуде М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжінің директоры Әуесбаев Ерлан Тыныштықбайұлының басшылығындағы педагогикалық ұжымының қолдауы мен бірлескен жұмысын атап өтуге болады.
2016 жылдың 14 қазанында, 9 қарашада «Астана Медицина университеті» АҚ студенттеріне «Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» дәрісі өткізілді.
Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Б. Карагизова тыңдаушыларды қазақстандық қоғамның құқықтық санасының даму кезеңдерімен таныстыра отырып, мемлекеттің құқықтық негізінің нығаюында заңды жетілдіру, заңдылықты, құқық қорғауды бекіту, адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету және дамыту, тұлғаның құқықтық мәдениетін жоғары деңгейге жеткізу үлкен рөлді атқаратынын атап өтті.
Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фотоқұжаттар қолданылды.
2016 жылдың 23 қыркүйегінде «Астана» Университетінің студенттеріне «Еуразиялық одақ: сыртқы сын-тегеуріндер және ішкі ресурстар» дәрісі өткізілді.
Дәріс жаһандану жағдайындағы еуразиялық интеграция мәселелеріне арналды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Ақтаева Еуразиялық одақ – еркіндік, толеранттылық, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға, өзара тиімді серіктестік қатынас орнатуға негізделген мемлекетаралық саяси, экономикалық, мәдени өзара әрекет екенін атап өтті.
Белсенді диалог жасау барысында тыңдаушылар қазіргі заманғы еуразияның интеграциялық және экономикалық аспектісі туралы пікірлермен алмасты.
Сабақта музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар қолданылды.
2016 жылдың 5 шілдесінде № 14 мектеп-гимназиясы және № 16 орта мектебінің оқушыларына «Астана – тәуелсіз Қазақстанның нышаны» дәрісі өткізілді.
Астана – бұл еліміздің мемлекеттік, қоғамдық және мәдени өмірінің орталығы. Қазақстанның жаңа елордасын құру Мемлекет басшысының идеясы. Дәріскер, ҚР ТПМ Ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Н.Қ. Мусина Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Астананы құрудағы рөлін аша отырып, еліміздің бас қаласының қалыптасуының негізгі кезеңдерін, сәулет құрылысының тарихын, елорда құрылғаннан бері түрлі уақытта өтіп жатқан маңызды саяси және мәдени оқиғаларды әңгімелеп берді.
Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.
2016 жылдың 26 сәуірінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру мәселелері» дәрісі өткізілді.
Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы С.А. Коновалов «Қазақстан-2050» Стратегиясы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына» ел тұрғындарының қатынасы туралы» тақырыптық зерттеуінің мәліметтерін ұсынды.
Дәріс барысында әлеуметтанушы-ғалым қазіргі заманғы ақпараттық қайнар көздер, әлеуметтік желілердің рөлдері, отандық киноиндустрияға қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.
2016 жылдың 20 сәуірінде № 7 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» дәрісі өткізілді.
Дәріскер, Музейдің ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Г.Ә. Рамазанова оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұранның жасалу және қабылдану тарихы туралы айтып берді.
Білім беру бағдарламасына қатысушылар мемлекеттік рәміздер эталонын Алматыдан Ақмолаға көшіру тарихымен танысып, Тұңғыш Президент Музейінің қорынан алынған бірегей мұрағаттық құжаттар мен сол тарихи күндерден куә болған бейнежазбаларды көру мүмкіндігіне ие болды.
2016 жылдың 15 сәуірінде Астана қ. жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне «Қазақстан-2050 Стратегиясын жүзеге асыру мәселелері» шеберлік сыныбы өткізілді.
Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы С.А. Коновалов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы – экономика, саясат және қоғамды қайта құрудағы ииновациялық жол, мақсатты болжам жасаудағы жаңа қадам екенін атап өтті.
2016 жылдың 29 наурызында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның этносаралық келісімді үндестірудегі рөлі» дәрісі өткізілді.
Дәріскер, директордың орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова Қазақстанда жүзеге асырылып отырған әріптестіктің ерекше көрінісі, халықтардың өзара мәдени байланысы еліміздің дамуына маңызды түрткі болатынын атап өтті. Жалпы қазақстандық бірліктің үлгісін қалыптастырудағы маңызды рөлді Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен құрылған – Қазақстан халқының Ассамблеясы атқаруда.
Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.
2016 жылдың 16 наурызында «Тұран-Астана» университеті мен Политехникалық колледждің студенттеріне «Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» дәрісі өткізілді.
Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметін саралап берді.
Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.
2016 жылдың 14 наурызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тұлғаны лидерлік қасиет пен кәсібилікке тәрбиелеудегі әлеуметтік институттардың рөлі» ғылыми жобасының аясында Астана қ. жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушыларының арасындағы халықаралық жобалар мен республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары үшін «Мақсатқа қол жеткіздің жолдары» семинар-тренингі өткізілді.
Тренинг барысында Тұңғыш Президент Музейіндегі білім беру жобаларының белсенді қатысушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері Ұлан Айхожаев, Абай Сейфоллаұлы және музей педагогтары оқушыларға арнап тұлғаның лидерлік және коммуникативтік қасиеттерін, өзіндік санасын, талдау жасай білу білігі мен дағдысын, рефлексиялау мен белсенділікті, креативтілікті дамытуға бағытталған тренингтік сабақтар өткізді. Олар сонымен қатар Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындалу барысындағы өз тәжірибелерімен де бөлісті.
2016 жылдың 2 наурызында Астана қ. тарих пәні мұғалімдерінің аттестациясы бойынша экспериментальды алаңның жұмысы аясында «Аттестация – шығармашылыққа жету жолдары» семинары өтті.
Экспериментальды алаңның негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің оқу-тәрбие үрдісіне интерактивті ресурстарды енгізу, озат педагогикалық тәжірибені тарату, шығармашыл бастаманы дамыту.
Музей педагогтарымен бірлесе отырып, «Сайлау – халық билігін жүзеге асырушы механизм» тақырыбындағы ашық сабақты келесі мұғалімдер дайындап өткізді:
- Шапиева Г.Ш. (№ 8 орта мектебі) – жоғары санатқа;
- Ахметова Г.М., Мизамбеков К.О. (№ 37 орта мектебі), Әлиев Е.Е. (№ 53 мектеп-лицейі) – бірінші санатқа.
Рөлдік-іскерлік негізге құрылған сабақ барысында оқушылардың арасында Астана қаласы жастар мәслихатының депуттатығына сайлау ұйымдастырылды. Оқушылар «Құқықтану негіздері» пәнінде алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсете отырып, сайлауалды бағдарламалары мен түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
№ 37 орта мектептің 10-сынып оқушысы – депутаттыққа үміткер Орынбасарова Әйгерімнің бағдарламасында жастар мәселесі туралы айтылып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Екінші үміткер – № 53 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Мухамадияр Балнұр да жастардың өзекті мәселелерін қозғап, оны шешудегі өз қадамдарын ұсынды. Сабақ барысында БАҚ өкілдері ретінде қатысқан оқушылар үміткерлерге өз сұрақтарын қойып, орнықты жауап алса, Түркия, Ұлыбритания, Белоруссия, Ресейден келген бақылаушылар рөлін ойнаушылар өз сөздерінде сайлаудың халықаралық талаптарға сай өткенін атады.
Сайлаушылар – Астана қ. білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері мен оқушылар сайлауалды компания кезінде үміткерлердің ұсынған бағдарламасымен танысып, өз таңдауларын жасады.
«Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Ш.Ш. Қожахметов өз сөзінде оқушылардың белсенділігі мен аттестациядан өтуші мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жоғары бағалай отырып, мұндай сабақтардың оқушы жастардың бойында лидерлік қасиет пен шешендік шеберлікті дамытуға тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Педагогтар кеңесінің мүшелері, мұғалімдер, қонақтар сабақтың дайындығын, шығармашылық жаңашылдығын, сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер мен көрнекі құралдардың алуан түрлілігін жоғары деңгейде бағалады. Мұғалімдер Музей педагогикасы орталығының қызметкерлеріне аттестациядан өтуші ұстаздардың музей сабағын дайындаудағы әдістемелік көмегі үшін алғыстарын білдірді.
2016 жылдың 11 ақпанында «Тұран-Астана» университетінің студенттеріне «Еуразиялық одақ: сыртқы сын-тегеуріндер және ішкі ресурстар» дәрісі өткізілді.



